Аймақтар айнасы

Ақыл-есі кем жандар құрт ауруының тұзағына неге ілікті?

Ақыл-есі кем жандар құрт ауруының тұзағына неге ілікті?

Түркістан қаласындағы №4 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығындағы емделушілердің арасында бірнеше науқастардың туберкулез ауруына шалдыққаны жайындағы жағымсыз хабар елге лезде-ақ тарап кетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жылына бір рет жүргізілетін профилактикалық тексеру барысында әлгі орталықтың 502 науқасының арасынан 30 қаңтар күні 7 адамның өкпе дертіне шалдыққаны анықталды. Үш адам ажал құшқан. Бұл жөнінде денсаулық сақтау басқармасының басшылығы шұғыл түрде […]

Толығырақ ›
Тұқым құрыса, өнім де құриды

Тұқым құрыса, өнім де құриды

Бұл мәселеге басшылар бас ауыртқысы келмей ме? Тұқым шаруашылығы саласы егіншіліктің негізі екені белгілі. Бұл бағытта жұмыстар жыл өткен сайын жанданып, Үкімет тарапынан жоғары репродукциялық тұқым сатып алу үшін 70 пайызға дейін субсидия да қарауда. Алайда осы егуге жарамды тұқымның сапасын тексеру жағы бізде кенжелеп тұр. Олай деуімізге себеп — Жамбыл облысында аталмыш бағытта жұмыс жасайтын тұқым инспекторлары бүгінде түп […]

Толығырақ ›
860,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

860,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Бұл жөнінде облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлия Мұқанбетжанова таяуда ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда облыста ауыл шаруашылығы бағытында 6 225 мың гектар жер бар. Соның 6 120 мың гектары жалға берілген, 23,7 мың гектары жекенің қолында, 75,9 мың гектар жерді мемлекеттік заңды тұлғалар тұрақты пайдалануда. Сондай-ақ 5,6 мың гектар […]

Толығырақ ›
Ақтөбе ауылдарында  кинотеатрлар жанданбақ

Ақтөбе ауылдарында кинотеатрлар жанданбақ

Бүгінде кинотеатрлар коммерциялық сипатқа ие. Әрі, олардың барлығы үлкен қалаларда ғана орналасқан. Ал алыстағы ағайын жаңа киноларды айына-жылына қалаға бір келгенде көріп қалуы мүмкін. Су жаңа фильмдер ғаламторға да шыға қоймайды, теледидардан да бірден көрсетіле бермейтіні анық.  Ақтөбе облысының мәдениет басқармасы таяуда шалғай ауыл тұрғындарын үміттендіретіндей жақсы хабар таратты. Бүгінде Ақтөбеде екі-ақ кинотеатр жұмыс істейді. Бірінің бағасы 1900 теңге, шалқайып […]

Толығырақ ›
Жетісуда жетістіктер жетерлік

Жетісуда жетістіктер жетерлік

Жуырда Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халық алдында өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары және алда тұрған міндеттер туралы есеп берді. Бұл келелі жиынға ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымов қатысты. — Өткен жыл ел тәуелсіздігіне 25 жыл толуымен ерекшеленді. Бұл айтулы межеге республикамыздың басқа өңірлерімен қатар, Алматы облысы да жақсы нәтижелермен […]

Толығырақ ›
Атырауда атқарылған және атқарылатын істер

Атырауда атқарылған және атқарылатын істер

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың Атырау облысының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі 2 000 орынға арналған «Жайық» спорт кешенінде өтті. Баяндамашы 2016 жылы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында айтарлықтай жұмыстардың жүзеге асырылғанын, соның ішінде «Кәсіпкерлікті қолдау картасы» бойынша жалпы құны 2,8 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаның іске қосылғанын айтты. Ауыл шаруашылығында жақсы өркендеу жүруде. Соңғы үш жылда жалпы құны 18,3 […]

Толығырақ ›
Қайыспас қара нарды Махамбетім!

Қайыспас қара нарды Махамбетім!

Батыр жатқан мазар маңында жол да, су да, жарық та жоқ. Махамбет Өтемісұлы: Сергелдеңмен өткен ер. Ойыл менен Дендерден, Сағыз бенен Жемдерден Одан да талып өткен ер, — деген жыр шумағындағы Дендер — Атырау өңіріндегі елді мекен. Осы өңірде 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, Нарын құмында дүниеге келген қазақтың көрнекті батыры Махамбет Өтемісұлының ел қорғаған ерлігі қазақ халқының жүрегінде мәңгі […]

Толығырақ ›
Ж.Түймебаевтың тірлігі тынымды

Ж.Түймебаевтың тірлігі тынымды

Жансейіт Қансейітұлының Оңтүстік Қазақстан облысының тізгінін ұстағанына әлі жыл толмады, дегенмен, шаруаны шыр айналдырып жатқанын көз көріп, құлақ естіп жүр. Жалпы алғанда, Жансейіт Қансейітұлы бұл есептік кездесуді бұрынғы жиындардан өзгеше ұйымдастырыпты. Ең алдымен әкімнің әдеттегідей төрде отырып, тұрғындар-ға төбеден қарап отырмай, көпшіліктің ортасына жайғасқаны айрықша әсер қалдырды. Жоғары жақтан келген құрметті қонақтар — ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов, ҚР […]

Толығырақ ›
Өнеркәсіп өнімдері 104,3 пайызға жеткен өңір

Өнеркәсіп өнімдері 104,3 пайызға жеткен өңір

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің «Ақмола облысының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылдың негізгі міндеттері туралы» есеп беру кездесуі Көкшетау мәдениет сарайында өтті. Кездесуге ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, ҚР Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы Қалдыбек Байымбетов қатысты. С.Кулагин кездесу алдында өңірдегі ұйым, мекемелердің өткен жылғы жетістіктері қойылған көрмені аралап көрді. Көрмеде «Тыныс» АҚ өндірген Ресейдің авиациялық […]

Толығырақ ›
Талқан өндірісіне қолдау қажет

Талқан өндірісіне қолдау қажет

Талқан — қазір таңсық ас. Наурыз бен Құрбан айтта, Ораза айында ғана дастарқан мәзірінен көретініміз рас. Осыған қарап-ақ, «талқанға айтарлықтай сұраныс жоқ екен» деп ой түюге әбден болады. Десек те, талқан өндіруді кәсіп еткен Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы «Бас көң» шаруа қожалығы бұл пайымымызды теріске шығарғандай… Төл тағамдарымыздың қатарынан орын алған талқанның қазақ ас мәзіріндегі орны ерек. Құнарын былай қойғанда, […]

Толығырақ ›