mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

  Ақтөбеде 5 мыңнан астам студент жұмыспен қамтылмақ

Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова: «Ақтөбе қаласында 1669 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Облыс аудандарында да осындай жұмыстар жүргізілетін болады.

Ол жерде 16-дан 29 жас аралығындағы 3800-ден астам адам құрылыс жасақтарына орналаса алады. Олар жұмысқа көгалдандыру, көркейту және құрылыс сияқты үш бағыт бойынша тартылады. Мамырда 915 адамды құрылыс және басқару компанияларына жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз. Жасақтар жыл бойына жұмыс істейтін болады»,— десе,  Табиғи ресурстар және табиғатты қорғауды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Асхат Кубенов әріптесінің сөзін: «Көгалдандыру жөніндегі жұмыстарға 770 адам тартылады.

Осы мақсаттарға қосымша 11 миллионнан астам теңге бөлінді. Жалақы көлемі 50-55 мың теңге құрайды. Бірінші кезекте тұрғындардың әлеуметтік осал топтарының, аз қамтылған отбасылар балаларын жұмысқа орналастыру жоспарланған. Тізімді жастар ресурстық орталықтары арқылы жасайтын боламыз»,— деп толықтырды.

 

(14)