Алматыда «ҰЛЫ ДАЛА – КӨШПЕНДІЛЕР ӘЛЕМІ» халықаралық этно-мәдени фестивалі өтеді

0
943

Құрметті, Алматылықтар және қала қонақтары! Сіздерді 2019 жылдың 7,8 маусым күндері Боралдай сақ қорғандарында өтетін «ҰЛЫ ДАЛА – КӨШПЕНДІЛЕР ӘЛЕМІ» халықаралық этно-мәдени фестивалін тамашалауға шақырамыз.

 

Фестиваль аясында:

 40 киіз үй, абылайша және қостар тігіліп, алтыбақандар құрылады;

  • 18 мемлекеттен ең мықты этно музыканттар мен спортшылар қатысады;
  • Этно ауылда: Түйе бау, бие бауды көріп, қымыз түрлерінен дәм татып, тас диірмен тартып, келі түйіп көруге болады;
  • Ат ойындары аймағында: Бәйге, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату ойындары т.б. болады;
  • Садақшылар аймағында: Қазақстан, Башқұртстан, Украина, Дағыстан, Монғолия, Қырғызстан, Саха, Қалмық Республикасының және т.б. елдер садақшыларының сайысы  өтеді;
  • Асау үйретушілер аймағында: Асауға құрық салу, асауды үйретіп міну көрсетіледі;
  • Алыптар аймағында: Қазақстанның 7 дүркін, Әлемнің 2 дүркін чемпионы және 2 дүркін Гиннестің рекордтар кітабына енген Сергей Цырульниковтың бастауымен бір топ алып, шоу бағдарламалар көрсетіп, көрермен үшін шеберлік сабақтары мен жарыстар өткізеді (күш сынасу, жалаңаш қолмен шеге қағу, темір майыстыру т.б);
  • Шеберлер аймағында: Жүн сабау, ұршық иіру, киіз, текемет басу, алаша, кілем, ши, кесте тоқу, зергерлік т.б. бұйымдар жасау көрсетіліп, көпшілік үшін шеберлік сабақтары өтеді;
  • Ұсталар аймағында: Қыш-құмыра жасау, ағаш, темір т.б. ұсталардың өнері мен көпшілік үшін шеберлік сабақтары қарастылған;
  • Жастар аймағында: Алтыбақан, ойын-сауық, қызбен жігіт айтысы, қолкүрес, арқан тартыс, ұлттық ойындар, атқа мініп серуендеу т.б. қызықтар болады;
  • Балалар аймағында: Аттракциондар, балалар киіз үйі, ұлттық ойындар, қуыршақ театры, қолөнер, сурет салу т.б;
  • Құсбегілер мен саятшылар аймағында: Бүркіт, ителгі, қаршыға ұшыру, құмай-тазыны аңға салу т.б;
  • Көшпенді тағамдары аймағы: Шоққа піскен таба нан, қазан қарма, балқуырдақ, әсіп, нарын, бүрмеқарын, үлпершек, жаужүрек, балқаймақ бауырсақ, құрт, ірімшік, қымыз түрлері, шұбат, сусын көжелерден дәм татасыз. Сондай-ақ, ұмылытып бара жатқан ұлттық тағамдарды жасап үйретудің шеберлік сабақтары мен көрме ұйымдастырылады;
  • Шоу-көріністер аймағы:

а) Саятшылардың шоу бағдарламалары;

ә) Алыптардың шоу бағдарламалары;

б) әр мемлекет өнерпаздарының шоу бағдарламалары және т.б.

 

БҰЛ СІЗ БЕН БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ!

                                                                        ФЕСТИВАЛЬГЕ КІРУ ТЕГІН

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.