Т.Жаманқұлов сотқа жауап бере бастады

sputniknews.kz сайтынан

sputniknews.kz сайтынан

Фильм түсіруге бюджеттен ақша алып, оны бас пайдасына жаратты деп айыпталған атақты актер Тұңғышбай Жаманқұлов 27 ақпандағы сот отырысына жақындарын түгел ертіп әкелді. Айыпталушы орындығында Жаманқұловтан бөлек фильм режиссері мен тағы оншақты адам бар. 69 миллион теңгені кімнің, қайда жібергенін енді әрқайсысы сотқа жеке түсіндіріп жатыр. Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі қазір кепілақымен бостандықта жүр. Ал атышулы режиссер Талғат Жаныбеков екі айдан бері қамауда отыр. Жаманқұловтың адвокаты Бақытгүл Қадырбекова: «Көп мәліметті дұрыс жеткізбей жатыр. Сондықтан біз қарсы болдық. Ауыздан шыққан мәлімет дұрыс жеткізілуі керек халыққа», — дейді.