Н. Ә. Назарбаев: Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінің арасында енді кедергілер жоқ

0
1454

Елорданың ресми сайты: «Мемлекет басшысы Жамбыл облысына ресми сапармен келіп, осы жұмыс сапары аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы орналасқан «Достық үйінің» жаңа ғимаратын аралап көріп, өңірдің этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен әңгімелесті», — деп хабарлайды. Әңгімелесу барысында мемлекет басшысы: «Мен сіздерге Өзбекстан мен Түркіменстанға сапарларымнан соң келіп отырмын. Біздің кездесулеріміз бен уағдаластықтарымыздың нәтижесінде осыған дейін болған кедергілердің барлығы алынып тасталды. Бүгінде жақын көршілерімізбен тиімді ынтымақтасу үшін барлық жағдай жасалған», — деді. Сапар соңында Елбасы «Көне Тараз» тарихи-археологиялық саябағының аумағында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған экспонаттарды көріп тамашалады.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.