mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Түрікменстан: Халық жүгері нанымен күнелтіп отыр

Азаттық радиосы: «Түрікменстанда ұн тапшылығына байланысты халық ақ жүгері нанымен күнелтіп отыр. Абырой болғанда, жүгері бітік шықты. Бидай ұнын таппағандар жүгері ұнынан нан жауып жейді.

Дашоғыз тұрғындары бұған дейінгі аштық жылдары да жүгерімен күнелткен. Жаңа піскен мұндай нанның дәмі жаман емес. Бірақ келесі күні ол қатып қалады, сындыру қиынға түседі. Сол себепті әйелдер жүгеріден нанды күнде пісіреді. Қазір жүгері бағасы да өскен.

Оның бір келісі бес манатқа ​(1 доллар шамамен 3,5 манат) дейін барады. Соған байланысты, кейбір отбасы мұндай нанға да жете алмай отыр. Бұған дейін Түрікменстан тұрғындары кебекке көшкені туралы хабарланған. Қазіргі таңда Мары және Дашоғыз уәлаяттарында Қазақстанда шығарылған ұнның 50 келілік бір қабы 180-190 (16-17 мың теңге) манат тұрады.

Бірақ аймақ тұрғындары мұндай бағаға ұн сатып ала алмайды. Түрікменстан билігі елдегі азық-түлік дағдарысын ресми түрде мойындамай отыр. Сарапшылар қазіргі тапшылықты табиғи ресурстарға бай Түрікменстан тарихында соңғы 25 жылда болмаған экономикалық дағдарысқа жатқызады»,— деп хабарлайды.

(15)