ТӨРТ САХАБА, ТӨРТ ХАЛИФА КІМ?

Бисмиллай Рахмани Рахим. Төрт сахаба кім?
1. Хазірет Әбу Бәкір Сыддық. 3 қыз 3 ұлдық әкесі. Әбу Бәкір пайғамбардың келетінін түсінде көріп білген жандардан. Ол адам өзінің жақын досы Мұхаммед болып шыққанда ерекше қуанған. Өйткені оны жұрт «Мұхаммадул әмин, сенімді Мұхаммед» атайтын. Мұхаммед;
— Мен саған және күллі адамзатқа Әлемдердің Раббысының жіберген елшісімін, — деп елшілігін алдымен Әбу Бәкірге жеткізген. Әбу Бәкір қолында бар қазынасы 40 000 дирхамын алғаш Мұхаммедке дін жолына жұмсауға тапсырған. Жаннатқа сүйіншіленген алғашқы он кісінің алтауы Әбу Бәкірдің себепкерлігімен дінге келгендер. Әбу Бәкір пайғамбардың көкке көтерілгеніне шүбәсіз сенім білдірген, алғаш Куәлік берген. Пайғамбар оған ілтипат білдіріп;
— Ей, Әбу Бәкір, сен онсызда Сыддықсың. (турашыл шынайы) деп ат берген  һижрат серігі. Пайғамбарымыз ол туралы;
— Ей, Аллам, қиямет күнінде Әбу Бәкірдің дәрежесін менімен бірдей қыл, — деп дұға еткен. Пайғамбарымыз өзі қатты ауырғанда намазға иман болуды тапсырды. Бұл өзінен кейін халифа болуға берілген ишарат еді. Халифа кезінде «Халифатуллах» атағын алмай Халифату Расулиллаһ атын ғана жөн көрген. Хижраның он үшінші жылы 63 жасында дүниеден озды. Екі жылдан артық халифа болды.
2. Хазірет Омар әл Фаруқ Хижреттен 47 жыл бұрын, Піл оқиғасынан он үш жыл кейін дүниеге келді. Өмірінің 35 жылын жәһилия қараңғылығында өткізсе, қалған 30 жылын мұсылман болып өткізді. Әл Фарух – ақиқат пен жалғанның аражігін ажыратушы есімімен аталды. Омар Фарух мұсылмандарды он жыл басқарды. Мұсылманша жыл санауды бастатты.
3. Хазірет Осман Зун-нурәйн, Хижреттен 47 жыл бұрын дүнеге келген, Пайғамбарымыздан алты жас кіші. Пайғамбарымыздың екі қызына үйленген. Осман Зун нұрайын (қос нұрдың иесі). 644 жылы халифа болып тағайындалды. Құранның нұсқасы жетеу болып Османның кезінде көбейтілді.
4. Хазірет Әли әл Муртада, Хижрадан 20 жыл бұрын дүниеге келген, Пайғамбарымыздың ағасы Әбу Тәліптің шаңырағындағы кенже ұл. Ол төрт ұл мен тоғыз қыздың әкесі. Пайғамбарымыздың қызы Фатиманың жары. Фатима анамыздың көзі тірісінде ешкімге үйленбеген, Мүміндердің әміршісі, Аллаһтың арыстаны, ғылым  қаласының қақпасы, ашық құран. Хижраның қырқыншы жылы 63 жасында өмірден өтті.
Алла Тағалам жанына қосқан осы төрт сахабасын пайғамбарымыз олардың асыл қасиетіне орай адам ретінде батыр, Құдайдың сүйіктісі ретінде оларды дін таратушы тұлға, қорған ретінде қабыл алған. Олардың мінездері мен сұлулықтары, олардың бойындағы рахымдылығы мен кеңдігі, сабырлығы мен сенімділігі, күллі адам баласы, күллі мұсылман мойындаған, ашылмаған асыл қасиетті Құдай оларға ашты.
Неге көкте олар туралы айтады. Неге «төрт сахаба ғана», — дейді Аллам. Неге төрттің айналасындағы сансыз сахабалар, — демейді. Оларды Құдай құлдарым деп бөліп тұрса, «құлым, пайғамбардың жанынына қосқан төрт сахаба да, Жаннаттың жолында», — деп ескертіп тұрса, олар Жаннатта деген сөзі Құдайдың. Жаннатқа олар қалай барды, оңай барды ма? Жеңіл ұшып барды ма? Олар бүгінге дейін де, сол Жаннаттың рахатын көріп жатса, артындағы ұрпақтары ше? — деген сұрақтар туындап жатады. Бірақта сол ұрпақтардың тілеуін соңғы пайғамбарымыз Меғражға барып сұрағаны Құранда айтылған.
Құран адамдарды тазалайды, аршиды, көз алдыңа дініңді қойып береді. Жолыңды ашып көрсетеді.  Құдайға  басыңды  идіреді,  намазыңды орындатып, садақаңды бергізеді. Құранның  нұры — Құдайдан, оның  бір  сүресінде; «Ей, адам баласы, мен саған Жаннаты бердім», — деген аят бар.  Төрт сахаба Алланың осы бір-ақ сөзінен Жаннатты қабыл алған. Өйткені осы сөз оларға да айтылған. «Мен саған Жаннаты бердім». Олар: «аламыз, сол жаққа барамыз», — деген емес, алғанын, баратынын, барғанда соны Құдай беретіндігін қабыл алды. Сондай адамдар адаса ма? Адаспайды. Ал енді осы мәселеде адасып жүргендер осыған сенбейді. «Бұл дүниеде қорлық көрсем, ана дүниеде жақсылық көрем», — дейді. Йә болмаса олар: «бұл дүниеде жақсылық көрсем ана дүниеде қажеті жоқ», — дейді.
Осы  орайда үлкен сахаба Сыддықтың қойған сұрағын еске алайықшы:
—Дінді қабал алғаннан кейін, өлім не үшін керек? Біздің сүйегіміз шіріп кетеді, — деп ата-бабаларымыз айтып жатыр ғой. Соны маған түсіндірші? Осы мәселеде Жаратқан Иемнен Он тоғызыншы сүреде мынадай жауап алынды: «Адам баласының сүйегі шіріп қалғанымен де, ол топырақтан жаратылғандықтан, топырағына кетеді. Рухы, жаны ары қарай мәңгілікке өтеді.Ондай болса өлім — сөйлеп жатқан сөздің арасындағы үтір сияқты”, — деп түсіндіреді.
— Осы сөз кішкене тежеледі де ары қарай жалғастырылады. Мына адам бүгінге дейін, жанымен, тәнімен, Алла берген денесімен өмір сүрді де, осы жерде қалды бүгінгі күні. Үтір қойылады да, ары қарай сөз жалғастырыла береді. Ондай болса ол мәңілікке өлген жоқ. Енді осы өмірмен Жаннаттан бас тартып дозақпен кірген адам, осылай өліп мына шетке өткенде дозаққа кете береді ме? Жоқ.
Жаратқан Ием ол адамға Құранда тағы да айтқан: «Мен сендердің арттарыңнан кітап ашып қойдым», — дейді «Иәсиин» дұғасында. Егер де сен туралы тағы да тірілерің сұрайтын болса, сондай жамандық істесе де, азғантай жақсылық істесе, сол жақсылығың сенің дінің үшін пайдасы болатын болса, Алла Тағала сені кешіреді», — дейді. Мәңгілік өмірде.
Осы әңгімені барлық адамға айта бермейміз. Ол құрмандық болуы мүмкін. Бірақ ілім алған адам ұғады.
Бірақ мұның атын «Тәуба», — дейді өлгенге дейін. Неге адам соңында өліп бара жатып, өлгенге дейін Құдай: «Тәубаға келмейсің бе?» — деуінің себебі, сол үтірге дейін тәуба деп қалса, сол тәубасы, сол тәуба деп айту ниеті де сол бала-шағасына дарып қалса солардың тәубе деп жалғасуы жүреді. Әлгі адамның сол сөзден дозақ отының жеті қазанынан сақталуы да әбден мүмкін деген сөз.
Ондай болса аруақ жоқ деп қалай айтамыз. Өзгелер қалай айтады? Әруақ  та біз сияқты ол да өмірден өткен адам. Оның да алдында, артында қалған жазуы бар. Алдындағы жазуы деген Алланың жазып қойған тағдыры болса, артында қалған деген сөз істеген қылықтары.
«Жаннаттың есігін Құдай жаппайды, оны адамның өзі жасайды», — деген сөз. Ол тек қана күналықтан да жабылмауы мүмкін. Бұл сөзбен  ысырып уақытпен де денені қинауға болмайтындығын айтып жатырмыз.
Жаратқан Иеме денеңіз де, өзіңіз де, таза келгеніңіз  жөн.  Жоғарыдан болған ескерту қашан да жаныңызға керек дүние. Аллам қасиетті Құранның ішінде күллі қанша пайғамбарлардың тағдырын айтады, сол сияқты сахабалардың да тіршіліктері құранға сүре болып енген. Алланың әмірімен пайғамбардың ізбасары болған төрт сахабаның тірлігі Исламға сіңірген еңбектерімен ерекшеленеді.
Ассаламу уа алейкум.

Бақтыбай АЙНАБЕКОВ,
 ілімгер-жазушы

(12)