Баланың дұрыс тамақтануы — денсаулық кепілі

0
449

Тамақтану әдеті бала кезден қалыптасқандықтан қисынсыз дағдылар өмір бойы сақталып, баланың ағзасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сүт, жарма, ұн өнімдері, көкөніс, жеміс-жидектермен қоса ет және балықтан жасалған тағамдар баланың күнделікті ас мәзірінде болуы шарт. Тамақтың алуан түрлі болуын қадағалау, тамақтың әртүрлі топтарынан алынған өнімдерді қолдану керек.

Тамақтану өнімдерінің құрамына әр-түрлі мөлшерде және пропорцияда болатын қажетті қоректік құндылықтар кіреді. Дәнді дақылдар, көкөністер мен жемістер, сүт және оның өнімдері құрамдарында құнды белок бар. Тамақтың құрамында өсімдік және мал белоктарының қоспасы болуы тиіс. Сонда ғана бала организміне қажетті амин қышқылдары түседі. Белоктан басқа, үлкендермен салыстырғанда балалар кальций, фосфор және темір сияқты минералдық компоненттерді, сондай-ақ негізінде A, D, B1, B2, C PP дәрумендерін көп қажет етеді. Балаларға ауыр қорытылатын өнімдерді — көп мөлшердегі майға қуырылған (котлеттер, фри картобы, қуырылған картоп және т.с.с.) бермеңіздер. Тәтті тағамдар — балалардың артық салмақ қосуына бірден-бір себеп. Сонымен қатар тәтті тіс шірігіне әкеп соқтыратынын естен шығармағаныңыз жөн. Қантты артық тұтыну баланың тәбетін жойып, қоректік заттарды бойға сіңіруге қолайсыз жағдай тудырады. Негізінде тамақтану әдебі ата-анаға тікелей байланысты.
Тамақ дәмді, пайдалы және әртүрлі болсын. Сонда балаларға тағам күш-қуат беріп, ақыл-ойды күшейтеді. Дұрыс тамақтанған балалар — болашақта сұлу да, сымбатты азамат болады. Оқушылардың тиімді тамақтануын ұйымдастырудағы маңызды фактор — тәулік бойғы тағамды қабылдау саны мен уақыты, тәуліктік рационды тамақтану мерзімі арасында бөлу (таңғы ас, түскі ас, сәскелік/бесіндік (полдник) және кешкі ас) сияқты қатаң тәртіпті қадағалау. Тамақтану тәртібін сақтамау — ас қорыту жүйесінің әртүрлі ауруларына (гастрит) ұшыратып, асқазанның тамақты әртүрлі мерзімде қабылдауы ағза қызметін бұзады. Тамақтану мерзімінің бұзылуы дене салмағының артуына әкеліп, семіздік тудыратындығы зерттеулерден байқалған. Мектеп оқушыларының тиімді тамақтануының негізі — тағамды дәл мерзімінде ішіп-жеу. Мұндай жағдайда қабылданған тамақты тез, әрі дұрыс қорытатын, ферменттерге бай, барынша белсенді асқазан сөлінің бөлінуіне рефлекс қалыптасады. Мектеп жасындағы балалардың 3,5-4 сағаттық үзіліспен 4 рет тамақтанғаны дұрыс. Тамақтану тәртібі мектептегі де, үйдегі де тамақтануды есепке алумен ғана құрылып қоймайды, мұнда энергетикалық калориялар да ескеріледі. Үйдегі тамақтану мектептегі тамақтануды толықтыруы қажет, сонымен рационның толық құндылығы камтамасыз етілуі тиіс.

Таркинский Егор Викторович
Бостандық ауданы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы,
Ахметова С.Қ.,
санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы
Шажабаева Г.А.,
санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.