Айналайын Нұр-ағам, шетте жүрген қазаққа шектірмеші азап, мұң

«Қазақстан-ZAMAN» газетінің №1 (972) 9 қаңтардағы санында жарияланған «Заң жүзеге асса, 5 млн. қазақтан тірідей айырыламыз!» www.qazdauiri.kz/old атты мақаласында Сәуле Мешітбайқызы қандастарымызға қатысты көңілді күпті еткен мәселені тереңінен толғап жазған. Аналық мейірім ұялаған, иманды жүректен шыққан бұл сөз талайларды толғандырарына күмәнім жоқ. Елбасына өзгелердің жазған хаты да, даты да жетпесі анық. Алайда, Сәуле апайдың бұл мақаласына ешкім де тосқауыл бола алмайды. Біз жаман болсақ та, жақсы болсақ та, тілегіміз бен тілеуіміз бір қарға тамырлы қазақ емеспіз бе? Жаман болсақ та, аман болайық демекші, ұрсысып, керісіп қалып жүрсек те, ұлтымыздың тұтастығы мен бірлігіне нұқсан келтірмеуге тырысайық. Ата-бабаларымыздың өсиеттеп кеткен аманатына қиянат жасамайық, ағайын! Ауызбіршілікте болайық, көбейейік, көркейейік! Алла тағала бізді ажыратудан, араздастырудан сақтасын деп, Нұрсұлтан ағамызға арнаған өлеңімді назарларыңызға ұсынамын.

Айналайын Нұр-ағам,  шетте жүрген қазаққа шектірмеші азап, мұң

Айналайын Нұр-ағам,
шетте жүрген қазаққа шектірмеші азап, мұң

Сәлем бердім бас иіп,
Елбасы сізге Нұр-аға,
Қалың елдің көз жасы,
Сәлемімде тұр, аға.
Оралған елге оралман,
Құрмет тұтты өзіңді,
Құрметі үшін солардың,
Қабыл алғай сөзімді.
Мен де соның бірімін,
Пірдей тұтқан өзіңді.
Қалың елдің атынан,
Сөйлейін сізге сөзімді.
Айтпасқа сізге болмады,
Болсам да қанша төзімді,
Ішімде бұққан булығып,
Шығарды шерім сөзімді.
Өткерген бастан бабалар,
Қилы бір күннің заманын,
Ұлтын қорғап бөгдеден,
Қорғаны болып даланың.
Бұза алмайық бұғаудың,
Соғылған құрыш қамалын,
Көре алмай кетті бабалар,
Азаттық мынау заманын.
Тілемес кімдер, Нұр-аға,
Ел-жерінің аманын,
Отырғам жоқ қазбалап,
Айтайын деп жаманын.
Оралман үшін жасаған,
Дұрыс болмады қадамың,
Қиянат сізге жасатты-ау,
Шоқпарың болған адамың.
Жамандап сізді көндірді,

Жамандап, сізді көндірді
Қазаққа қарсы наданың.
Болса да қазақ орысқол,
Қасыңда жүрген адамың.
Жаман да болса оралман,
Қандасың — өз адамың.
Тар кешу, тайғақ жол емес,
Кеңшілік мынау заманың.
Айналайын Нұр-ағам,
Асып туған дана едің,
Бір ел түгілі әлемде,
Бар қазаққа пана едің.
Айтқан сөз бен уәжің,
Жерде қалмас дара едің.
Елім деп келген қазаққа,
Қамқор болар жан едің.
Ұлтыңа қайыр етпесең,
Қадіріне оның жетпесең,
Кел деп алып шақырып,
Қалғаның енді кет десең.
Елім деп келген қазақты,
Өзге емес, өзің шеттетсең,
Қазаққа дұшпан біреудің
Сөзін сөйлеп жөптесең.
Сенімі қайда қалмақшы,
Өзіңе артқан қазақтың?
Аз қазақтың басынан,
Арылар ма азап, мұң?
Ғасырлар бойы күткені
Осы еді ғой — азат күн,
Шетте жүрген қазаққа,
Шектірме енді азап, мұң.
Қалмаңыз енді, Нұр-аға,
Көз жасына қазақтың,
Қайта қарап заңыңды,
Көшін бұр елге қазақтың.
Болсаңыз да патшамыз
Анадан туған боларсыз.
Көп ананың көлдеткен
Көз жасына қаларсыз.
Қазақты жиып ел қылғай,
Қайғы-мұңсыз, наласыз,
Мәңгі емес қой патшалық,
Одан да бір күн қаларсыз.
Бірлік деген — сара жол
Мұратқа елің жететін.
Билік мәңгі емес қой,
Қолдың кірі кететін.
Әлем сыйлап бас иген,
Дара тұлға, данасыз.
Абырой, атақ, құрметке,
Кенде емессіз, дарасыз.
Бар қазақтың бағына,
Жаралып туған баласыз.
Соған лайық іс қылғай,
Қалмасын қазақ панасыз.
Ғасырда қайта туылмас,
Туылған дара ұлысыз.
Бөлініп жатқан елің жоқ,
Орта деп, Кіші, Ұлы жүз.
Шеттен келді демесең,
Бір қазақтың ұлымыз,
Пайғамбардың үмбеті,
Бір Алланың құлымыз.
Ел болып Сізге бас иіп,
Шағымданған мұңымыз,
Отырған жасап ұлтыңа
Қиянат болар мұныңыз.
Қатысты көшке құжатты,
Қайталап бір қолға алып,
Ойланып көрші, Нұр-аға!..

Бағдал Ақынұлы 

Қазақстан журналистер одағының мүшесі



31 пікір

  1. Акжан Касымбек кажы тег!:

    Өте өткір,айтарын ашылып айткан! Жауапсыз калмайтын жан айкай!

    • Бағдал Ақынұлы.:

      Акжан Қасымбек қажы,өлеңімді ынтамен оқып, оның түп мағынасын терең зерделеп ойтүйіп, пікір білдіргеніңізге алғысым шексіз. Ұлтын сүйер өзіңіздей азаматтарымыз көп болғай, сізге көп рахмет.

      • Айткүл:

        Бұл хат адресатына жетсе, өзгеріс болуы мүмкін.Әлем қазақтарының Ұлы Дала төсінде жайылып жатқан атамекенінің бар екенін жалпақ жаһанға жария еткен Нұр ағамыз бұл хатты оқыса, жауапсыз қалдыр
        мас…

  2. Сауле Мешитбайкызы:

    Алла разы болсын бауырым !Өзгермейтін еш нәрсе жоқ. Заң адам игілігіне қызмет етеді… Өзгермейтін, Алладан жерге түскен ҚҰРАН!
    Бабаларымыз» бас кеспек болсада, тіл кеспек жоқ» деген» Елбасымыз қашанда, халқымен бірге сабырмен артын күтейік ағайын !
    Алла патшамызға тауфих берсін, баршамызға жар болсын !

  3. Әйгерім Мақажан:

    Қазаққа жаны ашитын қазақ қана!!!
    Бала күннен бір естелік айтайын тақырыпқа сай: тәуелсіздік алған соң 1991-1992жж. біздің ауылға да Моңғолиядан қандастарымыз көшіп келді. Баламыз ғой олардың өзімізбен жасты балаларын «моңғол» деп мазақтап өз ортамыздан шеттетін едік. Бір күні әкеміз естіп бізге олай айтпаңдар деп ашуланып ұрысты. Сосын қасына отырғызып қойып, ақылмен түсіндірді. Әке сөзі — оқ. Содан бері оралмандарды АҒАЙЫН-ТУЫСҚАН деп атаймыз.
    Шет жерде жүрген ағайын-туысқанымыз Отанына оралсын деп тілейміз!

  4. Бағдал Ақынұлы.:

    Негізінен кейбір шумақтарының сөздері мен сөйлемдері қате басылып кеткен екен. Мысалы, соңғы шумағы,
    Құжаттарын Көші-қонның,
    Қайталап бір қолға алып,
    Ойланып көргей Нұр Аға,
    Тағдырын қазақ толғанып, -делінге еді…Оқырман қауым сіздерге алғысым шексіз. Аш ішектей шұбатылған бұл өлеңімді кім оқи қояр деген ойда немқұрайлылау жаза салған едім. Соған қарамастан не бары екі күнде 1600 оқырманның оқығанына марқайып қалдым. Алдағы уақытта осы өлеңнің мақтауы мен даттауы аралас толығырақ нұсқасын жариялатуды ойлаймын. Сіздердің ақыл кеңестеріңізді, құнды пікірлеріңізді күтемін…

    • Бағдал Ақынұлы.:

      Әйгерім қызым, шеттегі ағайынға деген ниет, тілегіңе Аллаһ разы болсын, көп-көп рахмет қызым, бақытты бол, айналайын.

  5. сауле Мешітбайқызы:

    МАҚАЛАМА ПІКІР БІЛДІРІП ЖАТҚАНДАРҒА АЛҒЫС АЙТАМЫН!

    Құрметті, алыс-жақындағы ағайын! Менің «Ұлы көштің тоқтауы — кешірілмейтін қылмыс!» атты мақалама үн қосып жатқандарыңызға алғыстан басқа айтарым жоқ. Қазірдің өзінде http://www.qazdauiri.kz/old сайтында 812 адам пікір қалдырып, 1003 адам оқыпты. Ал көшіріп басқан shyn.kz cайтында 3625 адам оқып, қаншама ойлы-пікірлер қалдырған. Елге танымал Abai.kz сайтында 213 адам оқып, 36 өзекті пікір орнығыпты. (Өзге де аты аталмай қалып жатқан сайттар болса айып етпесін!). Бәріне де аналық алғысым зор. Мақалама жазылған пікірлерді саралап отырып, ел екенімізді, «Жыланды үш кессе де кесірткелік қауқары» болатынын түйсіндім. Бұл менің ғана емес, барша қазақ халқын толғандырып отырған проблема екенін әр жүректің сезінгенін АҢҒАРТТЫ. Қазақ секілді мәрт халықтың жан-жағына тәкәпарлана қарап, сергектік таныта бастағанын көрсетеді. Қазақ халқы ұйқыдан баяғы да оянған. Елін өрге сүйреген Елбасына да ризашылықтары зор. Тек, қандастарына салқындық танытып отырған белгілі бір топтарға ғана өкпесі қара қазандай. Мақалама шет елдегі қандастардың жақсы пікір білдіріп, белсенділік танытып жатуының да мәні тереңде жатыр… Бұл-елдігіміздің, ұлт болып ұйысып келе жатқанымыздың бір белгісі! Мен бұл мақалам арқылы билікті қаралауға, біреулердің жүрегін жаралауға ұмтылмадым. Бұл мақалам ел ертеңі қазақтың, болашақ ұрпақтың, ұлан байтақ даламыздың төсінде өз еншісін алып, тіліміздің, дініміздің, тұрақтылығымыздың орнығуына себесін болуын аңсаған тілектен туған аналық сөзім еді. Маған дейін де бұл мәселені небір атпал азаматтарымыз көтерді. Оларға да Алла разы болсын! Тек, менің осы мақалама жазылған пікірлер арасынан, шет елдегі қандастары туралы әңгіме болса, делебелері қозып, бүйректері бұрып тұратын азаматтардың дауыстарын ести алмай отырмын. (Ол менің мақаламды мақтасын, болмаса, жақсы пікір жазсын дегенім емес). Осындай да жұдырықтай жұмылмасақ, қашан үніміз шығады? Елге танымал, билікке де сөзі өтетін, (билік сөзін аңдып отырған) азаматтар , көші-қон мәселесін тағы бір қаузап жіберсе қандай жарасымды болар еді…
    Баршаларыңыздың отбасыларыңызға амандық тілеймін, еліміздің тәуелсіздігі мәңгілік болсын! Сәуле апаларың

  6. Нағашыбай Қабылбек:

    Сауле Мешитбаева Сәуле апайдың» Ұлы көштің тоқтауы — кешірілмейтін қылмыс!» атты бұл мақаласы-бүгінгі таңдағы ең өзекті проблеманы ешкімге ұқсамай жазуында жатыр. Әйтпесе, ұлтжаны азаматтардың көбі бұл мәселені шиырлап тастағалы қашан. Талқылапта жатыр. Сәуле апай өзге қырынан келіпті. Әсіресе, көштің тоқтауына сыртқы күштердің ықпалы болып тұр дегені көңілге қонады. Арандату, ұрандату, билікке тас ату атымен жоқ. Аналық асқақ ой мен көпті көрген көрегендік көрініс береді. Ақыл айтып жөн сілтеуден де ада. Саналы адамның жүрегіне жетер аналық жылылық бар! Сондықтан да пікір білдірушілерге, мақаланы толықтай оқып алмай, жөн-жосықсыз патшаға тіл тигізуден сақ болуға шақырамын. Не нәрсенің де артының қайыры болады. Сабырлы болайық! Мақалаға келсек, тілі жатық! Көркемдігі келісті! Қазақы қалып бар! Тек, апайдың ағайынға жазған алғыс сөзінен кейінгі толқын жастардан Бекболат Тілеухан, Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан, Расул Жұмалы тағы басқа да саяси салмағы бар, ел арасында беделі зор жігіттерге деген аналық базынасы байқалады. Ол енді жігіттердің азаматтығына сын! Апайға ұзақ өмір, қажымас қайрат тілеймін! Немере-шөбересінің қызығын көруді Алла нәсіп етсін!
    Ізгі тілекпен Нағашыбай.

  7. badelhan rahadul:

    ote otkir jazylgan.jan tanimen. jurekten wykkan aihai jurekke baryp tier dep senemin! meini rizawylygym weksiz! sidei asyl agalarymnyn sany arta bersin bagdal aga. nietinyz isiniz onga bassyn agasy.

    • Бағдал Ақынұлы.:

      Бәделхан Рахадыл бауырым, ақ ниет арда пейіліңізге разымын, рахмет. Сізге Аллаһ разы болсын, бауырым.

  8. қарлан:

    Қаламыңыз қарымды болсын аға!

  9. гулдер:

    сіз сияқты ұлтжанды азаматтар көп болсын!

  10. Бағдал Ақынұлы.:

    Рахмет, Гүлдер қызым.

  11. Қарақат:

    Айтуын айттыңыз-ау ағатай, еститін құлақ болса?…

  12. Мейрамбек Болысханұлы:

    Мен сізден шеттегі Қазақтар төңірегінде осындай бір жазбаны ашықта,өткір шындықты айтатыныңызға, жазатыныңызға, қозғайтындығыңызға бек сенімді едім.Алла разы болсын сіз сияқты ардақты ағаларымызға!!!

  13. Салтанат Айбергенова:

    Жакында турiк елiнiн бiрнеше калаларында болып келдiм. Менi кынжылтканы казактардын тугел турiк болып бара жаткандыгы. Казакстанга келу дегендi ойламайды. Ойткенi турiк елi бар жагдайларын жасаган,
    оларга баска улт деп карамай кандасымыз деп карайды екен. Менiн жаным ауырганы сол оз канымызга бiз соншалыкты жанашырлык, бауырмалдык таныта алмауымыз.

  14. Айзат Рақышева:

    Иә, Бағдал аға, өз өлтірмес, жат жарылқамас! Өз қазағымызды орламман деп, олармай қалсын деп шеттеткендері жарамады. Елімізде небір шетелдіктердің еркін бизнес жасап, талай заңды бұзып тйраң қағып жүргені өтірік емес. Оның жанында өз бауырын баурына тартып, бір тудың астына жиналу-қазақ үшін ұлы күш болар еді ғой!!! Санымыз бен сапамызды артырып, Сіз айтқандай «орысқолдылардан» тайсалмайғ оларға қарсы тұрып, азуымызды көрсетер атты күн туса екен тезірек!!!!!!

  15. Бағдал Ақынұлы.:

    Әрине Көші-қон мәселесін жазып жүрген мен ғана емеспін. ҰЛТ-АНА- сы Сәуле Мешітбайқызы анамыздан бастап еліміздің көптеген ұлтжанды азаматтары мен азаматтатшаларымыз ат салысып келеді. Бірақ соған қарамастан Ел үкіметі әлі күнге дейін нақпа-нақ шешім қабылдап әрекетке көше алмай отыр. Біріншіден, айдың күннің аманында шеттегі ағайындардың екі жаққа бөлініп тоз-тозы шыққандығы жаныма батады. Екіншіден, біз тұғырымыз бекем Қазақ Елі болу үшін шетелдердегі қандастарымызды жиып, санымызды көбейте беруіміз керек еді деген ой мазалайды. Қайдағы бір келімсектерді төрімізде тайраңдатып, байлығымызды ойрандатып қойғанша, өз қандастарымызды жиып алсақ деген ой ғой. Оралмандар ішіп-қойды, жеп қойды деген алып қашпа әңгімелер де жоқ емес. Әрине «Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды» дегендей, бұл сөздің де жаны бар шығар. Осы мәселені анықтап көргенімде, Жоғарғы соттың тексеруі бойынша 20 жылда оралмандар 41 миллион теңге қаржыны заңсыз пайдаланып кеткендігі анықталғандығын көргенім бар. Әрине, бұл қаржыны аз дегім келмейді. Бірақ… ол қаржыны да осындағы делдал, сыбайлас жемқорлар арқылы, әрі квотасын алуға мәжбүрліктен ағайындардың соған барғанын түсіну де қиын емес. Жыл санап емес айында миллиондаған қаржыны жымқырып, немесе заңсыз игеріп жатқандармен салыстырсақ бұл қаржы оншалықты дау туғызып, елді елеңдетерліктей қаржы емес қой. Бір ғана мысал айтайын. Екі жыл бұрын Повладор облысынының әкімдігі екі-ақ күндік ғұмыры бар жаңа жылдың шыршасына бақандай 38 миллион теңге жұмсағаны үшін қаншама шу болып, оның аяғы немен тынғанын өздеріңіз де жақсы білесіздер. Қаншама келімсектердің аш жалаңаш келіп, қарыны тойған соң қайқайып кетіп жатқандары да жетерлік. Оның есесіне өз қарындастарымыз келсе, санымызды көбейтіп, осында еңбегін сіңіріп, қолдарынан басқа келмесе де даламызды малға толтырар еді ғой деген оймен намыстанып қапаланамын! Келген ағайын бермесең кімнің несін тартып алмақ? Тыраштанып еңбектеніп жүріп бәрі де өз күндерін көріп тірліктерін жасайды ғой. Мен өзім де солай күн көріп жүріп, тірлігімді жасағанмын. Қандас бауырларыңыздың оралуына атсалысып, кері қайтқан көштің басын бері бұру, халқым тек сіздердің қолдарыңызда! Олар сіздердің қолдауларыңызға зәру екендігін түсініңіздер!, — дегім келеді.

  16. Бағдал Ақынұлы.:

    Шетелдегі қандастарымыздың Ата-жұртына оралуына қолдау білдіріп, өздеріңіздің құнды ой пікірлеріңізді айтып, ризашылықтарыңызды білдіріп жатқан Айткүл, Қарақат, Мейрамбек Болысханұлы, Салтанат Айбергенов, Айзат Рақышева сіздерге көп рахмет! Ниеттеріңізге Алла жар болсын!

  17. Сауле:

    Багдал ага, осы кош-коны маселесин жар кулактарыныз жастыкка тимей Сауле апамыз екеуиниз бираз енбектенип тер токтиниз. Арине буган оз комектери мен тилектерин косып жаткан бауырларымыз да аз емес. Кандастарымыздын Ата-журтына оралуларына тилектес кыздар болса, соны бири менмин. Казир ауылда Оралмандар кенесин курдык, жумыс истеуди бастадык. Енди алыстагы ауылдагы биздердин колымыздан не келе кояр дейсиз. Дегенмен, оз проблемаларымызды озимиз шешуге тирлик жасауды бастап жатырмыз. Бул да болса конили кенже кандастарым ушин комек. Оралмандар деп айтуга тилим бармайды, бирак кужаттар солай сойлетеди. Амалым канша? Бул жонинде кеширим сураймын барша кандастарымнан! Ал ауылдагы кандастарымызбен бауырларым деп араласамын. Олар бек риза. Мына жазганынызды асыкпай окып шыктым ага. Оте орынды жазгасыз. Озинизде жазыпсыз гой, Президентимиз халкынын улы. Сиздин жазгандарга кулак туруи абден мумкин! Коп тилеги кол деген.Алла Сизге жар болсын!

  18. Naueizbay Rasilkhan uly:

    Bagdal aga halikhtyn hamin jeegen sizge Allah razi bolsin delik

  19. Naurizbay Rasilkhan uly:

    Iә, Baғdal aғa, өz өltіrmes, žat žarыlқamas! Өz қazaғыmыzdы orlamman dep, olarmaй қalsыn dep šettetkenderі žaramadы. Elіmіzde nebіr šeteldіkterdің erkіn biznes žasap, talaй zaңdы bұzыp tйraң қaғыp žүrgenі өtіrіk emes. Onың žanыnda өz bauыrыn baurыna tartыp, bіr tudың astыna žinalu-қazaқ үšіn ұlы kүš bolar edі ғoй!!! Sanыmыz ben sapamыzdы artыrыp, Sіz aйtқandaй «orыsқoldыlardan» taйsalmaйғ olarғa қarsы tұrыp, azuыmыzdы kөrseter attы kүn tusa eken tezіrek!!!!!!

  20. Бағдал Ақынұлы.:

    Сәуле қарындасым, Наурызбай бауырым сіздерге Алла разы болсын! Жақсы тілек құнды пікірлеріңіз үшін сіздерге алғысым шексіз. Біздің елдігіміз үшінгі осы тектес мәселелер тек сіздер сияқты ұлтжанды азаматтарымыздың қолдауы арқылы ғана өз шешімін таппақ. Алла барша қазағымызды бірлікпенен бір тудың астына жиналуға нәсіп еткей!

  21. Бағдал Ақынұлы.:

    КАМИША ЕСМҰХАМБЕТҚЫЗЫ.

    Төрткіл дүниенің түкпіріне жайылған Алаш баласының еліне келе алмай сырт елде қалып жатқанын көру өте қиын жәйіт, алайда келгенде талап тілектер мен, олардан келер үміттің және сол елге деген жауапкершілігі мол болса екен деп менде тілеймін. Әрине келіп алып, еліме келдім алайда маған не берді, осыма аңсап келген жер деп мін тақпағаны дұрыс болар, келер кезде қиыншылықпен қатар әлсін көмектің барын шыныменде, ол жандарды көптен күткендей үкімет қарсы алса менімше нұр үстіне нұр болушы еді. Менде көштім, анамен бірге су жағалап өткенім, ауыр сүмке көтеріп, сонда тіптен ойымда маған елім не береді емес, мен еліме не бере аламын деген ойда толқып келдім, атамның әжемнің тілегі сол өздері туылған Ақтөбеге бір аяқ басу еді, алайда тағдыр алматыға әкеп кәзір қоғамда бар мүмкіншіліктен қалыс қалмай, тіптті, мемлекетке жалпақтамай алдыға жылжып, бірінші Алла екінші әкем арқасында бүгінгі қоғамға барымша ат салысудамын, Мен ойлаймын әр бір азамат еліне бір жақсы мақсаттарымен келсе, қиыншылыққа төзім берсе, рахатында көретіні рас, елдің болашағы ұшын Сауле апаймыздың жан айқайын естідім алайда көш тоқтаған емес, оларға нәтижелі көмек бере алмағандықтан, үкметің салғырт көз қарасынан туғындаған жәйіт себеп болып тұр!

  22. Бағдал Ақынұлы.:

    Берик Агыбаев.
    Мен азамат ретінде, қазақ ретінде ҰЛЫ КӨШТІҢ ҰЛАСҚАНЫН ҚАТТЫ ҚАЛАЙМЫН! Аллаға шүкір жеріміз бен жүрегіміз кең халықпыз. Қандастарымыз келіп жатса төрімізге шығаратынымыз сөзсіз. Шет елдегі ағайындармен шекара ажыратып тұрғанымен көңіліміз еш ажыраған емес. Сол себептен біз бірміз, бірге болуымыз керек, бірге болатын ел ҚАЗАҚСТАН! Барша қазақ ОТАНЫНА келуіне ешқандай тосқауыл болмауы керек деп ойлаймын. Сондықтан бастамаларыңызды қолдаймын, қолымнан келгенше көмек беремін.

  23. Бағдал Ақынұлы.:

    БОТА БАМАН.

    Ел тағдыры, ұлт тағдыры сынға түсіп жатқан осындай сәтте, елін сүйер ерлеріміздің үнсіз қалуы жанымызға батады. Парламентте «мен қазақпын» деп тура айта алатын бір азаматтың болмағаны ма, әлде бәрі басыбайлы құл боп кеткен бе?!
    Әлемде қандастарын қабылдап жатқан үш елдің біріміз, деп мақтанып, мақтанып, енді жеткен жеріміз осы болды ма? !Ал шетте жүріп елге ораламыз деп не болашағын қазақ елімен байланыстыратын қазақтардың үміті селге кеткелі тұрғаны белгілі.Қара бастарының қамын ойлаған билік бұны біліп отырсада бүйрегі бүлік етбейді!
    Алыстағы бауырлардың көзіне қалай қараймыз?

  24. Бағдал Ақынұлы.:

    Әйгерім Мақажанова7.
    Қаратаудың басынан көш келеді,
    Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді…
    Бала кезімде осы мұңлы әнді апам айтып отыратын (әжемізді апа деп атайтынбыз). Бұл әжемнің шығарған әні деп ойлайтын едім жүрекпен айтқасын. Кейін білдік халық әні «ЕЛІМ-АЙ» екенін. Әр қазақтың үйінде домбыра болу керек демекші, біздің үйде де қолдан жасалған атамның домбырасы болған. Ол домбыраны атама күйші Әбікен Хасенов сыйлаған екен.Әкем домбыра шерту білмесе де сол қара домбырамен апамның әнін айтатын, бізге де үйрететін. Бала жүрек бұл әнде қазақ деген халықтың басынан кешкен қилы кезеңі, қайғы-қасіреті айтылатынын біле бермесе де, апамның жылап отырып айтатын әні екенін сезінген.
    Міне, туған жерін қимай көшкен АҒАЙЫН-ТУЫСҚАНДАРЫМЫЗ енді жат жерде емес, өз жерінің топырағын басып, ауасын жұтып, суын ішкісі келеді. Арманына жетуге не кедергі?! Неге ұлы көш тоқтап қалды??? Ұлтым деген әр қазақ осыған үн қосуға тиіс!!! Бағдал ағаның өлеңін оқып, терең ойға шомдым…пікіріне қосыламын, жоғары жаққа дауысы жететін зиялы қауым үнсіз қалмайтынына жас жүрегім қатты сенеді!!!

  25. Бағдал Ақынұлы.:

    Камише қызым, бұл мәселедегі көкейіңде жүрген ойыңды бүкпесіз айта отырып пікір жазғаның үшін рахмет. Шыны керек, қайбір қозғалған мәселеге бей-жай қарамайтын адамдар осылай ойын ашық айтып ортаға салғаны қандай жақсы. «Ой ойдан шығады, ойламаса қайдан шығады» деген қазақтың даналық сөзі бекерге айтылмаса керек. Осындай ортадағы талқылауға түскен әр бір мәселенің түйіні де тез тарқатылары сөзсіз. «Сылдыраманың бір тасын қозғасаң, мың тасы қозғалады» дегендей, бір адамның көкейіндегі сұрақ та, кейде солай мың адамды толғандырып жатады ғой. Өте орынды пікірлер айттың, пікіріңе мен де толықтай қосыламын. Шыны керек, кейбір оралмандардың ісінен сөзі көп, берерінен алары көп дегендей жағдайлар аз болмағанын білеміз. Сондай кері әсерлердің де салқындығы осы шешімнің шығар сәтінде себепкер болған да болу керек. Әрине, ел болған соң ондайлар бірер жарым болады да…»Жақсыға сөздің басын айтсаң, аяғын айтқызбай-ақ түсінеді» деген..Осыларды оқыған оралмандар да ойланатын болар деген үміттемін….

  26. Бағдал Ақынұлы.:

    Берік бауырым, сізге алғысым шексіз. Олай болатыны біз күткен зиялы қауымның алғашқысы болып үн қатып, пікіріңізді білдіріп қолдау көрсеттіңіз. Сізді қазақ елінің болашағына байланысты әрбір мәселелерде үлгі көрсетіп күресіп жүрген азамат ретінде де, бүгінгі қоғамдағы белгілі белсенді саясаткер ретінде де халық жақсы біледі. Тақауда ғана шектен шыққан банктердің «орысқұлдарын» тәубасына келтіргеніңіздің өзі, сіздің мүддесі қорланған ұлтыңыз үшінгі, дәрежесі сорланған ана тіліміз үшінгі күресіңіздің бір айқын дәлелі дер едім. Сізден қолдау тапқанымызға ризамыз, құнды пікіріңіз үшін рахмет, бауырым…