
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Сәкен Қалқаманов үш күн бұрын «Охотзоопромның» екі инспекторы браконьерлерді ұстау барысында ауыр жараланғанын жазған еді. Оқиға Қарағанды облысы Нұра ауданында сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жабайы аңдар мен ақбөкендерді қорғау кезінде болған. «Бүгін таңертең «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиев өмірден озды. Ол 13 қаңтар күні Қорғалжың даласында айуандық танытқан 3 браконьермен айқастан кейін өмірі үшін соңына дейін күресті. Қаза тапқан азаматтың отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Әлеуметтік желі белсенділері Ерлан Нұрғалиевқа «Халық қаһарманы» атағы берілсе екен дейді.
























