Оскар табыстау кеші қалай өтті?
Бүгін таңертең әлем назары Америкаға ауды. Бұл жолы жұртшылық қызығушылығын тудырған президент Трамптың кезекті шешімі немесе твиттер посты емес, барша кәсіби мамандар мен кино сүйер қауым асыға күткен, жылдың үздіктері анықталатын Оскар жүлдесінің ресми табыстау кеші болды. qazdauiri.kz/old сайты Оскар рәсімің қызығы мен шыжығына шолу жасап өтті.

Сурет kinowar.com сайтынан
Тойдың болуынан боладысы қызық демекші, 89-шы рет өткізілген Оскар салтанатын да барша әлем тағатсыздана күтті. Концерт күні кімнің жеңімпаз болатындығы, қай жұлдыздардың келетіндігі, олардың қандай бренд киімдерін таңдайтындығына дейін болжамдар жасалды. Өз кезегінде жұлдыздар да әлеуметтік желілерде спойлерлер жасау арқылы салтанатты шараға деген қызығушылықты арттыра түсті. Мысалы Джастин Тимберлейк Оскар сахнасында өнер көрсететіндігін твиттер парақшасында білдірді:
Warm up. #Oscars pic.twitter.com/HIPrC1czK6
— Justin Timberlake (@jtimberlake) February 26, 2017
Айта кетейік әншінің “Can’t stop the feeling” әні үздік саундтрек номинациясына үміткер болды.
Кеш алдында киноакадемия кино саласында тер төгіп жүрген барлық мамандардың басты арманы болып табылатын Оскар жүлдесінің жасалу барысын твиттер парақшасында жариялады:
The #Oscars take quite a journey before they hit the stage on Sunday. pic.twitter.com/OazBdEg3OZ
— The Academy (@TheAcademy) February 25, 2017
Дональд Трампқа деген қарсылық Оскар рәсімінде де білінді. Шет тіліндегі ең үздік фильм атанған “Коммивояжер” туындысының режиссері ирандық Асгар Фархади Трамптың босқындар туралы шешіміне байланысты жүлде алуға келмеген. Голливудтық жұлдыздардың азаматтық құқық еркіндігінің белгісі саналатын көк белгі тағудың астарында да президент саясатына ашық қарсылық жатқандай:
Ruth Negga's arrived to the #Oscars red carpet pic.twitter.com/tsAGGbFWgS
— The Academy (@TheAcademy) February 26, 2017
Қазір Америкада Трамп туралы әзілсіз іс-шара өтпейтіндей. Жүргізуші Джимми Киммел: “Оскар салтанатынан тікелей эфирдің басталғанына 3 сағат болды. Трамп біз туралы ештеңе жазған жоқ. Мен алаңдай бастадым”,-деп, твиттер парақшасында президентті “оятуға” тырысты:
Hey @realDonaldTrump u up?
— Jimmy Kimmel (@jimmykimmel) February 27, 2017
Бұл жолғы Оскар лауреаттарының арасында “Ақ дулығалар”(White helmets) фильмі ерекшеленеді. Туынды ең үздік деректі фильм жүлдесін жеңіп алды. Бейне Сириядағы әуе шабуылдарынан зардап шеккендерге көмектескен еріктілер жайлы:
Биыл жылдың ең үздік фильмін хабарлау барысында түсініспеушілік болды. Алғашында “Ла-Ла-Ленд” кинотуындысын жеңімпаз деп танытты. Кейіннен сахна артында жеңімпаздар аты жазылған конверттердің ауысып кеткені белгілі болып, ең үздік фильмнің “Ай жарығы”(Moonlight) екені жарияланды:
WATCH: 'La La Land' announced as #Oscars Best Picture winner, but only until a mistake is realized with 'Moonlight' being the real winner. pic.twitter.com/wYsUngcdwe
— ABC News (@ABC) February 27, 2017
Сахнада орын алған бұл жағдай ұйымдастырушыларды ұятқа қалдырды. Жүргізуші Джимми Киммел кеш соңында: “Не болғанын түсінбедім, алайда мен өзімді кінәлі санаймын. Ұятқа қалатынымды білгенмін! Енді ешқашан қайта оралмаймын деп сөз беремін”,-деді.
Бұл жылдың үздік фильмі көпшілік болжағандай 14 номинацияға үміткер болған “Ла-Ла-Ленд” емес, “Ай жарығы”(Moonlight) кинотуындысы болды.

Бұл фильм 2 афроамерикандық ер баланың романтикалық оқиғаларына және олардың таңдауларына негізделген. “Ай жарығы астында қара нәсілділер көгілдірге айналады” фильмнің басты лозунгы болып табылады. Негізі Оскар жүлдесін бергенде саяси мақсаттар көзделетіні айтылып жатады. Киноакадемияның бұл шешімінің астарында да дәстүрлі емес жыныстық ориентацияны насихаттау жатқандай.
Жалпы Оскар жүлдерінің барлығы маңызды. Алайда «ең үздік актер», «ең үздік актриса», «ең үздік режиссер», «ең үздік фильм» номинацияларының орны бөлек. Жылдың үздік актер болып Кейси Аффлек таңдалды. Әйелдерде үздік болып Эмма Стоун танылды. Ең үздік режиссер- Дэмьен Шазелл. Ол небәрі 32 жасында жеңімпаз атанып, жүлде тарихындағы ең жас Оскар алған режиссер болды.
Қазыбек Халықбек
Пікірлер