mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ресей халқы аза тұтуда

«Риа Новости»: «28-і наурыз күні Ресейде жалпы ұлттық деңгейде Кемеровода қаза тапқан тұрғындарды 3 күн бойы аза тұту шарасы басталды.

Ресей қалаларында үлкен алаңдарда гүл шоқтары қойылып, май шамдар жағылуда. 12 мың ресейлік бір уақытта алаңға жиналып, қаза тапқандарға дұға оқыды. Азалы күні Ресейдің барлық аумағында тулар түсіріліп, телеарналар мен радиолар жарнамадан бас тартты. Сондай-ақ ойын-сауық бағдарламаларының да көрсетілім тоқтатылады.

Айта кетсек, Кемероводағы сауда үйінде орын алағн қайғылы оқиға 64 адамның өмірін жалмаған болатын-ды. Олардың арасында 41-і кішкентай балалар бар. Сондай-ақ, соңғы деректерге қарағанда,  жүзден аса адам қаза тапқан»,— деп хабарлайды. Бұл қайғыға Қазақстан халқы да үн қосып, өздерінің Ресей халқымен бірге екендіктерін жеткізіп жатыр.

(15)