mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Палаталардың бірлескен отырысында Елбасы не деді?

Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы халықтың хал-ахуалын көтеру мен әлеуметтік мәселелерді оң  шешуге қатысты бірқатар өзекті мәселелерге арнайы тоқталды. Соған орай ол жауыпты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Елімізде пәтер мәселесі өзекті күйінде қалып отырғанын хабарлаған Қазақстан президенті: «Бірінші бастама. Бұл – әрбір отбасыға үй алуға жағдай жасау. Біз соңғы жылдары азаматтарымыздың үй алу мүмкіндігін кеңейту үшін көп жұмыс істедік.

Өткен жылы ауданы 11,2 млн шаршы метр болатын тұрғын үй салынды. Бұл — бұрын болмаған рекордтық көрсеткіш. Алайда бұл атқарылған жұмыстар жеткіліксіз. Әлі күнге дейін көптеген отбасыда өзінің үйі жоқ. Бұл әлеуметтік маңызы бар проблеманың бірі. Біз ипотекаға қолжетімділікті арттырып, осы мәселені шешу үшін барлық жағдайды жасау керек. Бізде әрбір жұмыс істейтін қазақстандықтың пәтер алуына тиісті жағдай жасалатын болады. Ол үшін арнайы бағдарлама іске қосылады. Әрбір жұмыс істеуші азамат пәтер сатып алу үшін тиісті тетіктерді қарастыруымыз керек.

Ол алған қарызын отбасылық бюджеттің мүмкіндігін қарастырып төлеп отыруы қажет. Сондықтан мен «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Яғни жұмыс істеп отырған қазақстандық ипотекаға үй алып, келесі талаптар бойынша үй алатын болады. Ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 14-16  емес, 7 пайызды құрайды. Егер қазіргі таңда банктер ипотекалық несиенің міндетті бастапқы жарнасына 30, кейде 50 пайыз талап етсе, енді міндетті алғашқы жарна 20 пайыздан аспауы керек. Ал ипотека 10-15 жылға емес, 25 жылға берілуі керек. Бұл азаматтар төлейтін ай сайынғы ақшаның мөлшерін азайтады.

Екінші бастама – салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 пайыз салық алуды ұсынамын. Бұл айына минималды есептік көрсеткіштің 25 есе көлемінде жалақы алатын азаматтарға қатысты қолданылатын болады. Мұндай төмендеу арқылы қаражаттың салықтан босатылуы олардың еңбек ақысы ұлғаюына бағытталуы керек», — дей келіп, жоғары білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеріп, бірқатар шартты атап өткен мемлекет басшысы: «Бүгінде ел ЖОО-ларында 530 мыңнан астам жастар оқиды, оның 30 пайыздан астамы мемлекеттік грант есебінен білім алады.

Білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін келесідей шараларды ұсынамын: 2018-2019 оқу жылдары жыл сайын берілетін 54 мың грантқа қосымша тағы 20 мың грант бөлетін боламыз. Оның 11 мыңы, егер одан да көп қажет болса, сұранысқа ие бакалавр бөліміне техникалық мамандықтарға бөлеміз. Бұл дегеніміз төртінші өнеркәсіптік революция шартында жаңа экономикаға қажетті мыңдаған мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. Ең бірінші инженерлерге, ақпараттық технология, робототехника және нанотехнология саласына көңіл бөлінеді. Бұл жастарға деген мемлекеттің жасап отырған қамқорлығы деп білемін»,— деді.

(59)