Елбасы Димашқа арнайы стипендия тағайындады

D-800x480ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Д.Құдайбергеновтың оқу орнында болған кездесуде: «Димаш — еліміздің мақтанышы. Осындай баланы тәрбиелеп өсірген оның ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтарға, сондай-ақ ұстаздарына ризашылық білдіремін. Димаш аяқ астынан танымал бола қалған жоқ, бұрыннан конкурстарға қатысып келеді. Оның бұрыннан бері халықаралық байқауларға, мемлекеттің үлкен концерттеріне қатысып жүргенін жақсы білесіздер. Жақында ғана елбасы Димашты басқа да өнер адамдарымен бірге өзінің арнайы стипендиясымен құрметтеді. Біздің Елбасымыздың Димашқа деген қамқорлығын осыдан-ақ білуге болады»,— деді. Қытайда дауысымен, өнерімен миллиардтарды тәнті еткен Димаш Құдайберген өткен сенбіде Қазақстанға ұшып келді. Әншінің менеджері әрі досы Алпамыс Шаримовтың айтуынша, Димаш пен Hunan TV арнасының түсірілім тобы елімізге әншінің өмірі мен туған жері жайлы түсіруге келіпті. Сюжет алдағы уақытта қытайлық телеарнада көрсетілетін көрінеді.