Азия додасынан 17 медальмен оралдық!

Бішкек қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 2018 жылғы Азия чемпионаты болып өтті. Онда Қазақстан құрамасы жалпы 17 медаль жеңіп алды. Ел спортшылары құрама қоржынына барлығы 17 медаль салды, оның 4-уі — алтын, 2-уі — күміс және 11-і — қола медаль. Одан да нақтылай түссек, 2 алтын, 1 күміс пен 4 қоланы грек-рим спортшылары жеңіп алса, 2 алтын, 1 күміс пен 4 қоланы еркін күресшілер еншіледі. Әйелдер командасы 3 қола медальді жеңіп алды. Медаль алғандар — Алмат Кебіспаев, Асхат Ділмұхамедов, Дәулет Ниязбеков және Нұрислам Санаев. Аталған Азия біріншілігі Бішкек қаласында 27 ақпан — 4 наурыз күндері аралығында өтті.

Ермек Сахариев

(7)