Универсиада жеңімпаздары мықтылығын дәлелдеді
Минскіден келіп жеткен қуанышты хабарға қарағанда, қазақстандық шорт-трекшілер Денис Никиша мен Абзал Әжғалиев Минскіде шорт-тректен өткен Әлем кубогының 500 метр қашықтықтағы қорытынды кезеңінде алтын мен күміс медальдарды жеңіп алған көрінеді. Денис Никиша финалда бұл қашықтықты 41.219 секундта жүріп өтсе, Абзал Әжғалиев 41.436 секунд көрсеткішті бағындырыпты. Ал мәре сызығын үшінші болып 41.473 секунд көрсеткішпен канадалық Франсуа Амлен еншілесе, 4-орынға Оңтүстік Корея өкілі Ким Чон Чхун (41.540) тұрақтапты. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Нұрберген Жұмағазиев 1000 метр қашықтықта өнер көрсетіп, екі рет қола жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ, қазақстандық шорт-трекшілер 5000 метр қашықтықта да 3-орыннан көрінген-ді. Айтары жоқ, тамаша жетістік!
Пікірлер