24 мың теңгеге жан бағуға бола ма?

96635639_3201191_kosheleksdengami

Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің уақыт талабына сай емес екені айтылып та, жазылып та келеді. Ол қазақстандықтардың нақты шығынын көрсете алмайды. Бұл өзі әбден жауыр болып біткен тақырып. Десе де, мәселенің шешімін табар түрі байқалмайды. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 24 459 теңге болып өскені белгілі. Алайда қалың жұрт бұл соманың жан бағуда жетпейтінін айтып зар илеуде. Бұл мәселе жайлы Елбасы да өзінің биылғы жолдауында: «Ең төменгі күнкөріс деңгейін қайта қарау керек. Ол қазақстандықтардың нақты тұтыну шығындарына сәйкес болуы міндетті. Бұл 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпы саны 3 миллион адамның алатын зейнетақы, жәрдемақысын көтеруге мүмкіндік береді»,— деген-ді. Ол — рас. Сонда әлгі 24 мың теңге қай жыртықты жамауға жетеді? Бұл елді жарылқау емес, қорлау, мазақ ету ғой! Үйі барлар лаждап күн көрер-ау, анау пәтер жалдап тұратындар қайтеді?» — деуге келіп саяды.