«Қоғамдық бақылау картасы» жобасы Атырауда да  іске қосылды

 

Медицина қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының нормаларымен және қоғамдық бақылау картасымен танысты.

Осы бағытта Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросының қызметкерлеріне дәріс өткізілді. Дәріс  барысына мекеме қызметкерлері мен басшылары қатысып,  құқықтық сауаттылықтарын арттырды.

Шарада спикер, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілі Динара Нұрланқызы сөз сөйледі.

Спикер өз сөзінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық аумағында «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы іске қосылып, жүзеге асырылып жатқандығын және Аталған жобаның мәні мен тұжырымдамасы мейлінше қарапайым екенін айтты. «Мысалы, егер ауылдық аймақта сапасыз жол жөндеу жүзеге асып жатса немесе су құбыры жұмыс істемеген жағдайда, өзге де өзекті мәселелерде әр адам Агенттікке ақпарат, сурет, бейнероликті шұғыл жібере алады және аталған мәлімет жедел қаралатын болады»  –  деп мысал келтірді.

Сонымен қоса, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойыншада  түсініктемелер берілді.

Шараға қатысушылар  тақырыпқа белсенді араласып, өз ойларымен бөлісті.

 

                                                                      ҚР МҚІЖСЖҚІҚА Атырау облысы

                                                                      бойынша департаментінің

                                                                      баспасөз қызметі.

(43)