«Мен саған ғашықпын»
Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, газетіміздің бас редакторы Ертай Айғалиұлының «Мен саған ғашықпын» атты жаңа кітабы жарыққа шықты. Атырау облысы, Жылыой ауданы әкімінің қолдауымен шығарылған роман-күнделік автордың алғашқы кітабы емес. Бұған дейін де «Қара жапырақтар», «Сарайшық ханшайымы және Иван Грозный» атты романдары да көпшілікке жол тартып, қалың оқырмандар тарапынан үлкен сұранысқа ие болған еді. Біз де әріптесімізді сиясы кеппеген жап-жаңа төл туындысының жарыққа шығуымен құттықтаймыз. Қаламыңыз мұқалмай, жазарыңыз көбейе берсін дейміз.
Құрметпен, «Қазақстан ZAMAN» газеті мен
«Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы
Желтоқсандықтардың әрқашанда жанашыры болып жүрген, бес уақыт намазын қаза етпейтін, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, «Қазақстан ZAMAN» халықаралық қазақ-түрік газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы ағамның «Мен саған ғашықпын» деген жаңадан шыққан кітабын өз қолынан алғаным, мен үшін үлкен абырой….
https://www.facebook.com/erlan.muslim
Құтты болсын, құттықтаймын!Шығармашылығыңыздан зор табыстарға жетіп, жемісін көруді Алла сізге нәсіп етсін!
Ертай Айғалиұлы, жаңа кітабыңыз құтты болсын. «Лен, жаста» жүргендежазған «Жұлдыздар тоңған түн еді» деп аталады-ау, шамасы, мақалаңызды оқып, жаныңыздың нәзік, жүрегіңіздің таза, иманды екеніңізді білгем, дұрысы сезгенмін, аздап ғашық та болғанбыз сізге… Тілеулесіңізбін сыртыңыздан, сіздің кітабыңыздың атының өзі қызықтырып отыр. Тауып алып, оқырмын. Аман жүріңізші.