Әлеумет

Жекеменшік медицина: Ұтамыз ба, ұтыламыз ба?

Нұрлан Мәуленов, хирург: — Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2010 жылғы Жолдауында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігі мемлекет экономикасына жеке инвестицияларды тартуда үлкен әлеует екенін атап көрсетті. Жалпы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) экономикалық өсімді ынталандыру және жекеменшік сектордың экономикаға қатысуын кеңейту әдісі болып саналады. Білгеніміз жөн, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялар тарту, шағын және орта бизнес үшін мүмкіндіктерді кеңейту, сондай-ақ, халыққа көрсетілетін […]

Толығырақ ›
Радиостанса арқылы әлеммен  тілдесетін лицей

Радиостанса арқылы әлеммен тілдесетін лицей

Алматыда жалпы білім беретін 201 коммуналдық- мемлекеттік мекеме бар. Олардың әрқайсысының жасап жатқан жұмысын білу үшін өз аяғымызбен барып араладық. Нәтижесінде тозығы жеткен мектептермен, кірсең көздің жауын алатын хан сарайындай білім ошақтарын да көзіміз көрді. Ата-аналар «баламыз таза, жылы жерде оқысын» деп, бірауыздан жұмылып, жыл сайын демеушілік танытатын мектептер де жоқ емес. Соның бірі — Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған […]

Толығырақ ›
Жергілікті полиция қызметі халық көңілінен шыға ма?

Жергілікті полиция қызметі халық көңілінен шыға ма?

Халықтың қамсыз өмір сүруі үшін ішкі істер органдары тәулік бойы жауапты да ауыр міндетті қатар атқарады. Өз саласында жан алысып, жан берісуге дайын полиция қызметкерлерінің қызметтік жұмысында бастысы абырой деген ұғым қай кезде де бірінші орында. Соның ішінде, жол қауіпсіздігі мен мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, қылмыстық жазалар мен құқықтық тәртіпті жетілдіру мәселесін қамтамасыз ету де оларға жүктелген зор міндет. Өткен […]

Толығырақ ›

ОСЫ ЖҰРТ ӘЛМЕРЕКТІ БІЛЕ МЕ ЕКЕН?

Мәдениет және спорт министрі мен Алматы облысы әкімінің назарына Бисмиллаһир Ирахманир Рахим Осы сауал ел болып етегімізді жинап, жоғымызды түгелдей бастағалы Жетісу өңірінен асып, бабаның ұрпақтары өсіп-өніп жатқан сонау Қытай жеріне дейін өріс алғанына біршама уақыт болды. Әсіресе Райымбек әулиенің 300 жылдығы кезінде тереңірек өріс алды. Оның да орны бар, ел болып дүркіретіп ерлігін тойлаған, сол қасиетті Райымбектей батыр аянмен […]

Толығырақ ›
Солтүстік пен Шығыс  байланыстарын нығайтты

Солтүстік пен Шығыс байланыстарын нығайтты

Өңір басшысы Даниал Ахметов бастаған Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Солтүстікке жұмыс сапарымен келді. Қызылжар өңірімен танысу «Green park» демалыс орнынан басталды. «Green park» аумағында монша, бассейн, күркелер, амфитеатр, балалар ойын алаңы орналасқан, ал қысқы уақытта бұл жерде шаңғы және шананы жалға алуға болады. Спорт сарайында болған шығысқазақстандық делегация жеңіл атлетика манежі мен хоккей кортында болып, солтүстікқазақстандық спортшылардың оқу-жаттығу барысымен танысты. […]

Толығырақ ›

207 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ 22 МӘМІЛЕСІНЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында өткен ІІ халықаралық «Kyzylzhar Invest — 2016» форумына қазақстан-дықтармен бірге 7 шетелдің делегациясы, барлығы 500-дей адам қатысты. Аталмыш шараның басты оқиғасы «Қызылжар өңірі — Қазақстанның солтүстік қақпасы» атты пленарлық отырыс болды. Ең алдымен форум қонақтары Солтүстік Қазақстан облысында жасалған ауыл шаруашылығы техникалары мен 40-тан астам ұқсату кәсіпорындарының өнімдерімен танысты. Отырысты ашқан облыс әкімі Ерік Сұлтанов нарықтық […]

Толығырақ ›
Жамбылдықтар толағайына тұрғын үй сыйлады

Жамбылдықтар толағайына тұрғын үй сыйлады

Рио төрінде түндігін түрген Паралимпиадалық ойындардың чемпионы, жерлесіміз Зульфия Ғабидуллинаны жамбылдық жұртшылық ыстық ықыласпен қарсы алды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет бұл спорт түрінен Олимп биігін бағындырған спортшымызды «Әулиеата» әуежайынан күтіп алушылардың қарасы қалың болды. Қолдарына көк туымызды желбірете көтерген, қызылды-жасылды гүлдерін құшақтай келген жамбылдықтар жеңімпаз жерлестеріне ерекше құрмет көрсетті. Салтанатты шараны облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев ашып, ізгі тілегін білдірді. — […]

Толығырақ ›

Түбек төрден көрінді

Жылда еліміздің Қорғаныс саласының басшылығы Қарағанды облысындағы Спаск оқу-жаттығу жиынында бас қосады. Биыл да жылдағы дәстүрге сай Қарағанды облысында алқалы топтың жиыны өтті. Шараға елдің барлық әскери басшылары мен оның орынбасарлары жиналды. Алқалы топ көктемгі әскерге шақырылымның іс-тәжірибелік шеберліктерін ортаға салды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Мұрат Жәлелұлы Майкеев жақсы көрсеткішпен әскери міндетті […]

Толығырақ ›
Жүлдемен оралған балуандар

Жүлдемен оралған балуандар

Өскеменде әлем чемпионы Талғат Ақтаевты еске алуға арналған дзюдо күресінен халықаралық турнир аяқталды. Байрақты бәсекеде облысымыздың қоржынын балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің үш шәкірті алтын, күміс және бір қола медальдармен толықтырды. Маңғыстаулық балуан Ақниет Тұрдан жеңіс тұғырынан көрініп, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ, Балнұр Аппазова 48 келі салмақта күміс медальдың иесі атанса, 60 келі салмақта белдескен Рамазан Мамаев қоланы […]

Толығырақ ›
Жас зияткерлер құрметі

Жас зияткерлер құрметі

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Қарттарым, сізге ізет бар» тақырыбында қариялар мен жас зияткерлердің кездесуі өтті. Қарттар күніне орай «Айтуға оңай» бағдарламасының форматында ұйымдас-тырылған жиында ақ сақалды аталар мен ақ самайлы әжелеріміз туған өлке тарихы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, немерелері туралы айтып, өздерінің білім алған кездерін еске алды. Кездесуге әр шаңырақтан екі қариядан шақырылды. Оларды немерелері қызыл кілем үстінде, ду қол шапалақпен […]

Толығырақ ›