Өткен жылдан бері жастар саясатында «NEET жастар» деген ұғым пайда болды. Бұл сөздің мән-мағынасын жастар саясатына жауапты басқарма мамандары оқу бітіргеннен кейін алты ай көлемінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген жастар осы санатқа жатады деп түсіндіруде. Елімізге енген NEET терминін тарқатып айтсақ, «Not in Empoloyment. Education or Training», яғни «не жұмыс жасамайтын, не оқымайтын, өзге де істермен айналыспайтын» деген мағына береді екен. […]
Толығырақ ›Жанайқай
Өгей жандар қоғамға да өгей ме?
ӨГЕЙЛЕР — ӨШ АЛУДЫҢ ҚҰРБАНЫ Бүгінде айналамызда жиілеп кеткен жан түршігерлік қылмыстардың құлағымызға сіңісті, көзімізге үйреншікті болып кеткені сонша, жүрегімізбен қабылдамай, жүре тыңдайтын, өзгенің тағдырына жанымыз ауырмайтын халге жеткендейміз. Бұл не, адамдықтан алыстап, азғындай бастағандығымыздың белгісі ме?.. Бұл орайда, біз қозғайтын әңгіме күйеуінен кек алу үшін кішкентай ғана сәбиін аяусыз сабаған немесе өз баласын көпқабатты үйдің терезесінен лақтырып жіберген қатыгез […]
Толығырақ ›24 мың теңгеге жан бағуға бола ма?
Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің уақыт талабына сай емес екені айтылып та, жазылып та келеді. Ол қазақстандықтардың нақты шығынын көрсете алмайды. Бұл өзі әбден жауыр болып біткен тақырып. Десе де, мәселенің шешімін табар түрі байқалмайды. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 24 459 теңге болып өскені белгілі. Алайда қалың жұрт бұл соманың жан бағуда жетпейтінін айтып зар […]
Толығырақ ›Мұңыңды мұңдаған, жоғыңды жоқтаған «ҚАЗАҚСТАН ZAMAN» қалқаның болып қалады
Ассалаумағалейкум, құрметті оқырман! Өздеріңізге белгілі, қалыптасқан дәстүріміз бойынша, өткен 2016 жылы газетіміздің бетінде мемлекетімізге, ұлтымызға, қоғамға, әлеуметке, тіпті жеке тұлғаларға қатысты келелі мәселелер көтере отырып, жарық көрген көптеген мақалаларымыздың арасынан біразын іріктеп алып, назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік. Ескерте кететін бір жайт, ресми жыл аяғында жасаған бұл сараптамамызда тарих, саясат, экономика, әдебиет, өнер, экспедиция т. б. толып жатқан айдарлардың бәрін қамтуды […]
Толығырақ ›Бұл алалау ма, әлде қудалау ма?
Алып шаһардағы теміржол бекетінің басшылығы мен вокзал маңындағы дүңгіршектер иелері арасындағы даудың басталғаны бүгін емес көрінеді. Жеке кәсіпкерлердің айтуларынша, осыдан төрт жыл бұрын теміржол басшылығының ауысуымен олардың да күндері қараң болған. Құқықтары тапталған жеке кәсіпкерлер ашынғаннан Мәжіліс депутаттарына арыз түсірген. Кәсіпкерлікті қолдау мен ынталандыру бүгінгі күні мемлекетіміздің алдындағы өзекті мәселелердің бірі болса, кәсіпкерлеріміздің бұл жанайқайы не жанайқай? Біз де мәселемен […]
Толығырақ ›«Қыршын» кеткен үйлер, жылаған тұрғындар обалы кімге?
Қазақстанда салынған, салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасы сын көтермейтінін айта-айта жақ талып, тіліміз кезең болғаны қашан. Кейде біздегі құрылысшылар үйді қасақана сапасыз тұрғызатындай көрінетіні бар. Бәлкім, олар сол арқылы елдегі жұмыссыздықты ауыздықтап, көп адамның жұмыстан қағылмауын көздейтін болар, кім білсін. Әйтпесе, бүгін салған тұрғын үй кешені ертең сыр беріп, қабырғалары қақырап сөгіліп, іргетасы қисайып, төмен шөгіп, бара-бара төбелері құлап, сылақтары […]
Толығырақ ›Шу өңіріндегі алапат ашаршылық
31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ХХ ғасырдың 30-жылдарында Қазақстанда ұжымдастыру саясаты шаруалардың еркінен тыс күшпен жүргізілгені белгілі. Коммунистік партияның 1927 жылғы ХҮ съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Ұжымдастыру және сонымен бірге отырықшыландыру халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі өркениет негізінде жасалған дәстүрлі мал шаруашылығын күйретіп, қазақ қоғамының әлеуметтік негізінің жойылуына әкеп соқты, соның салдарынан […]
Толығырақ ›Заңның заңды түрде жүзеге асуын талап етемін!
«Қашқынға» «қуғын» жоқ 2014 жылдың 15 қарашасы күні мені Алматы қаласы Өжет ықшамауданында көлік қағып кетіп, бір айдай ауруханада жатып шыққаным жайлы бұған дейін де жазғанмын. Содан кейін сотқа жүгіндім. Қалалық әкімшілік сот болды. Сот төрағасы Р.Алиева Б.Мырзағазинді толық кінәлі деп тауып, оған 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Дегенмен «тентекті тезге салуға асықпай», жүргізуші куәлігін қайтарып берді. Менің […]
Толығырақ ›Mемлекеттік құжатым бар, жерім жоқ
Редакциямызға Алматы қаласы Жетісу ауданындағы Мартынов көшесінің тұрғыны, жазушы-әлеуметтанушы, Семей полигонының зардабын көрген зейнеткер Асқар Сәрсенбайдың өз қолымен әкелген арызында; оның жоғарыда көрсетілген мекенжайда 1976 жылдан бері, қырық жылдай уақыт тұрып келе жатқандығы, сол бір Кеңестік дәуір кезінде 4 (төрт) пәтерге, яғни төрт адамның меншігіне жалпы көлемі 0,0804 гектар (8 сегіз сотық) жер телімі белгіленіп, шамамен 2 сотықтан (нақты көлемін […]
Толығырақ ›Арсыз жарнамаға заңмен тыйым салынсын!
Ұят өлді… Қоғам бұзылып барады. Үйде теледидарда кинода жалаңаш әйел, бес минут сайын берілетін жарнамада кез келген тауарды жарнамалап жатқан жалаңаш әйелдің тәні, көшеге шықсаң, үлкен билбордтарда жалаңаш әйел, дүкендердің сыртында да жалаңаш әйел…Еті үйреніп, жүрек деген асыл ұяда ұят өлгендіктен, үлкендер тәйт деуден қалып, жастар ашық-шашық киінуді сәнге айналдырды. Отбасы құндылығы жойылды. Кезінде дастарқан басында, теледидардан қыз баланың қолынан […]
Толығырақ ›










Пікірлер