mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Экс-президент Ли Мен Бакке айып тағылды

zerkalo.az сайты: “Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ли Мён Бакке жемқорлықпен айналысты деген айып тағылды. Жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталған Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті сот алдында жауап береді»,— деп хабарлайды.  Тұтқындалғаннан кейін екі апта өткен соң прокуратура 76 жастағы саясаткерге 16 тармақ бойынша айып тақты.

Ол 2008-2013 жылдар аралығында мемлекет басшысы қызметін атқарған кезінде миллиондаған пара алу, салық төлеуден жалтару, қызметтік бабын асыра пайдалану және бірқатар маңызды құжаттардың көзін жою бойынша айыпталды. Еске салсақ, бұған дейін Пак Кын Хе де дәл осындай айыппен жауапқа тартылып, бас бостандығынан айырылған еді.

Одан кейін прокурорлар Ли Мён Бактың ісіне кірісті. Қазір ол қамауда отыр, бірақ кінәсін мойындаудан бас тартты. Ал, біздің елде бәрі керісінше. Өйткені, Қазақстанда құзырлы биліктен кеткендерді былай қойып, лауазымды қызметте отырып ұсталғандардың өзі жауапқа тартылмай, болмаса ұрлап-жырлаған қаражатының бір бөлігін ел бюджетіне қайтып беру арқылы қылмыстық жазадан құтылып кетіп жатады. Содан да: «Мұндай әділетсіз заңның елге тигізер пайдасынан гөрі залалы басым»,— демеске амал жоқ.

(18)