ЕНЕ МЕН КЕЛІННІҢ қарым-қатынасы
Отбасында ене мен келіннің сыйластығының мәні ерекше. Оқырман жұртшылықты осы мәселе төңірегінде ой бөлісіп, пікір алысуға шақырғым келеді. Көп жағдайда шаңырақтың шайқалмауы, отбасында береке-бірліктің кең өріс алуы да енелер мен келіндерге байланысты.
Келіннің ақылы мен тәрбиесі түскен жерінде үлгі ретінде сөз етілетіндей болуы керек. Енең жас болса онымен сырласып, тымыраймай әңгімеңді айтсаң, ол да сені жақын тартады. “Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады” демекші, сырыңды өз шешеңмен емес, енеңе айтып отырған өте дұрыс. Неғұрлым енеңмен сырлас болсаң, жігіт те сені соғұрлым сыйлап өтетіні рас.
Қазақта “жақсы келін — келін, жаман келін — келсап” деген сөз бар. Әркім де әулетіне түскен келінінің жақсы болғанын қалайтыны сөзсіз. “Келінді аяғынан…” дегендей, жаңа түскен келінге сын көзбен қарау қашаннан бар нәрсе. Халық арасында айтылатын мына әнде:
Алдыменен өзіңнің енең сынар,
Емендей бол, бұл сынға емен шыдар.
Жас келінге қаттырақ қарағаны,
Ширатып бір алайын деген шығар, – деген жолдар бар емес пе? Кейде қыздарымыздың енесімен керісіп жататын себебі осы сынға әзір еместігі ме деп те ойлайсың. Бірақ кез келген ене келінді “келсап” етпей, тәрбиелеуі керек. Тәрбие, өнеге аларлық небір келіндер мен енелер бар.
Мысал келтіре кетейін. Жақында бір туысым келін алды. Келіні жоғары білімді, қызметі бар, өзі түр десе түрі де бар, әдемі-ақ! Жігіт те әп-әдемі, сымбатты, жоғары білімді. Астанада қыздың ұзату тойы болды. Жігіттің ел-жұрты, үлкен кісілер Алматыда болғаннан кейін той осында болмақшы. Екі аптаға демалыстарын алып, бала мен келін Алматыға келді. Ауыл қала маңында. Келген күннің ертесі жастар әсем қала Алматыны аралап, кеш бата үйге келеді. Келін қысқа шорты киген, асүйде тамақ әзірлеп жатқан енесіне “здрасти” деп бөлмесіне кіріп кетеді. Екі күн түске дейін ұйықтапты. Содан енесі жарылардай болып келініне: “Қысқа тылтиған шортиыңа көрші-қолаң не дейді? Бұл — ауыл. Қайта кеш батқан соң ешкім көрмей қалды. Олай жүрме, келін деген атың бар. Үйде тоқсанға келіп қалған әжең бар. Мен ертең ерте жұмысқа кеткенде әжеңе шайын бер, аз уақытқа келсең де, келін екеніңді көрсетсеңші”, — дегені сол-ақ екен, әлгі келін енесінің бетінен алып, түн ортасында үйден шығып, келген жағына тайып отырған еді. Үлкенді тыңдамаған келін қандай келін болмақ?! Келешекте баласын қалай тәрбиелемек?! Сол келін өз қателігін түсініп, күйеуінен кешірім сұрап өзі барыпты. Ұзағынан сүйіндірсін! Мен оларға бақыт тілеймін.
Тағы бір танысым келінді болды. Ораза айы. Жанұясымен ораза ұстаған. Жаңа түскен келіні сәресіне сағат үште тұрып, тамақтарын дайындап, сәлем жасап, ілтипат көрсеткеніне ата-енесі дән риза. Жігіт: “Тұр, сен енді осы үйге келінсің, сәрелерін дайында, ата-анамды сыйла”, — дегенге ұқсайды. Ене мен келіннің арасындағы қарым-қатынасқа жігіттің де ролі өте зор деп ойлаймын.
Кейбір енелер өз келіндерін “ашсам алақанымда, жұмсам жұдырығымда ұстауым керек” десе, енді бір енелер келіндерінің білмегенін үйретіп, түсінбегендерін түсіндіріп, маңдайынан сипап отырады. Менің ойымша, қай ене болса да, өз келініне ыстық ықыласпен мейірімін төгіп, кем-кетіктерін айтып отырса, ол үйде ырыс, бақ-береке де болатынына күмәнім жоқ. Қалай дегенде де, қыз жат-жұрттық. О баста Алла тағала қыздарды солай жаратқан. Шынында да, әйел адам жанұяның бар ауыртпалығын мойнына іліп алып, түн ұйқысын төрт бөліп, жылаған баласын емізіп, бесігін тербетеді. Мезгілімен ас әзірлеп, ата-енесі мен күйеуінің бабын тапқысы келеді. Кейбір есерсоқтау келген күйеулерінің де ауыр сөзін көтеруіне тура келеді.
Отбасының қалыптасуында нәзік жандылардың да орны бөлек. Әйел күйеуінің ойына қозғау салатын, көңілін көтеріп, ерекше серпілте түсетін жан. Ердің еңселі, абыройлы жүруі әйелге де байланысты. Сондықтан да халқымыз: “Ерді ер қылатын да әйел, жер қылатын да әйел” деп тектен-текке айтпаған болар.
Жаңа түскен жас келіндерге салқын қабақ көрсетіп, жер-жебіріне жете бермей, қайта ақылын айтып, жол көрсету әрбір абзал енелердің міндеті болуы керек-ақ. Ұрыс-керіс бола берген үйдің босағасында береке болмайды. Ақыры екі жас ажырасып тынады. Дүрілдетіп той жасап, қуанышқа кенелген сәттер лезде-ақ құрдымға кетеді.
“Келіні жақсының керегесі алтын”. Ендеше, келіндеріміздің әдепті, инабатты болғанын тілейік!
Бану Шалова
Бану ханым! Мақалаңыз өте жақсы жазылған екен. Керемет!!!
бұл мақаланың қыз-келінщектерге берері мол екен, маған қатты ұнады… сәттілік
Сізге үлкен рахмет өте жақсы ,өнегелі сөздер жаздындар осы мақаланы жас келіндер оқыса нұрға нүр қосылады!
Мен осы туралы оз проблемамды айткым келеди.Менин келин болып тускениме 3ж болды.бир кызымыз бар. Мен енемди осы уакытка дейн кандай адам екенин тусине алмаймын.ощим улкен отбасынан шыкканмен.биздин уйде мундай тарбие жок. осы уйге келгели урыс керис шаршайды екенсин.Енеммен сырласам, ишимдегини айтам. бирак оте менменшил адам.озиникин гана дурыс биз аузымызды ашсак уйде урыс басталады.кейде тыныштыкты калап сойлемеугеде тырысамын. Кыздарын маган карсы кояды.мен ештенеге улгермей жатсамда баламен еще, ози истесин кыдыр сонын жумысы деген создерди естеймин.Болинип жеке турсам деп ойлайм , бирак куйеуим осы уйдин жалгызы болгасын кете алмаймыз. кыздар не истесем болады, акыл косындаршы!
Сіздің жағдайыңызды түсініп отырмын, себебі менің де басымда осындай жағдай. Отасқанымызға 2 жылдай болып калды, кызымыз бар, жакында тагы да Кудай каласа сабилі болмақшымыз. Бірақ отбасымызда татулық жоқ, енем кунде урыс шығарып отырады. Келін болып түскелі сол уйдің отымен кіріп, кулімен шығып отырмын десем де болады. Айран пісіп, құртына дейін жасаймын, келген қонаққа ешқашан қабақ шытқан емеспін. Онымен қоймай үйімізге қайын апам күйеуі 3 баласымен келіп тұрады. Олардың тамақтары, киімдерін жуу, уй жинау, балаға қарау,,,барлығы менің мойнымда. Өзім жоғарғы оқу орнын бітіргенмін, мамандық бойынша жұмысым бар. Кейде шаршап кеткен кезде мамамды сагынып барғым келеді..Соның өзінде енем жібергісі келмейді, ананы сылтауратып, мынаны сылтауратып..Өтірік сөз көп айтады, тілі ащы. Көршілеріме дейін мені аяп отырады. Бірақ сонда да сүйіп қосылған жарым ушін, балаларым үшін шыдап журмін. Болек шыкпайды куйеуім, себебі, інісі келіншегін алып, әке-шешесін тастап кеткен. Оларга да енем күн бермеген..Ендігі күні Алладан тек сабырлық тілеп жүрмін. Мүмкін жібіп кетер деп. Сол үшін сізге де айтарым, шыдамдылық танытыңыз, бір мезгіл жұмыска барып, немесе баланызбен кыдырып, ойынызды бөліңіз, әр сөзіне мән бере бермеңіз. Күйеуіңіздің жағдайын жасаңыз, себебі оған да қиын, қай жақты қолдарын білмейді; біреуі өмірге әкелген анасы, екіншісі сүйіп қосылған жары…Сабырлы болыңыз!
Ашылу күні болдыма?
Менин енем не истесем де жактырмайд. Урса беред ананы анандай кылып истемепсин, уйтпепсин буйтпепсин ди беред. Келгели бери солай конилим котерилген кез болган жок. Али де солай. 2 ай енди болды. Кунде жылайм. Анада мазам жок боп кулап та алдым, Алла жарылкап алдымда куйеуим болды. Мактап койса кишкентай балада жугирип кетер едим. Тап таза болган шыгар деп шаршап таза жнрди кайттан сурте беруден жалыктым, себеби уйге келген сайын бир жерден бирдене издеп мынаны кылмапсын гой деп отырад. Озиниз имти алмаган исин туралап койсам, мактайтын шыгар деп, одан сайын бирдене ойлап табад. Индемим соз кайтармай,кайта тусиндирейн десем, куйеуиме сойлейд катынын соз кайтарды деп. Бир мактаганына зар боласын, али билмитиним коп уйренем гой деп айтайын десем урсып шыгад. Шаршап ешкимге айтпай стресске карсы дарилер ишем. Котермедин деп тагы осек шыга ма дим. Себеби айелдин котеру котермеуине айналасы асер етеди гой. Куйеуим екеумиз силемиз катып тунде уйктап азаанымен турамыз ол жумыска кетед. Баласын сондай кызганады бирге журсек шакырып алад. Ешкиммен сойлеспе дит. Типа мен жалгыз озим болуым керек екем. Куйеуим де ештене дей алмайды себеби озинин откенин бетине басад. Содан кейн коя салад.Ундемим макул дей берем. Бирак олай иилгенге баска шыккан болмайды гой. Биреулер айтад али коресин, ози тусинип алдына жылап келеди, куни туседи саган али дейд. Бирак мен онын олай кунага калганын каламайм. Тусингенин калайм. Маган олай истегеннин сауабы болып, ол адамнын кунага калганын каламайм. Себеби кайткенмен де куйеуимнин анасы. Осыны окыганнан болашак енелерге, айтарым, келин бак болганын каласа, мактап,басынан сипаганы дурыс болар. Себеби отбасынын урпагынын дурыс болганын каласа, баласын жаманжыкка ушыоап калмауын каласа, тандаган айелин сынап минеми отбасы болып кетулерине комек берип, улгили отбасы болуына жол ашу. Айтарым осы. Бирак кенестеринизди берсениздер. Булай ундеми журе берсем, акыры не болуы мумкин деп ойлайсыздар?
Менин енелерге танкалатыным неге жастарды келиндерди тусинбейди оздери де жас болды гой.Олар кеширимди болу керек бирден каттв кетпей кашан уйренгенше жаным куним деп жаманын жасырып жаксысын асырып отыру керек Мен де болашакта келин аламын Казирден бастап болашак келиниммен хабарласып отырамын. Менде ата ененин колында турдым 25 жыл кудайг шукир енем екеумиз жаксы карым катынаста болдык.Ол киси 90 жаска келип кайтыс болды унеми маган риза болып батасын берип отыратын. Сондыктан енелерге айтарым кеширимди болындар олар жас кой коп нарсени тусине бермейди ертен тусингенде оздери ак сиздерге рахметин айтады.
менде турмыска шыккалы 3жыл болды бир кызым бир улым бар неге келинмен ене арасы жаксы деген созди жиы естимеймын мндеде солай тил табысып тура алмаган сон жолдасым болек турамын деп казыр болек турып жатырмыз болек турсакта жакпай каламын кемшилктермдиы жинап жолдасыма айтады.Кейде ренжимеитын искеде ренжип калады кателесип дурыс айтпай ренжитип алсак кеширым сурайтынмын маган сонда бир айтканы кеширым сураганда иштей ракаттанып отырам дегени сол созы конилимды селтеткизды .Жакса болсакта жаман болскта жалгыз келин кинали емес енегеде байланысты ондай кезде ене ашуга емес акылга салу керек деп ойлайм енелеримыздын жана тускен келинге караганда 25-30 жылдык стажы бар емеспе уйткены олда келин болган ул ишинен шыкса келин сыртыннан шакан көш журе келе тузелед демекшы жана тускен келинде солай журе келе шындалад ул болсын кыз болсын олардын шанырыктарынын бериктигин сактайтын ата-ене,аке-шешегеде байланысты.
келиннин тилин ене шыгарады дегенде макал бар ене жаксы болса келинде жаксы. Мен енем баскарганды жаксы кореди отырып алып не бала багыспайды улынын акшасын ози устайды и унеми мени жамандап журед журген жеринде. Енемнен абден конилим калган. Озин мактай береди кешке дейн. Бирак баскаллардын айтуынша ози ене абысынымен тобелесип журетиин дид унеми