Экономика

Любовь Худова: Жеңіл өнеркәсіп 1 пайыз, Үкімет неге қауқарсыз?

Любовь Худова: Жеңіл өнеркәсіп 1 пайыз, Үкімет неге қауқарсыз?

Шикізатқа бай бола тұра, импортқа тәуелдіміз — Елімізде «иті қырын жүгірген» саланың бірі — отандық жеңіл өнеркәсіп. Ол баршаға аян. Иә, билік «жеңіл өнеркәсіптің ел экономикасын дамытудағы үлесі орасан. Сол себепті де бұл сектор Үкімет назарынан тыс қалып отырған жоқ» дейді. Сіз бұған не дер едіңіз? — Жеңіл өнеркәсіптің дағдарысқа ұшырағаны қашан! Әлі еңсесін көтере алмай келеді. КСРО-мен бірге бұл […]

Толығырақ ›
Зeйнeтақы қорының тағдыры кімнің қолында?

Зeйнeтақы қорының тағдыры кімнің қолында?

«Ақша жүргeн жeрдe албасты жүрeді» дeгeн атам қазақ. Шынымeн дe, қомақты қаржы қай жeрдe жатса, тeрісін тeспeй соратындар сол жақта. Оны дәлeлдeп жатудың өзі артық. Зeйнeтақы қорындағы он миллионнан астам салымшының триллиондары да дәл солай талайлардың тәбeтін ашып, сілeкeйлeрін шұбыртты. Үкімeт eндігі зeйнeтақы қорындағы активтeрді басқаруды дұрыс жолға қоймаса, «қуырдақтың көкeсін түйe сойғанда көрeміз». Соңғы кeздeрі тың жаңалықтарымeн таң қалдырып […]

Толығырақ ›
????????????????????????????????????

Ағылшындар «қазақ сол досын жеп қояды» деп айтады

Өткен жылы Малайзияның Алматыдағы консулы бірнеше журналисті Малайзияға саяхаттауға апарды. Жалғыз біз емес, 19 елден журналистер шақырған екен. Әсіресе Германия, Қытай, Үндістан елдерінен келген журналистер өте көп болды. 10 күнге созылған саяхатымыз Туризм және Мәдениет министрлерінің қатысқан ресми есеп беру және Малайзия елі, малай ұлтының, Малайзияда мекен еткен этностардың ұлттық ерекшеліктерін таныту мақсатында ұйымдастырылған үлкен концертпен ашылды. Тіпті, жергілікті «MUD» […]

Толығырақ ›
Аспанда сыммен ұшатын жаңа транспорт пайда болуы мүмкін

Аспанда сыммен ұшатын жаңа транспорт пайда болуы мүмкін

Алматы қаласында RSW Investment Group Ltd компаниясының Sky Way Invest Group сауда маркасы жұмыс істейді. Осы компанияның Қазақстандағы өкілі, «КазахТранснет» директоры Жәмила Жақыпқызы Жүсіпбекова ханыммен тілдескенімізде, төмендегідей ақпараттардан хабардар болдық. Ендігі сөз кезегі Ж.Ж.Жүсіпбековада:  — Өткен тарихқа көз салсақ, әлемді, адамзаттың тұрмысын өзгерткен бес үлкен технологиялық жаңалық болғанын айтуға тура келеді. Олар: тігін станоктарының пайда болуы, пармен жүретін көліктердің пайда […]

Толығырақ ›
«Қара алтынның» дәуірі өтіп барады»  деген мамандар уәжінде шындық бар

«Қара алтынның» дәуірі өтіп барады» деген мамандар уәжінде шындық бар

Текетірес себебі Бюджет портфелі мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасына тәуелді мемлекеттер үшін ОПЕК елдерінің мұнайды өндіру көлемін қысқарту туралы келісімге келуі әлемдік нарықтағы артық «қара алтыннан» арылып, оның бағасын тұрақтандырып қана қоймай, көтере түсетіндігі сөзсіз. Сондықтан да әлем жұртшылығы алдағы уақытта мұнай бағасының көтерілуі ОПЕК-тің әрекетіне тікелей байланысты екенін жақсы түсініп отыр әрі соған үміт артады. Егер ұйымға мүше елдер келісімшарттарын […]

Толығырақ ›
Халықты қаласы  асырай ма, дала асырай ма?

Халықты қаласы асырай ма, дала асырай ма?

Еліміз және оның (қысқаша) экономикалық қуаты Біздің елде шамамен 130 ұлт өкілдерінен құралған 18 миллиондай халық тұрады. Қазақстанның байтақ даласы 5 Франция немесе 3 Түркияның территориясымен тең. Еліміздің кең байтақ екендігі сондай, мысалы, Сингапурда 1 шаршы шақырымға 7437 адамнан келетін болса, бізде бір шаршы шақырымға небары 6-ақ адамнан келеді екен. Ал Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара әлемдегі құрлықпен өтетін ең […]

Толығырақ ›
«Қазком» қарызға батты, ал салымшылар ше?

«Қазком» қарызға батты, ал салымшылар ше?

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев: «Мен «Қазкоммерцбанктің» қызметіне оң бағамды беремін, сондықтан оның салымшыларына жинаған қаражаттары үшін алаңдауға негіз жоқ. Аталған банкке 400 миллиард теңге көлемінде қарыз берілген. Бірақ, неге екенін білмеймін, «Қазкоммерцбанктің» дүйсенбі күні қарыздың жартысын, яғни 200 миллиард теңгені өтегенін көпшілік байқамай қалыпты. Қазір «Қазкомның» Ұлттық банк алдындағы қарызы 200 миллиард теңгені құрайды, бұл стандартталған сома, банктің активтеріне […]

Толығырақ ›
«Тәуелсіздікке 25 жыл» футболкалары рухты көтереді

«Тәуелсіздікке 25 жыл» футболкалары рухты көтереді

«Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының мүшесі Сайлаухан Абылай:                             «Қазақы рухты көтеру керек»     Кейінгі кездерде әлеуметтік желілерде еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай шыққан футболкалардың роликтері мен суреттері көпшілікті қызықтыра түсуде. Осы орайда бұл іспен айналысып жатқан Абылай атты азаматпен сұхбат құрудың сәті келді. —Бұндай киім үлгісін ойлап табуға не себеп болды? Негізгі мақсаттарыңыз қандай? —Биылғы жыл біз үшін […]

Толығырақ ›
Орманымыз қартайып, ырысымыз ортайып барады

Орманымыз қартайып, ырысымыз ортайып барады

Еліміздегі орманды алқаптардың көлемі 5 пайыздан аспаса, Шығыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 47 пайызға жетіп жығылады. Себебі шығыстағы Алтай өңірі жазық дала емес, қалың орман, тайга. Жалғыз Шығыс Қазақстан облысының өзінде ғана республика орманының жартысына жуық бөлігі орналасқан. Бағзы тарихи замандардан бері бұл өлкеде өнеркәсіптік өнімдер шығарумен 7 аймақ айналысып келген еді. Олардың қатарында қазіргі Риддер (бұрынғы Лениногорск), Глубокое, Шемонайха, […]

Толығырақ ›

Алматыда пәтер бағасы түскен

«Алматының жылжымайтын мүлік нарығында өткен аптада бағаның бірте-бірте төмендеуі байқалған», — деп хабарлайды «kn.kz». Өзгерістер нарықтың барлық сегментінде байқалды. 29 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында жасалған бақылаудан қала бойынша жалпы бір шаршы метрдің құны 387 100 теңге немесе 1 135 доллар болғаны анықталды. Алматыда ескі үйлерді сатушылар орташа алғанда 23 939 500 теңге деген бағаны қойып отыр. «Қымбат» баспаналардың орташа […]

Толығырақ ›