«…аспан айналып жерге түсті»

Жапонияда толассыз жауған нөсер тоқтады. Алайда апаттан құтқару қызметі қауырт жалғасып жатыр. Қазірге дейін қаза болғандардың саны157 адамға жетті. Бұл туралы «www.tokyo-np.co.jp» сайтының 11 шілде күнгі шығарылымына сілтеме жасап «QAZAQSTAN ZAMANY» газеті хабарлайды. Дерексіз кеткендерді іздеу, құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатқандықтан бұл санның жалғасты артуы да мүмкін. Апат болған аудандардан 10000-нан астам адам қауіпсіз жерлерге көшірілген. Толассыз жауған нөсер тоқтағанымен қазір бұл жерлерде су қоймалары мен өзен сулары арнасынан асып жан-жағын жайпап барады. Темір жолдар мен авто магистральдарды лай көшкіні басып, тасқын су шайып кеткендіктен құтқару жұмыстарына да кедергілер келтіріп жатыр. Оған қоса ауа температурасы да 30 градустан түспей тұр. Апат болған аудандарда 74 ғимарат қирап, 18342 нысанды су шайып кеткен. Қазіргі таңда Жапония үкіметі апат аймақтарға қомақты қаржы бөлумен қоса, 75 мың әскерді жұмылдырып жатыр. Ал қытай тілінде хабар тарататын «www.ribenxinwen.com» (Жапония жаңалықтары) сайты 10 шілдеде Жапондық ақпарат көздерінде таралып кеткен Жапонияның Премьер-Министрінің қонағасын да отырған суретіне байланысты Синдзо Абэні сынаған мақала жарияланды. Онда айтылуынша елде апат болған 8 шілде күні кеште, Мемлекеттің ең жоғары басшысы есептелетін Синдзо Абэ мырза бір топ саясаткерлер және жоғары дәрежелі мансаптылармен бірлікте «тойлатып» отырған. «Бұл сурет ғаламторда жариялана салысымен көпшіліктің наразылығын туғызды» делінген мақалада. Жапон елінде болған табиғи апатқа байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 9 шілде күні Жапония Премьер-министрі С.Абэге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ерқазы Сейтқали

(21)