Биыл 410 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов: «2016 жылы 15 мың жеке қосалқы шаруашылықты қамтыған 157 кооператив құрылды. Олардың базасында жүзден астам сүт қабылдайтын пункт пен 7 мың отбасылық бордақылау алаңы ұйымдастырылды. Толықтай алғанда, индикативті жоспарлар барлық облыста орындалды. Ал биыл жергілікті атқарушы органдар 410 кооператив құрады. Облыстағы шаруаларға тиісті көмек көрсетіледі. Алдағы 5 жылда кооператив қызметімен жарты млн жеке қосалқы шаруашылық пен шағын шаруашылықтар қамтылатын болады. Кооперативтер өнімдерді дайындауға, сақтауға және тасымалдауға тиісті көмек береді. Сондай-ақ, ветеринария, мал азығын дайындау, агрохимия және өз мүшелеріне несие беруге жәрдемдеседі. Жалпы кооперативтер ауылдардың одан ары дамуының негізі болуы қажет»,— деді.
Пікірлер