mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

 Девальвация болмаса, бұл не?

Доллардың қымбаттауына қатысты пікір білдірген ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов: «Доллар бағамының қымбаттауы сыртқы жағдайларға тікелей байланысты орын алып отыр.

АҚШ-тың Ресей Федерациясына қарсы санкцияларынан кейінгі алғашқы күні осылай болуы заңды құбылыс. Жағдайдың ары қарай не болатынын білу үшін, бізге кем дегенде 2-3 күн күте тұруға тура келеді. Егер рубль құнсызданатын болса, ол сөзсіз бізге де әсер етпек.

Бұл ретте бізге Ұлттық банкпен бірлесе жұмыс жасауға тура келеді. Сондай-ақ, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың жетекшілігімен экономикалық саясат бойынша кеңестің отырысы өтеді. Онда да осы мәселе қарастырылмақ. Ал, доллар бағамының қазіргі қымбаттауы — девальвация емес, соған сәйкес ұлттық валюта — теңге де құнсызданбайды»,— деп түсіндірді. Қазақстандық биржадағы күнделікті сауда-саттық барысында теңгенің күрт құлдырауынан кейін доллар 335 теңгеге дейін көтеріліп кетті. Kurs.kz-тің мәліметінше, АҚШ долларын сату 333-335 теңге, ал сатып алу 329-331 теңге аралағында жүріп жатыр.

(15)