Жаныңды берсең де, қаныңды берме!

Мен он жасқа келгенде, есім кіре бастады. Анам Қамария (марқұм) ауруханада әйелдер  босанатын жерде жұмыс істейтін. «Біздің үйдің қасында көрші Сәрсенгүл деген орта жастағы  келіншек бала үстінде көп қаны кетіп, қаны екінші топтағы донор іздеп базарда сауда сатып  тұрған аузы-аузына жұқпайтын, сумаңдаған бір әйелдің қанын құйып аман қалды», — деп үйге анам айтып келгені есімде. Екі аптадан соң, Сәрсенгүл  ауруханадан  шығып  үйіне  келіп, аяқ-қолын жинап, шілдеханаға анамды шақырған. Қой аузынан шөп алмайтын  Сәрсенгүлдің  мінезі адам айтса нанғысыз өзгеріп, шілдехананың басынан аяғына дейін сумаңдап ешкімге сөз  бермепті. Ал енесі болса, аман қалғанына қуанып, жарайды сөйлей берсін деп үндемепті. Бірақ оның мінезі күн санап «құлпырып», адам танымастай өзгеріпті. Содан не керек, енесі  Сәрсенгүлдің әке-шешесін шақырып: «мына қыздарыңа не көрінді. Ауруханадан шыққаннан бері 180 градусқа өзгеріп, үйден  безіп, базар аралап, өсек соғып, балаға қарау деген ойына кіріп, шықпайды. Бармаған дәрігеріміз, ашпаған есігіміз қалмады. Енді қыздарыңды алып кетіңдер немесе жындыханаға тапсырыңдар  деген.
1988 жылы жазда Ташкенттегі кардиология орталығына апарып Мәскеуден келген  Николай  Колесников деген дәрігерге қаратқанда барып бұл сұрақтың жауабын тауыпты. Сонда  Н.Колесников мырза: «Адам  бойынан  көп  қан  кетіп,  донордың қанын құйғанда сол  адамның  мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, тіпті етеккір уақытына дейін өзгеруі әбден мүмкін, қанның құрамындағы коды ауысып кеткен», — деген қорытынды жасаған. Үш ай бойы  Колесниковке  қаралып, Сәрсенгүлдің  қанын  алып  отырып  баяғы  қалпына әзер келтірген.
4 сыныпта  оқып  жүрген  кезім. 1988 жылдың 7 желтоқсан күні кешқұрым сұмдық зілзала болғанын жаңалықтардан естідік. Сол күні таңғы сағат 10-41 минут өткенде 30-секундтың ішінде Арменияның солтүстік-батысындағы Ленинакан (қазір Гюмри), Степанаван, Кировакан (Ванадзор), Спитак деген қалаларымен қоса 58 село, 300 ауыл-аймақтары жер сілкіну  салдарынан  жермен-жексен болыпты. Құдай  басқа  салмасын, 25 мың  адам қайтыс  болып, 20 мың адам мүгедек атанған, жарты миллион адам баспанасыз қалған, 514 мың адам қансыз қалып кеткен. АҚШ-та  жүрген М.С.Горбачевқа Үкімет үйінің басшысы Николай Рожков хабар берді, М.Горбачев 10 желтоқсанда барып, Арменияға жетті. КСРО-ның қаусаған крандары жарамсыз еді, тіпті ұшаққа сыймады. КСРО-ның шекарасынан адам түгілі шыбын өтпейтін, амалсыздан әлемнің 20-ға жуық елінен, яғни  АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Франция, Италиядан жәрдем сұрауға мәжбүр болды.
Бүкіл Кеңес одағынан көмекке еріктілермен қоса жәрдем қолын созушылар ағылды. Қазақстанда бүкіл ауруханалардан қан тапсыру жалғасын тауып, бәрін Арменияға алып  кеткен. Арада бір жыл өтер-өтпесте Армения әлгі қандарды қайтарып жіберіпті. «Қазақ халқына алғысымыз шексіз, бірақ біз сіздің  қандарыңызды ала алмаймыз. Өйткені сан  ғасырлар бойы атадан балаға жалғасын тауып келе жатқан қанның құрамындағы ұлттық кодымызды жоғалтқымыз келмейді. Себебі сіздер мұсылман, біз крестьян дініндегі католикпіз. Алла  сіздерге  разы  болсын», — деп  сыртына  жазып  жіберіпті.
Қазақта «Қанында сатқындық бар», «Қанына тартып туған екен», «Қаны сұйық неме!», «Қан жібермейді», «Қандастар», «Қанын жүктеп отыр», «Қанмен келген әдет» деген тәмсілдер бар. Әр ұлт пен ел қанының құрамы бөлек екенін ғалымдар жиі айтады. Басқа ұлтқа кеткен қыздардың да қаны түгілі жаны да өзгеріске ұшырайды екен. Сондықтан қанымызды таза ұстайық! Қанды таза ұстасақ жан қайда кетер дейсің?!

Хиджаманың пайдасы

Осы қан құю мен қан алдыру туралы ақпаратты көп жыл өзімше зерттедім. Көптеген  кітаптар оқыдым. Жуырда Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітіндегі Әл-Хиджама мешітіндегі  орталыққа бардым. Бижан деген жас жігіт менен 350 грамдай арқамнан қан алды. Желкемде аздап шаншу бар еді, түбегейлі жоғалды. Өзімді керемет жеңіл сезіндім. Сондықтан құрметті мұсылман бауырлар денсаулығыңызға байланысты қан алдыртып тұру Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың  көрсетіп кеткен жолы. Енді әркім өзі білетін заманда  өмір сүріп жатқандықтан, біреуге ақыл айтудан аулақпыз, бірақ бірінші байлық денсаулық демекші, денсаулығымызға немқұрайлы қарамайық.
Хиджама — емдеудің исламдық әдісі. Бұл денедегі, жандағы және рухтағы барлық  аурудан жазылуға әсер етеді. Қан терінің жоғарғы жағындағы белгілі бір орындарды тілу  арқылы шығарылады. Қан алу үшін қазіргі құралдарды пайдаланған абзал. Хиджама еркектерге, әйелдерге және балаларға да жасалады. Тіпті әйелдер етеккір келген кезде де туғаннан кейін қан кету кезінде де, белгілі себептермен хидмажа жасай алады. Хиджама қандай ауруға болмасын жақсы көмектесе алады. Ауру бір науқастан екінші біреуге жұқпас үшін әрбір емделушінің жеке құрал-жабдықтары болуы тиіс. Хиджамаға дейін және кейін жарақатты барлық құралдарды тазалап, дезинфекция жасау үшін «Бетадин» немесе медициналық спиртті пайдалану қажет. Анас ибн Мәлик (р.а) Аллаһ Елшісі (с.ғ.с) былай дегенін  айтады; «Егер де  кімде-кім денесінен қан алдырғысы келсе, әр айдың 17,19 немесе 21 күндерін  таңдасын, оның  өлімге  әкелуіне  жол  бермеңдер» (Салих сунан  Ибн Мәжә, әл-Әлбани 2808). Хиджаманың бұл түрі үшін қандай да белгіленген шарт жоқ. Мұны қажет жағдайда кез келген уақытта істеуге болады.
Алланың Елшісі (с.ғ.с) былай дейді; «Егер де сіздерден біреулердің қаны тасыса, одан  қан алу қажет, қан тасыған жағдайда адам өліп те кетуі  мүмкін». «Ашқұрсақ кезінде қан алдырған  жақсы. Ол ақылды толықтырады, адамның есте ұстау және жаттап алу қабілетін жақсартады». Тіпті денсаулығы жақсы адамдар Рамазанның түнінде де денесінен қан  алдырған. Хиджамадан кейін төсек қатынасында болу зиян әкеледі деген пікір ешқандай дәлелденбеген. Хиджамаға дейін және кейін сүт өнімдерін тұтыну зиян әкеледі деген пікір ешқандай дәлелденбеген. Хиджама жүктілік кезінде кері әсер етеді деген дұрыс емес. Қан тоқтаған кезде ғана хиджама аяқталды деп есептеледі.
Хиджама кезінде тілінетін  жер
1. Бастың төбесі
2. Еңбек
3. Мойынның қапталдары (мойын тамырлары орналасқан жер)
4. Арқаның жоғарғы бөлігі (жауырындар арасындағы кеңістік)
5. Табанның жоғарғы бөлігі
6. Желке (оған қатысты кепілді хадистер жоқ)
7. Желкенің терең бөлігі (желке сүйегінен бастап және төмен, оған қатысты хадистер жоқ).

Жұмамұрат Шәмші
тарих ғылымдарының кандидаты

(25)