Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

0
698

Жетісу ауданындағы №108 жалпы білім беретін мектепте Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы» атты фотосурет көрмесі ашылды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы боп жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын №108 жалпы білім беретін мектебінің ұжымы Елбасы еңбегін егжей-тегжейлі саралап, ой-пікірлерін ортаға салды. Дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 6-7 сыныптар арасында футбол, асық ату, арқан тартыстан  мектепішілік жарыстар өтті. «Менің – тұңғыш Президентім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар 5-9 сынып аралығында «Елімнің Тұңғыш Президенті» тақырыбында эссе жазылды.
Осы орайда ұстаздар жас ұрпаққа қазақстандық патриотизмді үйретуден жалыққан емес. Соның нәтижесі болар, бүгінде шәкірт жүрегінен еліне, жеріне деген құрметті, Елбасына деген сүйіспеншілікті байқауға болады. Ендеше, Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы  жас ұрпаққа әрқашан үлгі болып қалатыны анық.

Салтанат Егиншиева,
№108 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, Алматы қаласы

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.