Денсаулық сақтау министрлігі елді немен қуантпақ?

0
1764

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККБК) шеңберінде алынбаған дәрі-дәрмектер бойынша халықтың көптеп шағымдануынан кейін Денсаулық сақтау министрлігі елдің барлық өңірінде халықты дәрілік қамтамасыз етуге талдау мен мониторинг жасауды бастады. Соған байланысты, министрлік диспансерлік есепте тұрған, бірақ бекітілген Тізбеге (№ 786 бұйрық) сәйкес 2017 жылғы қазан мен желтоқсан аралығындағы кезеңде тегін дәрілерді алмаған барлық азаматтарды ТАӘ, ЖСН, байланыс телефондарын, емханалардың нөмірлерін және қаланы көрсете отырып, электрондық поштасына өтініштерін жіберулерін сұрайды. Министрлік осылайша тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеген фактілерді анықтауға шақырады.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.