Қыздарымызды келімсекке қатын етіп, несіне бөрік киіп жүрміз?!

Қазақ  қыздарының  басқа  ұлтқа күйеуге шығуы жайындағы пікірталас басылым беттерінде жиі жазылғанымен, мұның себебіне әркім әрқалай жауап айтып жүр. Сайып келгенде, мұны екі адамның жүрек қалауы бойынша жарасуы деп тұжырымдаймыз.

Қыздарымызды  келімсекке қатын етіп,  несіне бөрік киіп жүрміз?!Ата-баба салтында қыздарын қонақ деп төрге отырғызып, еркіндікте өсірген қазақ оларды елдің көркіне балаған. Осы қыздардан ана атанғанда батыр мен дана да, хан мен қара да өмірге келіп, ұлтымыздың мәңгілігін жалғастыруда.  Ұлдарының бойына ақ сүтімен ерлік пен елдікті сіңіріп, қыран самғау қайрат қуатын кіндік қанымен дарытқан қазақтың барлық аналарына қандай мадақ айтса да лайық. Осы күнге жеткізген сол ұлттық тәрбиемен сусындап, ата салтымыздың уызына қанған ұрпақтар. Солай бола тұрса да, қазіргі кезде кейбір қыздарымыздың «жат жұрттық» деген сөзді тура мағынасында қабылдап, мұхит асып жатқандары, әсіресе шет тілдерін үйренген сайын олардың жылдан-жылға көбейе түсуі астарында не себеп бар екен?

Егемендік алған 90-жылдардың басында Атырау жерінде мұнай саласы кәсіпорындарына шетелдіктер ағылып келе бастады. Алдымен венгер мамандары мен жұмысшылары Теңіз кеніші құрылысы басталуына орай мыңдап келді. Заманның алағай да бұлағай қиын-қыстау кезеңінде жүз-жүздеген қазақтың өрімдей қыздары мадияр жігіттеріне жар болып, Венгрияға кете барды. Қазір Венгрияда атыраулық қыздардың отбасыларынан тұратын тұтас бір ауыл бар деп естиміз. Жақсы, венгрлердің мадияр тайпасы қазаққа жат емес, дегенмен «құтыла алмай отырған қызымыз жоқ» деп отыздағы бикешімізге көршіміз құда түсуге келсе де шалқаятын қазақ емеспіз бе! Атырау қыздарының топырлап румынға, итальяндыққа, шотландыққа, ағылшынға, голландыққа, канадалыққа күйеуге кетіп жатқаны жанды ауыртады. Қыздар болғанда қандай, Қыз Жібектей ақылды да көрікті, ағылшынша сайрап тұрған мамандық иелері. Өткен жылы таныс келіншектің күндей көркем қызы индуспен тұрмыс құрып, балалы болды. Тағы бір құрбымның қайын сіңлісі Австралиядан келіп, Атырауда жұмыс жасап жүрген ағылшын жігітіне қазақша құда түсіріп, той жасап ұзатылды.
Индусқа шыққан таныс келіншегімнің жалғыз қызы еді. Жолдасы араққа салынғасын ажырасып кетіп, қызын өзі өсірген. Анасының өзін мәпелеп, оқытып, тоқытқан сәттердегі қиындықтарын көріп өскен қызы ақылды, тәртіпті бойжетті. Бірақ жетпей қалғаны әке махаббаты, мейірімі шығар деп ойлаймын. Сондықтан жар таңдауда тек өз қазағыма жар болам деген сезімнің бойында болмағанын айтсаңызшы.
Ал австралиялыққа тұрмысқа шыққан ауылдың қызы да мұнай кәсіпорнында жүріп танысып, жүрек қалауымен кетіп отыр. Әңгіме барысынан білгеніміз — Австралияның қызымыз келін боп түскен қаласындағы сол көшеде бірнеше қазақ қызы келін екен. Олардың тәрбиелілігіне, шаруашылыққа икемділігі мен бала күтіміне жауапкершілігіне сүйсінген көршілер енді ұлдарынан тек қазақ қызына үйленуді сұрайтын көрінеді. Біле білсек, Австралияда ауыл шаруашылығы жақсы дамыған, соның ішінде қой шаруашылығы. Өткен жылы күзде Құрманғазы ауданының тағы бір қызы, яғни кеткен қыздың құрбысы күйеу жігіттің досымен шаңырақ көтерді. Осыдан бірнеше жыл бұрын облыстағы ең қазақы жер болып саналатын Қызылқоға ауданының бір отбасының үш қызының екеуі бірі жапон жігітіне, бірі шотландық жігітке күйеуге тиіпті дегенді естігенде, таңданғанымыз рас. Содан соңғы қызы қазақ жігітіне тиетінін айтқанда, әкесі қуанғанынан: «Өзімнің қазағыммен құда болатын болдым», — деп еңіреп жылапты.

Қыздарымызды  келімсекке қатын етіп,  несіне бөрік киіп жүрміз?!

Атырау аймағы өнеркәсіп мекемелері шоғырланған облыс болғандықтан, мұнда сан алуан маман, қызметкерлер әр елден көп келеді. Он мыңдаған жігіттер өз еліміздің өзге қалаларынан да вахталық әдіспен жұмысқа келіп-кетіп жатады. Осыны есепке алғанда, облыс қыздары кәрі қыз болып қаларлықтай жағдай қалыптаспаған деуге болады.
Соңғы жылдардағы деректермен танысу үшін қалалық Әділет басқармасының жетекші маманы Гүлнара Мәдиқызы Губашевамен әңгімелестік. «Шетел азаматына тұрмысқа шығып жатыр деген сөзге қазір ешкім де таңырқамайтын жағдайға жеттік. Себебі, міне, ондаған жылдар бойы мыңдаған қыздарымыз өзге ұлт өкілдерімен шаңырақ көтеріп, туған жерінен жыраққа кетуде. Біздің қыздарға үйленіп, Қазақстанның азаматтығын алып, осында қалып жатқандары да бар», — деп, Гүлнар Мәдиқызы бірнеше мысалдар келтірді. Жергілікті қазақ қызын жар еткен итальяндық жігіт Жұмыскер елді мекенінен жер алып, үй салып жатқан көрінеді. Қазақстан азаматтығын алу мерзімі де жақын қалыпты. Атыраулық қыздардың шетелдіктерден ажырасып қайтып келгендері жоққа жақын. Тек бірлі-жарым болмаса. Бәрі де «барған жерлеріне тастай батып, судай сіңіпті».
Қалалық Әділет Басқармасының АХАТ мәліметіне орай, Атырау қаласы бойынша шетел азаматымен 2011 жылы — 113 неке, 2012 жылы — 126 неке, 2013 жылы 127 неке қиылыпты. Бұлардың көпшілігі Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қарақалпақстан азаматтары. Сонымен қатар біздің қыздарымыз Италия, Австрия, Шотландия, Англия, Канада, Индия сияқты елдерге де ұзатылған. Осы деректерге қосымша жас шамаларын да анықтағанымызда, Түркия, Ресей, Өзбекстан елдері жігіттерінің жасы қыздарымызбен шамалас болса, Италия, Канада, Шотландия, Австриялық «күйеу балаларымыздың» жасы 55-65-тің арасында көрінеді, ал қалыңдықтары 25-35-тің арасындағы бойжеткендер.
Иә, бұлардың бәрі де бірлескен шетелдік компанияларда жұмыс жасай жүріп танысып, отбасын құрып жатқандар. Арасында бір-екі ғаламтор желісі арқылы танысып қосылғандар да бар. Аудандар арасында шетел азаматтарымен жұп құрудан Жылой ауданы мен Құрманғазы, Исатай аудандары аталды. Қытай, Біріккен Араб Әмірлігі азаматтарына тұрмысқа шыққан қыздарымыз жоқ екен. Әділет басқармасынан тағы бір білген дерегіміз — шетелдіктермен «азаматтық неке» деп бірге тұрып, балалы болып жатқандар да баршылық болып шықты. Тіпті, ондайлар көп деп қалды. Заңымыз бойынша, некесіз туған мұндай балаларға әкесі мойындаса немесе дәлелденсе, әкесінің тегі мен ұлтына құжат беріледі.
Сонымен, «шетел асып күйеуге шығу бақыты жайында қыздарымыз ойланып, толғанып шешімге келді ме екен, ол жақтағы өмірлеріне риза ма екен?» — деген сұрақ туындайды. Дегенмен, туған жерге сағыныш пен ата-ана, бауырларына деген қимастық сезім жүрек түкпірінде бұғып жатыр ма?
Күнде скайпқа шығып, төркінімен, ауылдағылармен сөйлесіп, екі ұлына қазақша тіл сындыртып жүрген Шотландиядағы бір қызымыз даланы сағынатынын айтып, кейде көзіне жас алатын көрінеді. Күнде бауырсақ пісіріп, ет асады екен. Ал шашы ағарған жұбайы шемішке майдың исінен жүрегі айныса да шыдап, бар жағдайды жасап, алақанына салып, бағуда. Осындай-осындай әңгімелерден кейін кейбір бойжеткен қыздарымыздың өзге ұлтқа, шетелге кетуі жөнінде көкейге сан түрлі ой келеді. Атырауда қазақты қайын ата қылғысы келетін шетелдіктер көбейіп тұр. Бұған сіз не дейсіз, ағайын?

Светлана Муньянова



12 пікір

  1. Ерлан Әбдірашитұлы:

    Светлана Муньянова!
    Сіздің жазып жатқаныңыз жәй мақала емес!
    Бұл мәселеге ел болып дабыл қағатын уақыт кеді!
    Ал қазақ қыздарының Қытайға тұрмысқа шыққандары қанша?
    Негрлерге шыққандары да жоқ емес!
    Кезінде депутат болған Бекболат Тлеуған бауырымыз, парламентте осыған байланысты талай рет шырылдап еді. Әттен қайтеміз енді парламеттің кімдер отырғандарын біздер жақсы білеміз. Оған құлақ асқан ешкім болмады. Керісінше Бекболатқа күліп отырды емес пе?
    Көптеген қазақтар: «Әй, қойшы! Әйтеуір бақытты болса болды! Қазағымның өзі жетісіп жатқаны шамалы!» деген құлдық психологиядан арыла алмай тұр! Бұл ҰЛТЫМЫЗДЫ ТЕКСІЗДІККЕ апаратын жол екенініне көздерін ашса ғой!
    Осындай мақалаларды оқысам, жүрегім ауырады!

    • Porsuk:

      «Қазағымның өзі жетісіп жатқаны шамалы» деген әрине қыршаңқылық сияқты, бірақ дәл осы жерде құлдық психологияның түк қатысы жоқ. Одан да шындыққа тіке қарай алмаймыз, көзіміз қарығады демейміз бе. Жарайды дейік, олай болса «құл болмай-ақ» жүрейік те бір — бір шырақ алып, көрінген қатынның етегін аңдып. Төмендегі Е. Сейтқали пікірі нақты мәселені қозғап отыр,оған себеп көп. Мүмкін қоғамға Сталин кезіндегідей тотальдік контроль орнатармыз, әлде Ирандағыдай моллакратия жүйесі керек шығар? Бірақ осы екі системаның да өзін-өзі ақтағаны шамалы, екі есе қысым бар жерде төрт есе кері серпін те болатынын ұмытпаған жөн. Кез-келген адам тәрбиені өз отбасынан бастасын, жұртқа ақыл айту ең оңай шаруа.

  2. Айна:

    Араларында шын сүйіп,кеткендері де бар шығар….бірақ осы сәнге айналып кеткен сияқты….Ойлаааннн қаазақққққққққққ

  3. Ерлан Абдрашитулы:

    Айна!
    Қазақ өз ұлтын иманындай жақсы көрсе, қазақтың бірде бір қызы бұндай сорақылыққа бармас еді.
    Ең алдымен ұлтыңды, сүй!

  4. Е,Сейтқали:

    Өзекті мәселе, орынды жазылған, деректері де шынайы берілген. Ал енді кетер қыздар кетті, енді салдармен емес, себеппен күресу керек секілді бізге. Осының себебін іздейікші, ақша үшін бе әлде жасы өтіп бара жатқасын қазақтан жігіт шықпағасын амалсыздың күнімен кетіп барама? Мұнан сырт тағы бір себеп қазақ жігіттержің өздерінде бар секілді көрінеді маған. Серт пен сөзге тұратын еркек аз бұл күнде.Қыздарды көңіл көтеретін зат ретінде көретін жігіт көбейді қазыр. Оған қоса ер мен әйел арасындағы сан алшақтығы еркектерді өздерін сирек металға балайтын көңіл-күйге түсірген жәйі тағы бар. Сосын қазақтың қызы қайтеді? Кімге барып мені ал деп өтініш айтады, сөз салған еркектің соңынан кетпей қайтеді? Мүмкін тағы басқа себептері бар шығар, көп болып түйінін табуымыз керек. Светланаға рахымет!!!!

  5. Азамат:

    қатын ал ма қайны ал деген үгым кайда кетті

  6. Тимур:

    Қазақ қыздары еуропалықтар үшін тәрбиелі болып көрінеді, себебі ол жақтың қыздары әйелдері феминизм тб мәселелермен ауыратын, бұзылып кеткен әйелдер. Бірақ қазіргі кезде қазақ қыздарының көбі тәрбие дегеннен алыстап кеткен. Сол себептен, қазақ жігіттеріне мұсылман халықтарының қыздарына үйленуге кеңес берер едім. Мысалы өзбек, тәжік, түркімен ұлттарының қыздарына. Бұл ұрпақтың әдемі болып туылуына көп ықпал етеді.

    • Meru:

      Әрине қазақ қыздарының қарт шетфеминизм ауруымен бұзылып кеткен дейсіз бе? Егер сіз бұл феноменді ауру ретініде қарасаңыз, сіздің ойлау өрісіңізді патриархалды не шовинизм деп атаймын. Мен қазақпын және қазақ болып туғаныма мақтанамын. Мен әжемнің қолында тәрбиеленсем де, бүкіл қазақ дәстүрін бойыма сіңіріп өссем де, өмірге деген көзқарасым басқа. Сіз айтқандай феминистка шығармын, ер адам мен әйел адамның бірдей дәрежеде екеуінің құқтары да бірдей деген тұжырымдамадамын. Ал қазақ жігіттерінің ойынша біздің орынымыз тек асханада, бала тауып, мүмкіндігінше үйде отыруымыз. ел азаматтарына күйеуге шығып жатқанына еш қазақтың көңілі толмайды, алайда қазақ жігіті бере алмаған бақыт пен еркіндікті берсе неге шықпасқа.
      Дегенмен, бір алаңдататын мәселе бар, ол қазақ қыздарынын екінші, үшінші, не төртінші әйелі етіп отырған қытайлықтар. Себебі олардың көксеген мақсаты өз халықының санын көбейту болып табылады.

  7. Meru:

    феминизм ауруымен бұзылып кеткен дейсіз бе? Егер сіз бұл феноменді ауру ретініде қарасаңыз, сіздің ойлау өрісіңізді патриархалды не шовинизм деп атаймын. Мен қазақпын және қазақ болып туғаныма мақтанамын. Мен әжемнің қолында тәрбиеленсем де, бүкіл қазақ дәстүрін бойыма сіңіріп өссем де, өмірге деген көзқарасым басқа. Сіз айтқандай феминистка шығармын, ер адам мен әйел адамның бірдей дәрежеде екеуінің құқтары да бірдей деген тұжырымдамадамын. Ал қазақ жігіттерінің ойынша біздің орынымыз тек асханада, бала тауып, мүмкіндігінше үйде отыруымыз. Әрине қазақ қыздарының қарт шет ел азаматтарына күйеуге шығып жатқанына еш қазақтың көңілі толмайды, алайда қазақ жігіті бере алмаған бақыт пен еркіндікті берсе неге шықпасқа.
    Дегенмен, бір алаңдататын мәселе бар, ол қазақ қыздарынын екінші, үшінші, не төртінші әйелі етіп отырған қытайлықтар. Себебі олардың көксеген мақсаты өз халықының санын көбейту болып табылады.

  8. Бақыт:

    Расында да қазіргі таңда бұл мәселе елімізде ең өзекті мәселе болыр тұр. Қазақтың әдемі, инабатты қыздарын Мехметтің, Джонның, Иванның тіпті Қытайдың жігіттерінің етегін ұстап жүргенің көргеніңде жүрегін ауырады. Саны онсыз да аз қазақтың өсіп өнуіне, елімізге қызмет қылуға мүмкіндігі бар жас қыздарымыздың шетел асып, өзге елге қызмет жасап жүргені өкінішті-ақ. Бұл мәселенің түбінде ұлттық тәрбиенің жоқтығы, отбасында, мектебінде жалпы қоғамда дұпыс бағыт-бағдар берілмегендігінде деп ойлаймын. Әрине, қателесуім де әбден мүмкін. Бірақ, бұл мәселе төңірегінде жанжақты зерттеу жасалынып, нақты шаралар қолдану кезек күттірмейтін мәселе болып табылады. Әйтпесе, қолымызды мезгілінен кеш сермеп, әттеген-ай жеп тізе ұрып қалуймыз әбден мүмкін!

  9. Ситор-Бану:

    қыз туса-негірге, ұл туса-өзбек тәжікке.Ей, сонда не боп кетеді өзі? Мына Тимур лағып кетіпті.Өзінше тон пішіп қойыпты.»Қазақ қыздары көргенсіз олар кете берсін біздің жігіттерге тәжік, өзбек т.с.с жақсы қыздарынан әдемі балалар туады» екен ғой.Онда әлгі балалар да өзбегі мен тәжігіне бүйрегі бұрып сатып кетеді. Жалпы аралас неке дұрыс емес.Қыздар ибадан алыс болса түзеп алыңдар-«ибалысыңдар» ғой.Зерттейтін несі бар жындымысыңдар?Әуелі шалбар кигеніне мәздерді түзеу керек өздерін бриллиант пен алтыннан соғылғандай сезіп талтаңдап кеткен әбден.Олар да боққапшық.Өлсе құны сұраусыз. Не өтірік пе? Мысалдар көп. Сондықтан кергімей ұлтты таза сақтаңдар!!!Бала таптым үй жинадым деп қатын шалқақтамай, бала таптырғыш зат менмін деп анау талтаңдамай жынданбай саналы болсын.Зерттейтін түгі жоқ әрі ондай кемел сана да жоқ.

  10. Қазақ қызы:

    Елім, жерім,үлтым,дінім, тілім, ділім деген екен ата- бабаларымыз.Сол рух бізді тәуелсіздікке,мемлекеттікке жеткізді.Мәңгілік елдің алтын арқауы — Қазақ қызының отаншылдығында, рухани биік санасында. Ал қыздарымыздың рухани жаратылысын биіктететін, асқақтататын, қорғайтын қазақ жігіттері болмақ.Осыны түсінсек екен.