В.Путин Алматыға неге келді?

birgun.net сайтынан

birgun.net сайтынан

Ақорда баспасөзі: «Жұмыс барысымен Қазақстанға келген Ресей президенті Владимир Путин мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында маңызды тақырыптар мен мәселелер талқыға түсіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың жолдары туралы айтылды. Тараптар Еуразиялық интеграция мен экономикалық мүмкіндіктерге де тоқталды»,— деп хабарлады. Сол кездесуде мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Біз осы 25 жыл ішінде көршілес мемлекеттер арасында болуға тиіс үлгілі қарым-қатынасты орната білдік деп есептеймін. Ресей федерациясы Қазақстан үшін «саясат пен экономикадағы нөмірі бірінші серіктес» болып қала бермек. Тығыз ынтымақтастық арқасында біз Еуразиялық экономикалық одақты құрдық. Бұл оның барлық қатысушылары үшін маңызды әрі перспективалы құрылым деп санаймын. Бүгінде Ресейдің 7 мыңнан астам кәсіпорны Қазақстанда өкілдіктерін ашып, жаңадан қайта өңдеу өнеркәсібін құруға ықпал етуде. Сіздің былтыр күзде Қазақстанға жасаған сапарыңыз бен Еуразиялық экономикалық одақ аясында Санкт-Петербургтегі кездесуіміз құны 3 миллиард АҚШ долларын құрайтын 41 келісімшартқа қол қоюға мүмкіндік берді»,— десе, өз кезегінде В. Путин: «Сирия бойынша Қазақстан тарапы жай ұйымдастырушы ретінде ғана қатысып қоймай, жалпы жағымды рөл атқарғанын білемін. Сіз кездесу ұйымдастыруға тікелей атсалысып, қатысушылармен және делегаттармен жұмыс жүргіздіңіз. Сіздің арқаңызда ешқашан болмаған нәтижеге қол жеткіздік. Әсіресе, атыстың тоқтатылуына бақылау жасау тетігі табылды — бұл ең басты мәселе. Енді бұл Женевада жалғасатын келіссөздерге негіз болады»,— деді.