860,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Бұл жөнінде облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлия Мұқанбетжанова таяуда ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

20160927113710Оның айтуынша, қазіргі таңда облыста ауыл шаруашылығы бағытында 6 225 мың гектар жер бар. Соның 6 120 мың гектары жалға берілген, 23,7 мың гектары жекенің қолында, 75,9 мың гектар жерді мемлекеттік заңды тұлғалар тұрақты пайдалануда. Сондай-ақ 5,6 мың гектар жер бау-бақша өсіру үшін саяжай құрылысына бөлінген. Облыста 4985 фермерлер мен шаруа қожалығы тіркелген, соның 168-і мемлекеттік емес және 54-і мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдары. Ауыл шаруашылығы бағытындағы жер телімінің 98,6 пайызы мемлекеттік емес шаруашылық иелігінде. 2061 егіс алқабы шетелдіктер (Бөрлі ауданындағы «Ақсай нан өнімдері комбинаты») қатысқан заңды тұлғаларда. Моратория жарияланғанға дейін 2016 жылы облыста 2,6 мың гектар жер (12115 мың теңге ) жеке шаруа қожалықтарына берілген. Қазіргі кезде жекелердің қолына ауыл шаруашылығы жерлерін беру тоқтатылып тұр.
— 2012 жылдан бері құзырлы органдар жер телімдеріне тексеріс жүргізіп, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруда. Сол уақыттан бері ауыл шаруашылығы бағытындағы 1126,9 мың гектар жер-дің пайдаланылмай жатқаны анықталды. Алынған шаралардың нәтижесінде пайдаланылмай жатқан осыншама жер телімінің 860,2 мың гектары мемлекетке қайтарылды және соның 444,6 гектар жері ауыл шаруашылығы айналымына тартылды. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан алынған шаралар-дың нәтижесінде жер пайдаланушылар 253,8 мың гектар жерді игеруге кірісті. Өткен жылы біздің басқарма ҚР Жер қатынастары кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес 15 жеке және заңды тұлғалардан пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мәжбүрлеп қайтарып алды. Және оларды жерді дұрыс пайдаланбаушылар реестріне енгізу үшін бұл жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне хабарлады.
Қазіргі уақытта аудандық әкімдіктермен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурстар өткізуді жоспарлап отырмыз. Осыған орай, биыл аудандармен жалпы көлемі 20,1 мың га құрайтын 39 жер учаскесі бойынша 21 конкурс өткізу көзделуде. Бұл ретте сауда-саттық өткізу бойынша дайындық жұмыстары және жерге орналастыру құжаттамасын дайындау үшін 7407 мың теңге көлемінде қаражат қажет болып отыр, — деген Әлия Бегалықызы биыл жеке тұрғын үй құрылысы үшін облыс аудандарында шамамен 3252 жер телімі бөлінетінін айтты.
Бұдан соң сөйлеген облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын қадағалау басқармасының басшысы Салауат Нұрғалиев 2016 жылы басқарма тарапынан жер заңдылықтарының сақталуына 304 тексеру жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде 119 заңбұзушылық анықталғанын жеткізді. Осыған орай салынған айыппұл көлемі 11 млн. 789 мың теңгені құраған.
— Сондай-ақ, тұрақты түрде жүргізіл-ген тексеру жұмыстарының нәтижесінде 2015 жылы жалпы көлемі 64,0 мың гектар құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік, жайы-лымдық және шабындық жерлерін тиісті мақсатында пайдаланбаған 133 шаруашылыққа игеру қажеттігі жөнінде нұсқамалар берілді және осы нұсқамалар заңға сәйкес құқық ауыртпалығы ретінде Әділет департаментінде тіркелді. Салық кодексіне сәйкес, өз қарамағындағы жер телімін дұрыс игермей отырған ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің тізімі мемлекеттік кіріс департаментіне жолданып, 133 шаруашылықтың жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 есе ұлғайтылды. Нәтижесінде өз жеріне немқұрайлы қараған шаруаларға 1 млн. 169 мың 969 теңге көлемінде жер салығы салынды. Сондай-ақ, жер телімін игермеген 19 шаруашылықтың жалпы көлемі 11,8 мың гектар құрайтын жер учаскесін мемлекет меншігіне алып қою жөнінде сот органының шешімдері шықты. Тағы 47 шаруашылық басқарма нұсқамасынан кейін 16,7 мың гектар жерден ерікті түрде бас тартып, мемлекет меншігіне қайтарды. Қорыта айтқанда, бүгінгі күні 66 шаруашылыққа қарасты жалпы көлемі 28,5 мың гектар ауыл шаруашылығы бағытындағы жер телімі дұрыс пайдаланбауына байланысты мемлекет меншігіне қайтарылды, — деген Салауат Ғаббасұлы жердің әр телімін тиімді пайдалануға шақырды. Оның сөзінше, жерді неғұрлым ұтымды пайдаланса, оның қайтарымы да мол болмақ.

Айша Өтепали