Қасиетті Меккеден нұрлы сәлем!

Биыл маған бір Алламның қалауымен екінші мәрте
үлкен қажылыққа сапар шегу бақыты бұйырды.
Мен үшін бұдан өткен бақыт жоқ деп білемін.
«Хикмет Travel»компаниясымен жолға шыққан
біз алдымен Мәдина қаласында болдық. Қазір
міне Меккедеміз. Қажылығымыздың белгіленген
шарттарын өтеп, құлшылық етіп жатырмыз. Мен
газетіміздің оқырмандарын қасиетті Мекке қаласынан
құттықтаудың бақытына ие болып отырмын. Қадірлі
бауырлар! Сіздерді Жер-анаға нұр шапағатымен келіп
жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Ең ал-
дымен аналық сезіммен тілейтінім адамзаттың ортақ
үйі жер шарында бейбітшілік болсын. Иә, біздің ислам
дініміз ғажайып дін. Әлемнің қай түкпірінен болсын
мұсылман қауымын кездестіруге болады.
Міне, соның жарқын да тамаша көрінісін осы
қасиетті Меккеден көріп отырмыз. Қажылыққа кел-
ген миллиондардың ішінен әлемдегі барлық ұлттың
өкілдерін кездестіруге болады. Ағылшын, үндіс, орыс,
қытай, неміс, негр дейсің бе, бәрі де бар. «Ақпыз,
қара, сарымыз, ағайынбыз бәріміз!» деп айтыла-
тын жыр жолдарын осы жерде айтуға болатындай.
Адамдардың жүздерінен шалқыған иман нұрын
көресің. Бәрі бір-біріне сәлемдеседі, ұлтқа бөлмейді,
құшақтасады, ыстық сөздер айтады. Міне, бұл Ис-
лам дінінің шарапаты. Мұны айтып жатқаным осы
Меккедегі атмосфера, ынтымақ-бірлік, бауырмалдық
бүкіл әлемде болса деген игі тілектен туындап жатыр.
Қадірлі бауырлар! Елімізде де тыныштық,
береке-ырыздық, қуаныш-шаттық болсын.
Отбастарыңызға, сіздерге бар жақсылықты тілеймін.
Аллам сіздерді әрқашан қолдап жүрсін. Шалған
құрбандықтарыңызды, оразаларыңызды Аллам
қабыл еткей. Қажыларымызға да құлшылықтарын
сәтті өтеп, елдеріне аман-есен жетуін нәсіп етсін
Аллам! Әмин!

Зор құрметпен,
Халықаралық «Qazaqstan Zamany» газетінің бас
директоры,
«ЕлАна» сайтының бас редакторы,
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Сәуле Мешітбайқызы

(36)