Елші А.Әбибуллаев қызметінен неге кетті?
ҚР СІМ баспасөз қызметі: «2017 жылғы 9-ы ақпанда өткен ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысы барысында ҚР Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.И.Әбибуллаевты шаруашылық жүргізуші субъектілерінің коммерциялық қызметіне араласуға әрекеттенумен байланысты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселесі қаралды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша А.И. Әбибуллаевқа қызметке сәйкестігінің толық еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс енгізуге шешім қабылданды»,— делінсе, сол ұсынысқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін 2016 жылдың 11 мамырынан бері атқарып келген Алтай Әбибуллаев Мемлекет басшысының шешімімен 2017 жылы 1 наурызда қызметінен босатылды.
Пікірлер