Жапонияда неге мұсылман аз?
26 шілде күні Жапонияның астанасы Токио қаласында мүгедектерге арналған интернатта қанды қырғын орын алып, 19 адам жан тапсырса, 20-дан астам адам түрлі жарақаттар алды.
Қазіргі БАҚ-та исламофобия насихаты белсенді жүргізілгені соншалық, қай жерде атыс болса, соның астарынан Ислам дінін іздейтін болды. Токиодағы жағдай да бұдан алыс емес. Бұл оқиғадан да дінге қатысты қандай да бір байланыс ізделінді.
Алайда Жапонияның министрлер кабинетінің хатшысы Есихидэ Суганың мәлімдемесіне сүйенсек, қырғынды ұйымдастырған 26 жастағы Сатоси Уэмацудың Ислам дініне үш қайнаса да сорпасы қосылмайды.
Жалпы, Жапония қандай мемлекет? Сатоси неге мүгедектерді қыруға бекінді?
Жапония — мұсылмандарды аумағына кіргізбейтін және Исламды таратуға арнайы тыйым салған бірден-бір мемлекет. Бұл елге тіпті мұсылман дәрігер, инженер, компьютер маманы секілді таңдаулы мамандықтардың өкілдері де виза ала алмайды. Былайша айтқанда, Жапония — мұсылмансыз ел.
Күн шығыс еліндегі мұсылмандардың нақты саны белгісіз. Ары кетсе, 30 000-ды құрайды. Есепке салсақ, әрбір жүз мың жапондыққа бір мұсылманнан келеді. Мұндағы халық саны 130 млн.-нан асып жығылады. Елде ұзақ уақыттан бері тұрып жатқан мұсылмандармен қатар, кәрістер де азаматтық ала алмайды.
Жапонияда адамдарда ақиқат дінге шақыруға тыйым салынғанын жоғарыда айттық. Мұндай әрекеттің кез келген түрін орындаған адам депортацияға ұшырайды немесе түрмеге тоғытылады.
Араб тілінің аясы өте тар. Тіпті Токио халықаралық университетінде араб тілін үйрететін курс та жоқ. Ең өкініштісі, Жапонияға қасиетті Құран кітабын алып өту мүмкін емес. Тек жапон тіліне аударылған нұсқасына ғана рұқсат етілген.
Бұл елде арнайы екі мешіт қана жұмыс істейді: Токио Джама мешіті және Кобе мешіті. Кейбір мұсылмандар өздері тұратын ғимаратта құлшылық орындарын ашқан. Олардың саны 30-ға жуық.
Жапон қоғамының түсінігінше, мұсылман құлшылығын өз үйінде жасауы керек. Қоғамдық орында намаз оқығанға айыппұл салынуы мүмкін. Бұл жай ғана, кейбір жапондық компаниялар мұсылман қызметкерлерді жұмысқа алудан бас тартады. Бұл елде адал тағам табу да қиынның қиыны.
Жапондықтар Исламды «өзгеше және қауіпті дін» деп қабылдайды. Олар осылай жасап отырып, мұсылмандардың құқығын аяққа таптап отырмыз деп санамайды. Араб елдерімен іскерлік қарым-қатынас жасап, мұнай мен газ алдырып отырса да, дінге көзқарасы кереғар.
Қуантарлығы, соңғы 30 жылда Жапонияда мұсылмандар тарапынан бірде-бір қылмыс орын алмаған екен.
Жалпы, күн шығыс елі екі ғасыр уақыт бойы жабық экономика саясатын ұстанған. Сол кезеңде елге ешкімді кіргізбеген, ешкімді шығармаған. Бұл саясаттың салқыны қазіргі уақытқа дейін жетіп отыр. Әлі күнге жапондықтар сыртқы елдерге шығуды қаламайды. Өзге дінді ұстанбайды. Шетелдік компаниялармен жұмыс жасау үшін шет тілін білетін мамандар қолданады.
Жапон халқының дінге сенушілерінің 80%-ы будданы, 0,7%-ы христиандықты ұстанады. Жақында жүргізілген зерттеу бойынша, мұнда жасы жиырмаға жетпеген жастардың 85%-ы атеист. Халықтың төрттен бірі Құдайға сенбейді, бұл шамамен 30 млн. адам.
Дінмен сусындамағандықтан, адамдар рухани азықты теледидардан, көңіл көтеру орындарынан, ішімдіктен іздейді. Өмірдің мәнін түсінбегендіктен, ақиқатты таппағандықтан, депрессияға түседі. Сондықтан да Жапония өзін-өзі өлтірушілер санынан көш бастап тұр. Мүгедектерді қырып салған адамның уәжіне мән берсек, ол науқастарды бұл өмірден, былайша айтқанда, азаптан құтқарғысы келген екен.
«Менің есімім күн сәулесі түскен барлық жерге жетеді» деген сүйікті пайғамбарымыздың сүйіншісі бар. Бір жағынан, бұл хадис біздің сол сүйіншіге себепкер болуымызға үндейді. Технологиясы озық жапон еліне біз технология арқылы жақындай алармыз. Қайткен күнде де осынау мәдениетті елді ақиқатқа бұруымыз қажет.
Мирас Кесебаев
Пікірлер