mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қазақстан Вашингтон сотының үкімімен келіспейді

ҚР Әділет министрілігі сайты жариялаған хабарламада: «2018 жылғы 23 наурызда АҚШ-тың Вашингтон Округтік соты Статидің Төрелік шешімді мәжбүрлі түрде орындау туралы өтініші бойынша шешім шығарды. Қазақстан Республикасы округтік соттың шешімін құрметтейді, алайда Шетелдiк төрелiк шешiмдерiн тану және iске асыру туралы Нью-Йорк конвенциясына сәйкес республикаға өзін қорғау шегіне барлық дәлелдерді ұсыну мүмкіндігін беруден бас тарту бөлігінде, сонымен қатар Төрелік шешімді тану бөлігінде онымен келіспейді.

Қазақстан Республикасының мәлімдеуінше, Төрелік шешім кең ауқымды алаяқтық тәсілі арқылы алынған. Мұндай алаяқтық Төрелік шешімнің АҚШ-тың аумағында танылуына жол бермейді. Ұлыбританиядағы ұқсас сот процесінде Англияның Жоғары соты кеңінен дәлелдер ұсынылғаннан кейін Статидің тарапынан орын алған алаяқтық туралы айтарлықтай сенерлік дәлелдемелердің бар екендігін мойындап, осы мәселе бойынша бөлек сот талқылауын тағайындады. Өкінішке орай, АҚШ округтік соты Қазақстан Республикасына өзін қорғау үшін алаяқтық туралы аталған дәлелдемені ұсынуына мүмкіндік бермеді.

Қазақстан Республикасы бұл шешімге шағым білдіріп, өзінің заңды құқықтарын қорғамақшы. Алаяқтық фактілеріне орай, Қазақстан Республикасы Вашингтонның округтік сотында талапкерлерге қарсы АҚШ-тың Ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заңына сәйкес бөлек сот процесіне бастама жасады. Қазіргі уақытта сот процесі жалғасуда.

Қарастырылып отырған шешімнің бүгінде тек Вашингтонның аумағында күші бар екенін атап өткен жөн. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы мүлкі есебінен өндіріп алу үшін АҚШ-тың Мемлекеттердің иммунитеті туралы заңына сәйкес, Стати белгілі бір мүліктің егеменді иммунитетке ие емес екенін дәлелдеуі тиіс»,— делінген. Сірә, «халықаралық жандарм» атанған АҚШ өзінің осы атауын дәлелдеуге бар күш-жігерін салып жатқан сияқты. Бірақ, бұған басқа елдер көне қояр ма екен?

 

(12)