Ауырмайын десеңіз, шабдалы жеңіз!

Шабдалының отаны нақты белгісіз. Ұзақ жылдар бойы шабдалының отаны — Иран саналған. Бірақ жабайы түрі Қытайда табылғаннан кейін зерттеушілер шабдалының отаны — Қытай деген тұжырымға келген. Қазіргі кезде шабдалының 3000-ға жуық сұрыпы бар. Екі түрі бар: Біріншісінің — қабығы түкті, екіншісінікі — тегіс. Шабдалының жеміс беру кезеңі мамырдан қазанға дейін созылады.

Ерте пісетін сұрыптарына қарағанда, кеш пісетіндері хош иісті, дәмдірек және дәрумендері көп болады. Шабдалы 40-50 жылға дейін өмір сүреді, бірақ ауруға шалдыққыш болғандықтан көбінесе 15-30 жылға дейін өмір сүреді. Шабдалы — жарықсүйгіш өсімдік, көлеңкелі жерде жемістері кішірейіп, дәмсіз болады. Шабдалыны отырғызғаннан кейін 3-5 жылдан соң жеміс бере бастайды. Әр ағаш 30 кг-н 100 кг-ға дейін жеміс бере алады. Өнімді мол алу үшін жыл сайын бұтақтарын шарпып, сиретіп отыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

Шабдалы қантқа, органикалық қыш-қылдарға, ферменттерге, өзектерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В1, Р, РР дәрумендеріне, каротинге, флавоноидтарға, сонымен қатар минералды заттар мен микроэлементтерге бай. Әсіресе, Қырым шабдалысында В2, өзбек шабдалысында Е дәрумені көп болады. Фармацевтика саласында шабдалыны пектиндер мен эфир майын алу үшін қолданады. Шабдалыдан тосап, нәрсу, джем жасайды. Ал сүйектерінен «персико» деп аталатын ликер жасайды.

Пайдасы:
Шабдалы адамның жүрек бұлшық етін нығайтады,
Жүрек аритмиясынан арылуға көмектеседі,
Гастрит асқынғанда да ол асқазанды тыныштандырады,
Асқорытуды жақсартады, қан аздыққа пайдалы,
Иммундық жүйені нығайтады.

(17)