Жетігеннің жеті ішегінен шертілген күй…

Көктемнің алғашқы жайма шуақ күніХалықаралық байқаулардың лауреаты, жетігенші, домбырашы«Алатау» дәстүрлі өнер театры» өнер ордасыныңөнерпазы Асылай Апенованың «Аққу» атты жеке шығармашылық кеші өтті.Дәстүрліөнердің мерейін асырған кеште «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Берік Жүсіпов сөз сөйлеп, кеш иесіне өнерде өрлей беруін тіледі.

Асылайдың орындауындағы Н. Тілендиевтің «Аққу», Ықыластың «Жезкиік», Д. Нүрпейісованың «Науысқы», Құрманғазының «Жима» күйлері жетігеннің жеті ішегінен шебер шертіліп, жиылған жұртшылықтың жүрек қылын тербеп, жанын тебірентті.

Кеш барысындакөне аспап жетіген келешек жас буынмен жалғасса екен деген үмітпен отырдық. Концертте «Еркеназ» жетігеншілер ансамблі халық әндерінен папури орындаса,«Аманат» өнер орталығының шәкірттері Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйін шертті. Ал Асылай болса осы «Аманатта» ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеуде. Аға буынның ізімен келе жатқан жас жеткіншектер ұлттық аспаптынақышына келтіре орындап, «Алатау» театрынсиқырлы сазға бөледі.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстазы, сыбызғышы,Асылайдың өнер жолындағы тәлімгері Талғат Мұқышев «Сыбызғы сазы» әуенін тарту етті. Т. Мұқышев орындаған сыбызғы әуендеріндегі  халық әні«Гүлдариға» мен ҚР Мәдениет қайраткері Нұржан Жанпейісовтің домбырамен орындауындағы «Қаракөз»,«Баянауыл» әндерін көпшілік көрермен қосыла шырқап отырды.

Концерттің бір ерекшелігі деп  жетіген мен гитараны үндестіре отырып«Романс», «River flows in you»әуендерінің шертілуін айтуға болады.

Осы кеште өнер көрсеткен этно-фольклорлық «Бабалар сазы» ансамблі, «Алдаспан» этно-рок тобы өн бойына даланың рухын сыйғызған халық күйлеріне жаңа леп, өзгеше музыкалық өрнек беруі арқылы көрермендерді тәнті етті.

 

Назгүл Нұрсағат

                                                                                           редактор

 

(107)