Қазақ еліндегі қарқынды дамып келе жатқан сала

Өткен аптада Елордамыздағы Орталық коммуникациялар қызметінде цифрлы әлемнің сырын меңгеріп, ел дамуына септігін тигізетін ілкімді істер туралы баспасөз мәслихаты өткен еді. Қазақстан экономикасының дамуына қосымша дем беретін, елімізде блокчейн технологиясы мен криптоиндустрияға жайлы орта жасап, оның қарқынды дамуына жағдай жасайтын жаңа жобаның іске қосылуы туралы айтылған жиналыс, түсінген жанға, жалаулатып жүрген көп науқаннан көш ілгері еді. Бұлай дейтініміз, аталмыш жоба- сандық технология саласындағы жаңалық болып табылады және Қазақстанда крипто-қоғамдастықтың өсуіне оң ықпал жасамақ.Іс шараға: «DIGITAL NETWORK» СТКА Президенті Олжас МУРТАЗИН, «DIGITAL NETWORK» СТКА инвестиция тарту департаментінің директоры Ерлан ШАЙХЫМБАЕВ, «DIGITAL NETWORK» СТКА қоғаммен байланыс департаментінің директоры Дамира ТЛЕУЛИЕВА, «DIGITAL NETWORK» СТКА сандық технологияларды әзірлеу, майнинг және даму департаментінің директоры Әділбек ШУНГУЛОВ, “Нұр Отан” партиясының “Жас Отан” ЖҚ хатшысы Дəулет КƏРІБЕК қатысты. Өздерінің атқарып жатқан жұмыстары жане алдағы жоспарларымен көпшілікті құлағдар еткен жігіттердің сөзіне қарағанда, алдағы уақытта еліміздегі бизнес пен қызмет көрсету саласындағы өзгерістер мен жаңалықтар молаятын түрі бар.

«Digital Network» қауымдастығы жетекші ұйымдарды біріктіре отыра, адамдардың күнделікті өмірінде сандық технологияларды енгізу арқылы оң нәтижеге жетуді көздейді. Адамдар жаңа технологияларды игеріп, өзгеруі үшін соған лайықты жағдай жасау керек, яғни, инновациялық білім берудің рөлін арттырып, қазіргі заманғы оқыту әдістерін құру қажет. Сандық Қазақстан дегеніміз не? Бұл адамдардың смартфон, компьютер, интернет арқылы өздеріне максималды пайда түсіруді үйренуі. Біз дәл сондай бағдарламамыз. Мемлекет маған не береді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Бәріміз де белсенді болуымыз керек. Бұл бағдарлама тікелей Қазақстан Республикасының әрбір азаматына қатысты. Сондықтан, біз баршаңызды «Digital Network» қауымдастығының ту астында бірігуге шақырамыз»- дейді компания жетекшілері. Олара алдағы уақытта, яғни 2018 жылдың ішінде алғашқы отандық криптобиржаның, тұңғыш заңды крипто-айырбастау орталығының ашылуын және инвестиция тарту мақсатында кіші, орта, ірі бизнеске бірнеше ІСО өткізуді жоспарлап отыр екен. Сонымен қатар, Ұлттық компаниялар тарапынан блокчейн технологиясын енгізуде серіктестік күтілуде. Ал білім саласында Атамекен ҰКП бірлесе отырып, криптоиндустрияға қатысты кәсіпкерлерге білім беруді күшейтуді көздейді.Крипто-айырбастау орталығы мен биржа сұрақтары бойынша Ұлттық Банк төрағасы Д.Ақышев мырзамен кездесу жоспарланған. Нақты жоспарлар тізімі бекітілген. Криптоиндустриядағы салық мәселесі бойынша Қаржы министрі Б.Сұлтанов мырзамен, бизнесте ІСО өткізу мәселелері бойынша Атамекен ҰКП басқарма төрағасы Т.Құлыбаев мырзамен кездесулер жоспарланған. Сондай-ақ, саладағы алаяқтық құрылымдарды, талай елді тақырға отырғызып жүрген қаржы пирамидаларының қызметін анықтауға үлес косып, мемлекеттік органдармен бірлесе отырып заңнамалық базаны дайындауға атсалысу қарастырылған.

«Қазақстан экономикасында жаңа қызметтердің пайда болуы әлемдік қауымдастық үшін де жетістік болмақ. Бүгінгі таңда блокчейн технологиясынжасаудағы үздік германиялық Crypviser компаниясының стратегиялық серіктесі Blockchain Consulting Group бізбен жұмыс істеуде. Қазіргі таңда бұл компаниялар өз қызметтерін Ұлттық компанияларға, ҚР Инновациялық даму министрлігіне, Самрұқ Қазына, Байтерек, СберБанк тағы сол сияқты алып мекемелерге сандық, өндірістік, қаржылық процесстерге блокчейн технологияысын енгізу бюойынша өз қызметтерін ұсынып отыр. Өз кезегінде блокчейн технологиясы кәсіпорын шығынын 50 ден 80 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал Crowdsale Network адам өміріне сапалы әсер ете аталын, әлеуметтік маңызды жобаларды үнемі қолдап, іске асуына атсалысып отырады.Жуырда Crowdsale Network платформасының VQ Education халықаралық виртуалды білім беру платформасы іске қосылады. Мақсаты – білімді қолжетімді және пайдалы ету. Еліміздегі жұмысқа қабілетті бөлігінің 30% қаржылық сауатын жетілдіріп, өз активтерін басқаруды, ақшадан ақша жасауды үйренген кезде олар өздері жаңа зауыттар мен өндірістерді іске қосып, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына ықпал жасайды.Осылайша қоғамда мыңдаған іскер азаматтар пайда болып, ел игілігіне жұмыс істейтін болады»- дейді жоба жетекшілері.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында «DIGITAL NETWORK сандық технологиялар мен криптоиндустрия ассоциациясының» 2018 жылға жоспары» атты бұл бас қосу БАҚ- өкілдерін, жаңа технологияларды енгізу мен дамыту жағындағы атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде біра мағлұматтармен таныстрды. Елбасының алға қойып отырған маңызды тапсырмаларының бірі, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы ел дамуына серпін беретін аса маңызды стратегиялық жоба. Президенттің «Қазақ­стан­ның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақ­стан халқына Жолдауында «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құры­ла­тын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс­піз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді бан­кинг, цифрлы қызмет көрсету секіл­ді денсаулық сақтау, білім беру ісін­де қол­данылатын және басқа да перспек­тивалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», деп нақты көрсеткен еді. Елбасы жолдауында көрсеткеннен бұрын да, қазірге дейін де бұл саланы назардан тыс қалдырған жоқ. Қазірдің өзінде электронды үкімет, электронды сауда, интерактивті жарнама қызметтері қарқын алып келе жатыр. Бұған еліміз нарығында жұмыс істеп жатқан еекінші деңгейлі банктердің мобилды банк жүйесін ресми түрде іске қосып, оны тұтынушылардың тиімді пайдаланып келе жатқандығын қосыңыз. Бұл дәуір ағымына ілесіп алға басып келе жатқан жас мемлекетіміздің әлем алдындағы жетістігі десек қателеспейміз. Ал осы үрдіске ілесе алу-алмаусіздермен біздерге сын болмақ.

 

(21)