«Күндестер» фильмі. Басты рөлдерде: Алтынай Жорабаева мен Айгүл Иманбаева

   Сәбит Әбдіхалықовтың ұйымдастыруымен құрылған «Тату тәтті» тобы Қазақстанның бірқатар қалаларында жеке концерттерін беріп үлгерді.

«Күндестер» фильмі. Басты рөлдерде: Алтынай Жорабаева мен Айгүл ИманбаеваТоп мүшелері Айгүл Иманбаева мен Алтынай Жорабаева туралы халық арасында әр түрлі әңгіме айтылып жүр. Бірі екеуі бір шаңырақ астында тұрады десе, енді біреулері мұның бәрі шоу, қара пиар, екеуі сахнадан тыс өмірде бір-бірімен ұрсып, бет жұлысады, араларында ешқандай да достық жоқ деп есептейді. Осы мәселелерге қатысты ел ішіндегі алып-қашпа әңгімелердің ақиқатын ақтару мақсатында, естуімізше, «Қазығұртфильм» киностудиясының жетекшісі, продюсер, режиссер Сәбит Әбдіхалықов “Күндестер” фильмін түсірмекші. “Тату тәтті” тобының мүшелері Айгүл Иманбаева мен Алтынай Жорабаева басты рөлдерде өздері ойнайды. Дәл қазіргі уақытта сценарий жазылып, актерлерге кастинг жүргізіліп жатыр. Фильм желісі ретінде Айгүл мен Алтынайдың жеке өмірлері алынған.
«Күндестер» фильмі осы жылдың аяғында көрерменге жол тартуы мүмкін. Жанры –трагико-комедия.

Елді шулатқан «Тату тәтті» тобының әлі де болса, халыққа ұсынар тосын сыйлары бар сияқты. Түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден бір пайызға айырылып, уайымнан шаштарыңыз ағарайын деп, бәрімізді сары уайымға салып, өздері мәз болып ән салып жүрген, қос әншінің шынайы өмірінің куәсі болғыңыз келсе, Алтынай мен Айгүлді көре алмай жүргендермен, көріп жүргендер, әркімнен естіген өсек-аяңға сенбей, шыңғырған шындықты бағамдағыңыз келсе, “Күндестердің” шығуын күтіңіздер!

ar-aina.kz



4 пікір

  1. дана:

    Алтынай бұрынғы өзіңізге тән абыроймен жүру керек еді кәзір АЙГУЛДІҢ күшігі секілдісіз өз тәкәпәрлығыңыз жоғалды нөл десе болады

  2. Жанар:

    Түсінбеймін осы, елдің жеке өмірлерінде нелерің бар?

  3. Айым:

    үш жас бақытты болсын!