mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

ҚазАгро жекешелендірілсе, фермерлер жерсіз қалмай ма?

ҚР Парламент Мәжілісінің кезекті отырысында жекешелендіру мәселесі қаралды. Осы орайда депутаттар «ҚазАгро» xолдингін жеке меншікке сатуға қатысты алаңдаушылық білдірген депутаттардың бірі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Теміржанов: Бүгінде фермерлер «ҚазАгродан» несие алған кезде ауыл шаруашылығы жерлерін кепілдікке салып отырады. Қазірдің өзінде «ҚазАгроның» кепілдігінде 1,2 млн гектардан астам жер бар. Ал ұйымның жалпы портфелі 237 млрд теңгені құрап отыр. Кепілдікте тұрған меншіктің сомасы шамамен 130 млрд теңгені құрайды. ҚазАгро Ұлттық қорға 72,5 млрд теңге қарыз. Мұның барлығын қайтару қажет. Енді, жаңа инвестордың келуімен жер және тағы басқа кепілдікте тұрған меншікті соның қолына беріп қоямыз әрі ол инвестор шетелден келуі де мүмкін ғой. Жаңа инвестор қаржыландыру шарттарын өзгертуі әбден мүмкін. Ең бастысы, жағдай осмылай өрбісе, фермерлер жерсіз қалып қоймай ма?»— деген сауалды алға тартты. Бұған  «ҚазАгро» ұлттық басқарушы xолдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов: «Қаржы ұйымының қызметі де, талаптары да қала береді. Бұл — жекешелендірудің басты шарты. Ал ақшаны қайтару мәселесіне келсек, жаңа инвестор ауыл шаруашылығы өнім өндірушілеріне берілген несиені бірден қайтаруды талап етпейді. Олар қаржыны бекітілген кесте бойынша төлеп отырады. Сондықтан алаңдаудың қажеті жоқ. Иә, жердің біраз бөлігі кепілдікте тұр. Дегенмен, ол жерлерді пайдалану құқығы тек фермерлерге ғана тиесілі. Олар өз міндеттерін дұрыс атқарып, ақшаны уақытында төлеп тұрса, жерді пайдалану құқығын ешкім бұза алмайды», — деп, депутаттарды басып қойды.  Отырыс барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін жекешелендіру шараларын түсіндірді. Министр аталған шарадан кейінгі өзгерістер мен инвесторға қойылатын негізгі талаптарды да жариялады.

(2)