mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

 Қытай: Ким Чен Ын мен Си Цзиньпин Бейжіңде кездесті

Риа Новости: «КХДР басшысы Ким Чен Ын мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде кездесіп, екіжақты келіссөз жүргізді.

Кездесуде КХДР басшысы Ким Чен Ын: «Қытай халқы Си Цзиньпинді басшылықтың негізі ретінде қолдайды, сондықтан ол ҚХР және Орталық әскери кеңес төрағасы болып қайта сайланды. КХДР және ҚХР арасындағы достық дәстүрге сәйкес, Си Цзиньпинді жеке құттықтауды өз міндетім деп санаймын»,— дей келе, өзінің Оңтүстік Кореямен екі ел арасындағы шиеленісті реттеу және ынтымақтастыққа қатысты барлық байланысты тоқтатып, қос елдің саммитін өткізуге қарсы екендігін жеткізді. Бұдан әрі ол: «КХДР АҚШ-пен диалог құрып, екі елдің саммитін өткізуге дайын»,— деп қосып қойды.

(9)