Қазір балалар тұрмақ үлкендердің кітап оқудан алыстап кеткен шағы. Оның несін жасырамыз? Нағыз оқитын адамдар мұғалімдер болуға тиіс. Өз мамандықтарына байланысты кітаптарды айтпаймын, көркем әдеби шығармаларды меңзеп отырмын. Біздің өмір сүріп жатқан кезеңнің ең қорқынышты тұсы, ұрпақ тәрбиесіне нағыз жауапты деген ұстаздардың дені көркем әдеби кітаптарды тек әдебиет пәнінің мұғалімдері оқуға тиіс деген түсінікте екені де рас. Бүгінгі күнде отбасында, […]
Толығырақ ›Білім
Мақал-мәтелді физика сабағында пайдалана оқытудың тиімділігі
Бүгінде қазақ халқының ұмытылып бара жатқан тілі мен діні, салт-дәстүрлері қайта жаңғыру үстінде. Баланың жүрегіне жол тауып, олардың ойына, ұлттық санасына көңіл бөлу арқылы есте сақтау қабілетін шыңдап, білімге жетелей білу үшін мұғалім оқушыларды қызықтырып, оқушының ой-өрісін шығармашылықпен дамытуға әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Мәселен, өзім физика сабағында өтілген тақырыпты қазақтың астарлы да мағыналы мақал-мәтелімен сәйкестендіре отырып түсіндіру арқылы оқушының ойын […]
Толығырақ ›Аятжан Ахметжан: Әлиханша айтсам: қазақ баласының білім алуына қызмет қылмай қоймаймын…
Өткен аптада ақындығы бір төбе, айтқан ойлары қоғамда түрлі пікір туғызып, талқыланып жүрген, журналистік қыры да бар, химия пәнінен дарынды балаларды тәрбиелеп жүрген, елордадағы республикалық KazBilim орталығының басшысы Аятжан Ахметжанның жаңа үш кітабы жарыққа шықты. Талантын таза жолда ұстауды мұрат етіп, уақытын адал еңбекке жұмсап жүрген азаматтың өлеңдер жинағы «Мінез» деп аталса, білім саласы мен ұрпақ тәрбиесі турасындағы таңдаулы публицистикалық […]
Толығырақ ›СДУ түлектеріне сұраныс жоғары
Сүлеймен Демирел университеті — еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарында ашылған алғашқы шетелдік оқу орны. Тіршілігі бір толас таппайтын мегаполистен жырақтау жерде, Алатаудың бөктері, табиғаты жайқалған, ауасы таза Қаскелең қаласына кіреберіс тұста орналасқан заманауи кампус, айрықша дизайнмен салынған ғимарат, шетелдік оқытушылар мен білімге құштар студенттер… Осының барлығы университетті қазақстандық оқу орындарынан бөліп-жарып, ерекшелеп тұр. Бүгінде СДУ-ды барлығы таниды, оқуға түсуге […]
Толығырақ ›Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тілді меңгеру. «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекетік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білуі – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан […]
Толығырақ ›Зерек жастар пікірсайысы
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Маңғыстау облысындағы «Дарын» қосымша білім беру орталығында «Денсаулық — зор байлық!» атауымен республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Шараны Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының «25 игі іс» іс-шаралар жоспары аясында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Екі күнге жоспарланған турнирге Қазақстан Республикасының пікірсайыс технологиясын меңгерген Астана, Алматы қалаларының және Маңғыстау, Қызылорда, […]
Толығырақ ›Инновациялық технология — колледж болашағы
Қазақстанда өзінің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға жақындататын білім берудің ұлттық моделі қалыптасуда. Айтарлықтай қазіргі кезеңде білім беруді реформалау білім беру жүйесінің өзекті бөлігі — оқытушының кәсіби қызметі білімін жетілдіріп, шыңдап отыруы. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын, экономика мен әлеуметтік саланы дамытуда маңызды рөл атқарады. Біздің Талдықорған өнеркәсіп индустрия және […]
Толығырақ ›Кәсіптік білім — жарқын болашақ кепілі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан стратегиясы — 2050»: «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында: «Кәсіптік-техникалық білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет», — деп атап көрсеткен. Заман көші алға жылжыған сайын елімізде кәсіптік білімге деген талап күн сайын өсіп келеді. Кадр мамандар оқытып даярлау, тәрбиелеу қашанда актуальды мәселе. Қазіргі кезде […]
Толығырақ ›Басты бағыт — ғылым
Жақында ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ғылым мен технология және инновация мәселелері бойынша өткен Азия парламентаралық форумына қатысты. Отырыста 25 мемлекеттен келген сарапшылар мен парламент мүшелері, халықаралық ұйымдардың Астанадағы өкілдері Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердегі білім беру саласы мен ғылыми әлеуетті арттыру бойынша байланысты нығайту мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар ИЫҰ мүше елдердің экономикасына алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу мен білімге негізделген […]
Толығырақ ›Жазғы демалыста 179 900 жасөспірім демалады
— Биыл ҚР Премьер-министрінің «2016-2019 жылдарға арналған жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» арнайы өкімі бекітілді. Осыған орай Білім басқармасы тарапынан қандай жұмыстар атқарылуда? — Өте орынды сұрақ. Министрлік бекіткен өкімді орындау үшін биыл Білім басқармасының тарапынан нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті бюджеттен 190 млн. теңге бөлініп, «Спутник», «Огонек» және «Өрнек» балалар лагерьлеріне ата-анасының […]
Толығырақ ›








Пікірлер