mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Facebook компаниясына қарсы тергеу басталды

korrespondent.net сайты: «АҚШ-тың федералды сауда комиссиясы әлеуметтік желі жетекшілерінің қолданушылардың жеке ақпаратын қорғауды қалай ұйымдастыратынын тексермек. Аталған комиссиясы Facebook компаниясына қарсы тергеуді әлеуметтік желі қолданушыларының жеке мәліметтері жария болды деген ақпараттан соң бастады»,— деп хабарлайды.  

Бұдан бұрын Еуропалық сот әділдігі жөніндегі комиссар Вера Юрова Facebook әлеуметтік желісіне қатысты «қатаң шараларды» жариялаған болатын. Facebook компаниясы Cambridge Analytica британ аналитикалық фирмасы саясаткерлерге сайлауда жеңуге көмектесу үшін Facebook компаниясынан алынған үлкен көлемдегі деректерді теріс пайдаланғандығы анықталған соң сынға ұшырады, яғни АҚШ президенті Дональд Трамптың және Brexit-кампаниясының сайлау науқанына қатысты. Еуропа парламенті басшылығы Цукербергті жеке деректерді теріс пайдаланғандығына байланысты шыққан дауға қатысты түсінік беруге шақырды. Сондай-ақ, АҚШ-та Цукербергтің Конгресс алдында жауап бергенін қалайды.

(7)