Газет туралы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ, ТАНЫМДЫҚ ГАЗЕТ
ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ ЖӘНЕ МЕНШІК ИЕСІ: «ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» ЖШС
Халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газеті республика көлеміндегі экономикалық-әлеуметтік, қоғамдық-саяси бағыттағы ақпараттарды жан-жақты жазып, Қазақстан халқын хабардар етуде. 1992 жылдан бастап бүгінге дейін өз қызметін жалғастырып келе жатқан басылaым Түркия, Орта Азия және төрткүл әлемнен ақпараттар беріп отырады.
Халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газеті Қазақстанның барлық аймақтарына таралады. Компаниялардың 90 пайызы біздің оқырмандарымыз болып табылады.
«Қазақстан-Zaman» газетінің негізгі ұстанымы:
- Халықаралық, қоғамдық-саяси «Қазақстан-Zaman» газетімен үндес басылымдар 18 елде жарық көреді. Біздің интернет-газет арқылы төрткүл әлемге Қазақстан туралы және Мемлекет басшысының конструктивті сыртқы және ішкі саясаты жайлы мәліметтер таратылады.
- Әр облыста болып жатқан барлық оқиғаларға қатысты талдау мақалалары басылады.
- Республика облыстарында меншікті тілшідер мәліметтері бойынша аймақтардағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы ақпараттар жүйелі түрде жарияланып тұрады.
- Ғылыми-танымдық материалдар жарияланады.
- Газетте жарияланатын материалдардың негізгі мақсаты мен міндеті – Елбасымыздың саясатын қолдай отырып, елдегі тұрақтылық пен Қазақстан халқының бірлігін насихаттап, халықтың толық сенімділігін қалыптастыру.
- Газет ұжымы жыл бойы республикамызда дәстүрлі экспедиция өткізіп өзекті мәселелер бойынша белсенді насихаттау жұмыстарын жүргізеді.
- Халықтың әлеуметтк жағдайы, сыни мақалалар екіжақты қаралып, онда бейтараптылық саясаты сақталады. Газет министрліктермен, ведомстволармен, агенттіктермен, облыстық әкімдіктермен тұрақты байланыс орнатқан.
- Халықаралық газет болғандықтан, кәсіби шеберлігі жоғары журналистер жұмыс істейді. Олар шетелдік басылымдардағы саясаткерлер мен сарапшылардың ойларын қадағалап отырады. Әсіресе, олар Қазақстанның әлемдік деңгейдегі орны туралы мәліметтерді талдап, оларға үнемі бақылау жасайды. Журналистер ағылшын, түрік тілдерін жоғары деңгейде меңгерген.
- Мемлекттік тапсырысты орындағанда басылым «Қазақстан-2050″ стратегиясын, Елбасымыздың 2016 жылға арналған жолдауын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын басшылыққа алады. Елбасымыздың саясатын қолдай отырып, халқымыздың, мемлекетіміздің экнонмикасының қарқынды дамуына үлес қоса отырып, әлемнің дамыған 30 елдің қатарына қосылуына деген күщ-жігерін газет ұжымы аямай, еңбек етеді.
- 14 облыстағы іске асып жатқан жобалардың мән маңызы жайлы мамандар пікірлерінің топтамасын жариялап, халыққа түйіндейміз. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ескере отырып, әр облыстағы болып жатқан оңтайлы өзгерістер туралы баяндаймыз.
- Әлеуметтік, мәдениет салаларында іске асырылған шаралар туралы кең тынысты материалдар береміз.
- Елбасымыздың бастамасымен көтерілген оңтайлы өзгерістер туралы мәнді де құнды мәліметтер жариялап тұрамыз.
«Қазақстан-Zaman» газетінің мақсатты аудиториясы: жастар, әлеуметтік сала қызметкерлері, депутаттар мен атқарушы билік өкілдері: қоғамда беделі бар мемлекттік қызметкерлер, соның ішінде әлеуметтк, діни, бизнес саласы қайраткерлері, жергілікті билік органдарының басшылары мен қызметкерлері, т.б. жергілікті қоғам мүшелері – отбасы, ата-аналар, БАҚ қызметкерлері.
Спикерлермен өзара қатынас
Журналистер спикерлермен өзара тығыз қарым-қатынас орнатады. Өтетін форумдар мен конференциялар, жиындар мен отырыстардан материалдар жарияланады. Материалдар түрлі көлемде болуы мүмкін. Отырыста көтерілген мәселелер төңірегінде пікірталастар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Зиялы қауымның көтерілген мәселе жөніндегі пікірлері жарияланады. Жиындарда өткен кез келген отырыс-шаралардың суреттері беріледі. Спикер, депутаттардан пікірлер мен сұхбаттар өткен кез келген отырыс шаралардың жоспарларымен танысып, жарияланып отырады.
Тиімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің ұсынылатын әдістемесі мен түрі – журналистік зерттеу, соның ішінде сұхбат, дөңгелек үстел, семинарлар, сараптама, көсемсөз, ақпарат, проблемалық материалдар, суреттемелер мен оқиға орнынан түсірілген немесе жазылған репортаждар. Газеттің тағы бір ерекшілігі жыл бойында республика көлемінде экспедициялар ұйымдастырылады. Елімізде болып жатқан саяси оқиғаларға байланысты тұрақты авторларымыздың пікірлері жедел беріліп отырады. Редакцияның тағы бір әдісі арнаулы беттер, көкейтесті мәселелерді кеңінен ашу үшін пайдаланылады. Тұрақты нөмір сайын шығатын беттерде жаңайқайлар, қамшыбасар-тұжырым мақалалары неғұрлым нақты ащы мәселелерге арналады. Төменде аталған әдістердің кеңейтілген нұсқалары беріліп отыр.
Журналистік зерттеу әдісінде әрбір бөлім жұмыс істей береді. Бірақ бұл әдіске маманданған арнайы журналиске белгіленген екі-үш тақырып бекітіп отырады. Олар перспективалық жоспарға енеді. Редакцияда тоқсандық, айлық, апталық жоспарлар бар. Әр аптаның бейсенбі күнінде тұрақты түрде лездеме болады. Лездемеде журналистің жоспарындағы тақырып талқыланады, кеңітіледі және болашақ жазылатын мақала туралы журналистің есебі тыңдалып, уақыты белгіленеді. Дөңгелек үстел ай сайын кемінде 2 рет өткізіледі. Белгіленген тақырып аясында шақырған мамандар пікірлерін ортаға салмайды. Материал жазылу барысында дөңгелек үстел сыртында да, пікірлер, деректер, статистикалар пайдаланылады. Сұхбат әдісі кейде репортажбен де байытылады, кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін ашуға қызмет жасайды. Газет бұл әдісті барлық салалардағы қызмет жасайтынтүрлі тақырыпта атқарылады. Мысалы, «ХХІ ғасыр ауылы қандай болуы керек?» экспедициясына тең журналистер ғана емес, мамандар, партия, министрлік, әкімшілік қызметкерлері де тартылады. «Нұр Отан» партисы, Ауыл шаруашылығы министрлігі, т.б. экспедиция материалдарын бергенде бұған журналистиканың, публицистиканың барлық әдістері қолданылады. Мөлтек сұхбат, суреттеме, фоторепортаж, пікірлер тоғысы, жанайқайлар, т.б.
Көсемсөз әдісі үлкен де көкейтесті мәселелрді көтергенде пайдаланылады. Мысалы, «Дүбірлі дүние – саясат және экономика», «Қамшыбасар-тұжырым», «Имандылық нұры» айдарлары, т.б. аясындағы мақалалардың көтерер жүгі, үні бөлек.
Арнаулы беттер: «Отбасы», «Шемпион» «Аймақтар айнасы», «Астана ажары», «Түркі дүниесі», т.б. Бұл беттерде де сан түрлі әдіс-тақырыптар қарастырылады.
Тілшілердің білім деңгейі мен тәжірибелері жоғары дәрежеде (диплом көшірмелері мен түйіндемелері тіркелген).
Астана қаласында Орынбор 8 к., Журналистер үйі, 54-і офис мекен-жайында редакция қосыны бар. Сондай-ақ Астана каласында бас директордың бірінші орынбасары Мешітбева Сәуле, Астана қаласы бойынша газеттің меншікті тілшісі Қабылбеков Нағашыбай, Ақмола облысы бойынша меншікті тілші, жүргізуші және офис-менеджер істейді.
Ал таралымы АҚ «Қазпочта», ЖШС Агенство «Евразия Пресс», ЖШС «Эврика Пресс», ЖШС «ERNUR-press», ЖШС «Эврика-Media», ЖШС «Пресс-Центр Казахстан», ЖШС «Тараз Пресс» арқылы оқырмандарға жеткізіледі. Алматы қаласында газет 1 күн ішінде жетеді. Ал Республикамыздфң басқа аймақтарына 3-4 күнде жетеді.
PS: Қазір газетте «Қазақстан – Ұлы Дала елі» деген республикалық бәйге жүріп жатыр. Ұйымдастырушылары: ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» партиясы және «Қазақстан-ZAMAN» газеті.
Пікірлер