Декреттегі әйелдерге берілетін жәрдемақы

98564_orЕң төменгі жалақының 10 айлық көрсеткішінен жоғары алатын әйел биыл декреттік демалысқа шыққан кезде декреттік төлемақы ретінде 213 640 теңгенің төрт еселенген мөлшерін ғана алады. Яғни 213 мың теңгеден жоғары жалақы алатын келіншектерге сақтандыру қорынан 807 559 теңге “декреттік” беріледі. Ал жалақысы бұл мөлшерден төмен әйелдердің алаңдауға негізі жоқ. Себебі олардың төлемдері бұрынғы тәсілмен есептеледі. 2015 жылы — айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) — 1982 теңге; жалақының ең төменгi мөлшерi (ЖТМ) — 21 364 теңге; мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi (МБЗ) — 11 182 теңге; зейнетақының ең төменгi мөлшерi — 23 692 теңге; ең төменгi күнкөрiс деңгейi — 21 364 теңге мөлшерінде белгіленген. Елімізде баланың тууына байланысты тағайындалатын төлемақының үш түрі бар. Олар: 1.Жүктілігі және босануға байланысты төлем; 2.Бала тууына байланысты біржолғы тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы; 3.Бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы.
«Декреттік» төлемақы — жүктілігіне және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем. «Декреттік» төлемақы сақтандыру қорынан тек жұмыс істейтін әйелдерге бір рет төленеді. Төлем мөлшерін анықтау үшін жыл бойына жалпы табысты 12 айға бөліп, 4,2 коэффицентке көбейту керек. Шыққан соммадан 10 пайыз әлеуметтік төлем мөлшері шегеріп тасталады. Мәселен, айлық жалақысы 50 мың теңгені құрайтын әйелдер жыл бойы 600 мың теңге мөлшерінде табысқа қол жеткізеді. Яғни: 600000/12*4,2-10%=189000. Демек, жалақысы 50 мың теңгеге тең болған әйелге 189 000 теңге төленеді. Ескеретін тағы бір жәйт — әйелдің жұмыс өтілі 1 жылға жетпесе де, жалпы сомма 12 айға бөлініп есептеледі. Ал егер әйелдің еңбекақысы 10 ЕТЖ-дан асатын болса, декреттік төлемді есептеуде тек максималды көрсеткіш (биылғы жылы 213 640 теңгеге тең) ғана қабылданады. Бұл жағдайда: 213 640*4,2-10%=875 600. Демек, әлеуметтік сақтандыру жүйесінен 875 600 теңге көлемінде декреттік төлем төленеді. Бала туғанда тағайындалатын бір реттік мемлекеттік жәрдемақы барлық босанған әйелдерге төленеді және бала санына қарай өзгеріп отырады. І, ІІ және ІІІ балаға — 59 460 теңге (30 АЕК); IV және одан артық балаға — 99 100 теңгені (50 АЕК ) құрайды. 1 жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы да барлық босанған әйелдерге беріледі. Алайда оның соммасы жұмыс істейтін және істемейтін әйелдер үшін әрқалай. Мәселен, жұмыс істейтін әйелдер баласы 1 жасқа жеткенше, жалақысының 40 пайызын алып отырса, жұмыс істемейтін әйелдерге бюджеттен бала 1 жасқа келгенше: І балаға — 10 901 теңге (5,5 АЕК); ІІ балаға — 12 883 теңге (6,5 АЕК); ІІІ балаға — 14 865 теңге (7,5 АЕК); IV және одан да артық — 16 847 теңге (8,5 АЕК ) шамасында жәрдемақы төленіп отырады. «Декреттік» төлемді алу үшін: жеке басты куәландыратын құжатын; тұрғылықты мекенжай анықтамасын; уақытша еңбекке жарамсыздық парағын; соңғы 12 күнтізбелік айдағы жұмыс орнынан табыс туралы анықтаманы; банк операцияларын жүзеге асыратын басқа ұйымдарда немесе банктерде ашылған банк шоттары туралы анықтаманы тапсыруы қажет. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұлғалар: жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін; салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша салық органы берген салыстыру актісін ұсынуы керек.
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін: жеке басты куәландыратын құжатын; тұрғылықты мекенжай анықтамасын; бала және балалардың туу туралы куәлігін; банктерде немесе банк операцияларын жүзеге асыратын басқа ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы анықтаманы тапсыруы керек. Жоғарыда аталған қосымша құжаттар түгел тапсырылғанда ғана әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер 1 ай ішінде тағайындалады.



25 пікір

  1. Динара Маманова:

    Сәлеметсіздер ме?
    Мен екі балалы анамын. Үшіншіме аяғым ауыр. Мемлекеттік қызметкермін. Ай сайынғы жалақым 57000тг. Декретке шығу уакытыммен косканда 1 жылға толады. 1 жыл толық жұмыс істесем, 40 пайыздық көмекті ала аламын ба?Екінші баламды босанғанда ГЦВП -дағы қызметкерлер сізге 40 пайыздық жеңілдік берілмейді деп қысқа қайырған. Ал бұл жолы қалай болар екен? Соны білгім келеді. Жауап береді деп үміттенемін.

    • Мико:

      Сәлем. Оны заңгерден сұрағаныңыз абзал.

  2. Айгерим:

    Саламатсыздар ма… мен 4 жылан бери мектепте мугалиммин,дегенмен казирги жасап жатырган мектепке 2015 жылдын кыркуйек айында орналастым буган дейн баска мектепте истеп келдим,2016 жылдын шилде айынын басында кезекти енбек демалысына шыгамын сонымен катар менин декретке шыгу уакытым шилденин аягына келип тур осы орайда отпускной мен декреттик толем калай жузеге асады екен? 2016 жылгы есептеулер бойынша….

  3. бакыт:

    салеметсіздер ме мен казирги кезде декретте отырмын балама 10 ай екінші балаға аягым ауыр Декркеттік төлем ақыны қалай алуыма болады

    • Мико:

      Оны заңгерден сұраңыз. Солар жақсы біледі.

  4. Жанна:

    Салеметсиздер ме!!! Менин 12 айлык енбек корсеткишим 980мын болып тур. Ал декреттик акшам 230мын гана. Осы толенген акша дурыс па??? Отинем жауап берулеринизди сураймын.

  5. жанар:

    Менің айлығым 58 000мың теңге аламын.Декреттік демалыс қалай есептеледі. До родовой после родовой екеуі бірге есептелеме, сонда қанша ақаша алуым керек.

    • Мико:

      Жанар тәте, заңгерден сұрасаңыз, жақсы жауап ала аласыз.

  6. Салтанат:

    Саламатсыздарма мен декреттік демалыска шықым құжжаттарымды тапсырып едім сатц.нологке 300тгден артық аударыпты соны дұрыстап кел деп құжжаттарымды қабылдамай отыр енді нестеуге болады артық төлегенде?

    • Мико:

      Салтанат ханым, заңгерлерден сұрағаныңыз дұрыс. Толыққанды жауап береді.

  7. Клара:

    Мен 2005 жылдан бастап жұмыс истеп келем бир жылгы пенсионный фонд 92000 тг менин стаждарым толене ма биринши рет шыгам декретке

  8. Айгерим:

    Сәлеметсіздер ме? мен жумыста договор бойынша 1 жыл толык истеп договор биткеннен кейін тагы осы жумыскановы договормен кирдим, алдынгы 1 жылды есептемегенде, истеп жатканыма 4 ай болды, аягым ауыр, мен 7 айда декретке шыгуым керек менін алдынгы жылғы жұмысым есептелеме жок па или осы жылғы енбегим ғана есептелеме? билетин болсаныздар көмектессеніздер , тагы да айта кететін бір сурак егер менін денсаулыгым 9 ай жұмыска шыдаса мен жұмыс істей берсем, маган декреттік төленеме?

    • admin:

      Бухгалтериядан немесе заңгерден сұрап білсеңізші, тәте

  9. Балнур:

    салеметсіздерме. жылдық табысым 1 370 360,80 мын тенгені құраганы туралы спарвка алдым маган туганга дейінгі декретный канша шыгатынын есептеп бере аласызба?

  10. Шынар:

    Cәлеметсіздер ме? Менің аяғым ауыр үшінші балама. Мен мұғаліммін. Қазіргі таңда мен еңбек демалысындамын 1 маусымнан бастап ақша төленді. Жұмысқа 27 шілдеде шығуым керек еді, дәрігер 30 апта болды маусым айының 27 бастап декреттік демалысқа шығасыз дейді. 30 апта болды. Сіздерден сұрайын дегенім мен қазір декреттік отпускаға шықсам маған декреттік жәрдем ақы қалай төленеді. 4 айға толық төлене ме, әлде жартылай ма? Алдын-ала рахиет!

  11. Айдана:

    Cәлеметсіздер ме? Менің аяғым ауыр бірінші балама. Сіздерден сұрайын дегенім мен декреттік отпускаға шыққанда декреттік жәрдем ақы қай жақтан жасатуға болады прописка Алматы облысында немесе пропискасыз Алматы қаласынан жасатсам болама?

  12. мария:

    саламатсыздар ма? мен екі жерде жұмыс жасаймын. бір жерде толық, екінші жерде 0,5 ставкамен. 0,5 ставкамен мен декретке шыға аламын ба

  13. Меруерт:

    Салеметсизбе менин жалакым 42000 мын Жумыс истегениме 1 жыл болса декрет канша шыгады

  14. Əдемі:

    Декретке шығатын уақыты да 7 ай ғана жұмыс жасадым. Айлығы 30000. Декретке қанша аламын

  15. Жанна:

    Сəлеметсіздерме менің сұрағым əкесінің атынан декретке шыгуга боладыма кандай кужат керек.Алдын-ала рахмет

  16. Махаббат:

    Сәлеметсіздер ме?
    Мен екі балалы анамын. Үшіншіме аяғым ауыр. Мемлекеттік қызметкермін. Ай сайынғы жалақым 64000тг.3 жыл толық жұмыс істедім, 40 пайыздық көмекті ала аламын ба?Екінші баламды босанғанда ГЦВП -дағы қызметкерлер сізге 40 пайыздық жеңілдік берілмейді деп қысқа қайырған. Ал бұл жолы қалай болар екен? Соны білгім келеді. Жауап береді деп үміттенемін.

  17. Гулжан:

    Сәлеметсіздер ме? мен екіншісіне аяғым ауыр. 24 Қаңтар айынан бастап декретке шықтым. мектепте мұғаліммін 105 000тг аламын. декреттік ақша қанша аламын.