Әлем чемпионы жүлделі орынмен елге оралды

Украина елінің Одесса облысында өткен киокушинкай-каратеден әлем чемпионы, жоғары деңгейдегі жаттықтырушы,  Атырау облысы ҚХА Жастар қанатының төрағасы Котов Андрейдің елге оралуына байланысты қарсы алу салтанаты өтті.

Чемпионды қарсы алуға Атырау облысы ҚХА жастар қанатының мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің  қызметкерлері, туған туыстары, спортшылар мен достары, жас-буын каратэшілер тобы және «Қазақстан-Атырау» Ұлттық арнасының түсірілім тобы жиналды.

Қазақстан  құрамасының  құрамында өнер көрсеткен Андрей Котов өңір басшысы Нұрлан Ноғаевқа спортшыларымызға қолдау және көмек көрсетіп отырғаны үшін шынайы алғысын айтып, барша қарсы алушыларға өзінің қуанышты ризашылығын білдірді.

Бүгінгі күні оның қоржынында 24 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль,  19 кубок бар. Ол алты дүркін Қазақстан чемпионы, Еуропа чемпионы, әлем чемпионы, ТМД чемпионы, кубок  «Каспий» чемпионы, әртүрлі республикалық және халықаралық турнирлер болса, ал енді міне ол әлем чемпионы.

Отанын қорғаған, намысын бермеген Атыраулық азаматтың  Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрінің қолынан алған Алғыс хатымен қоса Әлем чемпионы атты қос бірдей жүлделі қуанышымен тағы бір мәрте құттықтап, өзін  мақтан тұтамыз. Осы рухыңмен болашақта  талай-талай белестерді  бағындыра бер демекшіміз!

Әлем чемпионатында киокушинкай-каратеден қазақстандық спортшылар 12 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, оралды.

                                                                       Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

 

(18)