Ол балаларға тым мейірімді еді. Өзінің екі немересі Хасан мен Хұсейінді «дүниедегі екі райханым менің» деп мейірлене иіскейтін, бауырына басып, жақсы дұғаларын арнайтын. Усама деген балақайды бір тізесіне отырғызып, Хасанды екінші тізесіне отырғызып: «Иә, Алла! Менің бұларға мейіріммен қарағанымдай, Сен де бұларға мейіріміңді төге гөр!» — деп, өз немересінен бөлек, басқа балаларға да жан жылуын аямайтын. Халықты жинап алып, оларға: […]
Толығырақ ›Дін
Ислам Батыстан неге артта қалды?
Мұсылмандарға түскен Алла Тағаланың ең алғашқы бұйрығы «Оқы!» Бұл әмірді кеңінен ашып түсіндірсек, «үйрен, біл, ізден, тап, ғылыммен айналыс, іліммен шұғылдан, зерделе, ойлан, айналаңа назар сал, жаратылысты танып көр» деген ұғымдарға ұласады. Қай жағынан алсақ та, бізді — мұсылмандарды ғылыммен шұғылдануға, қоршаған ортадан және өзіміздің тұла бойымыздан Құдайы өрнектерді көріп, ойлануға шақырады. Ендеше, «Оқы!» деп бұйрық түскен үмбеттің ерушілері, Исламның […]
Толығырақ ›Жапонияда неге мұсылман аз?
26 шілде күні Жапонияның астанасы Токио қаласында мүгедектерге арналған интернатта қанды қырғын орын алып, 19 адам жан тапсырса, 20-дан астам адам түрлі жарақаттар алды. Қазіргі БАҚ-та исламофобия насихаты белсенді жүргізілгені соншалық, қай жерде атыс болса, соның астарынан Ислам дінін іздейтін болды. Токиодағы жағдай да бұдан алыс емес. Бұл оқиғадан да дінге қатысты қандай да бір байланыс ізделінді. Алайда Жапонияның министрлер […]
Толығырақ ›Қажы болдым, мінекей!
Тазалықшыны таны Күнде жұмысқа келгенде қызметіне сүйсіне қарайтын бір жандар бар. Ең алдымен олармен жақсылап амандасамын. Негізі, оларға жұрттың назары қажет емес. Бәлкім, істеп жүрген қызметі үшін қысылатын шығар. Меніңше, олар мына дүниеде ең ұлы істің бірін атқаруда. Себебі олар әр ісінің нәтижесімен жұрт «көрсін, білсін, мені де сөз етсін» деп мақтана алмайды. Олар еденді жуып жатқан кезде жуған жерін […]
Толығырақ ›Ескі қорым үстіндегі монша
Бұл оқиға Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданында болған. Осыдан бірнеше жыл бұрын Асқар институттың инженер-механик мамандығын бітіріп, Шығыс өңірге жолдама алады. Онда көбінесе орыс этносының өкілдері тұрады екен. Осы елде жолдамамен келген Нұрбек есімді агроном жігітпен танысады. Күндер жылжып өтіп жатады. Ауыл тұрғындарымен жақсы араласып, туысқандай болып кеткендіктен болар, сол ауылдың тұрғыны, механик Константин Петрович (бәрі оны Петрович дейтін) Нұрбек […]
Толығырақ ›Мен неге Сирияға кетпекші болдым?
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бір Жолдауында «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз» деген еді, алайда қазіргі қоғамымызда дәстүрлі исламнан бөлектенетін жандар көбейді. Аспанымыз ашық, күніміз бейбіт заманда, Таяу шығыс елдеріне қарай шекара асуға не себеп болды екен?! Мына бір кейіпкеріміздің басынан өткен оқиға жоғарғы сөйлеміміздің айғағы. Маңғыстау облысының тұрғыны, 1994 жылғы азаматшаның Сирияға кетпекші болған әрекетін өз сөзімен […]
Толығырақ ›Періштелер тамсанатын жұлдыздар
Әлемдегі барлық нәрсе өзгеріске ұшырайды. Қатты тау-тасы мүжіледі, теңіз тартылады, ағаш қурайды, білім жаңаланады, жүйе қайта құрылады. Жер бетінде өзгеріске ұшырамайтын бір ғана нәрсе бар. Ол — қасиетті Құран Кәрім. Он төрт ғасырдан бері бірде-бір әрпі өзгермеген бұл құдайы кітап тағы он төрт ғасыр өтсе де түпнұсқалық қалпын сақтайды. Тіпті біреу өзгертем десе де, отқа өртеп, суға ағызып, желге ұшырамын […]
Толығырақ ›ҚАЖЫЛЫҚҚА БАРЫП КЕЛІП, ҚАЖЫРЛЫЛЫҚ КӨРСЕТЕ АЛМАУ — НАҒЫЗ СОРАҚЫЛЫҚ!
Ел-жұртты шулатқан Ақтөбедегі қанды оқиға мен күні кеше ғана Алматыда орын алған атыс-шабыс көптің үрейін ұшырғанын несіне жасырайық? Дін атын жамылғандардың әрекеті қасиетті Исламға күйе жағып қана қоймай, дін дұшпандарының айызын қандырып тастағаны даусыз! Ата-бабаларымыз ұстанған Ислам осы ма еді? Адам өлтірмек түгілі, жердегі құмырсқаны басып кетпеу үшін сақ қимылдап, әр адымын санап басқан тақуалардың ізгі амалдары қайда қалды? Жиһад […]
Толығырақ ›Садақаңды сауыңда бер
Адамды айналасына сыйлы ететін, Жаратушысына сүйікті ететін ең ізгі қасиет бар. Ол — жомарттық. Кімнің бойында бұл қасиет болса, қуана берсін, бұл қасиеті оны жұмаққа сүйрейді. Жомарттың жомарттығы садақа берумен көрінеді. Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Малдарыңызды зекетпен қорғаңыздар, ауру-сырқаттарыңызды садақа беріп емдеңіздер, басыңызға келген бәлекеттерге де Алла Тағаладан жалбарынып, дұға етіп, көмек сұраңыздар», — деп өз үмбетіне өсиет етті. Олай болса, […]
Толығырақ ›Мейірімді Алланың мейірі тұнған Рамазан
«Ей, иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей, ораза парыз етілді». («Бақара» сүресі, 185-аят) Алла тағала адам баласын қасиетті Құранда «инсан» деген атпен атаған. Бұл сөздің қазақша мағынасы ұмытушы дегенді білдіреді. Ендеше, біздер ұмытушымыз. Ақылымыз да шектеулі. Сол себепті бір-біріміздің есімізге салып отыру — мұсылмандық міндетіміз. Ардақты ағайын, «бейнеттің де зейнеті бар» деп атам қазақ айтқандай, […]
Толығырақ ›









Пікірлер