Нұрсұлтан Назарбаев: Маған сенім артқан елімнің бақытқа ертең емес, бүгін жеткені маңызды

0
573

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтті

Съезде жылдағыдай елдің әл-ауқатын көтеру, экономикалық өсу, тұрғын үй, т.б өзекті мәселелерге назар аударылды.
Ел Президенті съездің ашылу салтанатында «Нұр отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толғанын айтып кетті.
Сонымен Елбасы өз баяндамасында елдің күткенін, болжағанын, аңсағанын түгелге жуық қамтымаса да, қоғамды мазалаған, көпбалалы аналарды ашындырған, әлеуметтік мәселелерге ерекше ден қойды. Съездің алдында ғана жасақталған Үкіметке берілген тапсырма өте көп әрі маңызды…
Жиында «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы да мәселе қозғалды. Партия төрағасының “Халықпен ашық әрі әділ диалог жүргізу керек” деген тапсырмасы осы орайда айтылғандай әсерге бөледі.
Бұдан басқа да көзайым жаңалық көп. Біз оларды іріктеп назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Қарастырылған нақты мәселелер:

1. Әлеуметтік салаға республикалық бюджет шығындарының 45 пайызы жұмсалады;
2. Толық емес көпбалалы отбасыларға үйден жұмыс істеуге мүмкіншілік жасау қаралады;
3. Табысы төмен көпбалалы отбасындағы әрбір балаға 21 мың теңге төленеді;
4. «Құтты мекен» жобасы 7,5 млн. ауыл халқының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді;
5. Мүгедек балаларды асырап отырған ата-ана жәрдемақысы 30 пайызға өседі;

6. Елбасы ауылдарды дамытуға 90 млрд. теңге бөлуді тапсырды;
7. Көпбалалы отбасыларға 2-3 пайыз несиемен баспана сатып алу мүмкіндігі беріледі;
8. 1 шілдеден бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға өседі;
9. Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосымша 120 млрд. теңге бөлінеді;
10. Ірі қалаларда баспана салуға қосымша 90 млрд. теңге бөлінеді;
11. Көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады.

Нағашыбай Қабылбек

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.